Қандастар Ассамблея

Ғалымжан Майқанов, ауған соғысының ардагері: «Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу – басты ма

22.04.2013 2852
Биыл тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет 7 мамырда Отан қорғаушылар күнін мемлекеттік деңгейде атап өткелі жатыр. «Тойдың болатынынан боладысы қызық» демекші, мерекеге дайындық та еліміздің барлық өңірінде өте жоғары деңгейде өтуде. Мерекелік парадты айтпағанда, мектептер мен жоғарғы оқу орындарында патриоттық сабақтар, әскери тақырыптағы жиындар, спорттық жарыстар да өтеді деп жоспарланған. Тіпті, аталған шаралардың алды басталып та кетті. ОҚО бойынша Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағының төрағасы Ғалымжан Майқановтың айтуынша, жастар арасында патриоттыққа баулу шараларын өткізу – ардагерлердің басты мақсаты екен. «Бұл әрине, орынды бастама! Біріншіден, аталған мереке – Қазақстан әскерінің расында да жетілгендігін, үлкен бір күшке айналғандығының айғағы болса, екіншіден – бұл күн барлық соғыс ардагерлерінің, қатардағы жауынгерлердің және әскери салаға қатысы бар азаматтардың төл мерекесі. Оңтүстікқазақстандық Ауған соғысының ардагерлері үшін бұл мереке үлкен мәртебе болды десем артық айтпағандығым. Расында да, қазіргі таңда Қазақстанның қарулы күштері биік белестерге жетті. Әуеде болсын, жерде болсын заманауй қару-жарақпен, техникамен толықтай жабдықталған. Ал, ең бастысы – біздің елде бейбітшілік пен тыныштық орнап отыр. Мұны да ел әскерінің бір үлесі мен жетістігі деп айтуға болады. Жалпы, біздің одақ мүшелері негізінен жастармен көп жұмыс істейді. Мектептерге барып патриоттық дәрістер жүргіземіз, спорттық шаралардың өтуіне мұрындық болудамыз. Сонымен қатар, әскерге аттанғалы жатқан жастармен кездесіп, оларды рухани жігерлендіруді де өзімізге мақтас еттік. Оған қоса, әскери бөлімдерде борышын өтеп жүрген сарбаздарға барып тұрамыз, рухтандыру үшін» дейді Ауған соғысының ардагері. BAQ.KZ 22.04.2013, 09:32

Биыл тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет 7 мамырда Отан қорғаушылар күнін мемлекеттік деңгейде атап өткелі жатыр. «Тойдың болатынынан боладысы қызық» демекші, мерекеге дайындық та еліміздің барлық өңірінде өте жоғары деңгейде өтуде.
Мерекелік парадты айтпағанда, мектептер мен жоғарғы оқу орындарында патриоттық сабақтар, әскери тақырыптағы жиындар, спорттық жарыстар да өтеді деп жоспарланған. Тіпті, аталған шаралардың алды басталып та кетті. ОҚО бойынша Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағының төрағасы Ғалымжан Майқановтың айтуынша, жастар арасында патриоттыққа баулу шараларын өткізу – ардагерлердің басты мақсаты екен.
«Бұл әрине, орынды бастама! Біріншіден, аталған мереке – Қазақстан әскерінің расында да жетілгендігін, үлкен бір күшке айналғандығының айғағы болса, екіншіден – бұл күн барлық соғыс ардагерлерінің, қатардағы жауынгерлердің және әскери салаға қатысы бар азаматтардың төл мерекесі. Оңтүстікқазақстандық Ауған соғысының ардагерлері үшін бұл мереке үлкен мәртебе болды десем артық айтпағандығым.
Расында да, қазіргі таңда Қазақстанның қарулы күштері биік белестерге жетті. Әуеде болсын, жерде болсын заманауй қару-жарақпен, техникамен толықтай жабдықталған. Ал, ең бастысы – біздің елде бейбітшілік пен тыныштық орнап отыр. Мұны да ел әскерінің бір үлесі мен жетістігі деп айтуға болады.
Жалпы, біздің одақ мүшелері негізінен жастармен көп жұмыс істейді. Мектептерге барып патриоттық дәрістер жүргіземіз, спорттық шаралардың өтуіне мұрындық болудамыз. Сонымен қатар, әскерге аттанғалы жатқан жастармен кездесіп, оларды рухани жігерлендіруді де өзімізге мақтас еттік. Оған қоса, әскери бөлімдерде борышын өтеп жүрген сарбаздарға барып тұрамыз, рухтандыру үшін» дейді Ауған соғысының ардагері.

BAQ.KZ

22.04.2013, 09:32

Ұқсас материалдар