Қандастар Ассамблея

ЭКСПО нысандарының құрылысы 2014 жылы басталады – Т.Ермегияев

19.04.2013 2113
"Астана ЭКСПО - 2017" ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Талғат Ермегияев ortcom.kz сайтына берген сұхбатында 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық көрмеге дайындық бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. «Дайындық қызу жүріп жатыр. Ең бірінші – бұл жерді рәсімдеу мен барлық мәліметтерді халықаралық көрме бюросына ұсыну, екінші – бұл біздің негізгі мақсатымыз – тіркеу досьесін қорғау,бұл біз атқаратын жұмыстың негізгі қағидасы. Осылар арқылы халықаралық көрме бюросының алдында есеп беруіміз қажет», - деді Т.Ермегияев. Оның сөзіне қарағанда, жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы бірінші есепті компания осы жылдың мамыр айында беруі қажет, ал тіркеу досьесін қорғау қазан айының соңына жоспарланған. «Біздің консультанттарымыз мастар-жоспардың үш нұсқасын дайындап қойды, бірақ әзірге бірінші нұсқаны басшылыққа алып отырмыз – бұл мұнайдың соңғы тамшысының бейнесі және біз қазір осы нұсқаны алып отырмыз, алайда ел Президенті бекіткеннен кейін қандай мастар-жоспар қолданылатынын нақты білетін боламыз», - деп атап өтті Т.Ермегияев. "Астана ЭКСПО - 2017" ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы қазір қолданылып жүрген қандай да бір ғимаратты бұзудан бас таруға және ЭКСПО шеңберінде салынатын нысандарды көрме аяқталғаннан кейін тиімді пайдалануға мүдделі екендіктерін жеткізді. «Құрылысқа келетін болсақ, бірінші кезекте қолымызда мастар-жоспар, сәулеттік-кескіндік жобалар, техникалық-экономикалық негіздеме, сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттар болуы керек. Уақытқа шаққанда, бұл жыл соңына дейін созылады. Тек келесі жылы ғана құрылыс нысандарын жобалауды бастаймыз. Бұны бірнеше кезеңге бөлуіміз де мүмкін, жұмыс құжаттарын құрылыстың белгілі бір кезеңіне арнап береміз, сөйтіп, 2014 жылғы сәуірдің соңы - мамыр айының басында құрылыс жұмыстарын бастаймыз деп ойлаймын»,-деп қорытындылады. www.bnews.kz

"Астана ЭКСПО - 2017" ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Талғат Ермегияев ortcom.kz сайтына берген сұхбатында 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық көрмеге дайындық бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты.
«Дайындық қызу жүріп жатыр. Ең бірінші – бұл жерді рәсімдеу мен барлық мәліметтерді халықаралық көрме бюросына ұсыну, екінші – бұл біздің негізгі мақсатымыз – тіркеу досьесін қорғау,бұл біз атқаратын жұмыстың негізгі қағидасы. Осылар арқылы халықаралық көрме бюросының алдында есеп беруіміз қажет», - деді Т.Ермегияев.
Оның сөзіне қарағанда, жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы бірінші есепті компания осы жылдың мамыр айында беруі қажет, ал тіркеу досьесін қорғау қазан айының соңына жоспарланған.
«Біздің консультанттарымыз мастар-жоспардың үш нұсқасын дайындап қойды, бірақ әзірге бірінші нұсқаны басшылыққа алып отырмыз – бұл мұнайдың соңғы тамшысының бейнесі және біз қазір осы нұсқаны алып отырмыз, алайда ел Президенті бекіткеннен кейін қандай мастар-жоспар қолданылатынын нақты білетін боламыз», - деп атап өтті Т.Ермегияев.
"Астана ЭКСПО - 2017" ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы қазір қолданылып жүрген қандай да бір ғимаратты бұзудан бас таруға және ЭКСПО шеңберінде салынатын нысандарды көрме аяқталғаннан кейін тиімді пайдалануға мүдделі екендіктерін жеткізді.
«Құрылысқа келетін болсақ, бірінші кезекте қолымызда мастар-жоспар, сәулеттік-кескіндік жобалар, техникалық-экономикалық негіздеме, сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттар болуы керек. Уақытқа шаққанда, бұл жыл соңына дейін созылады. Тек келесі жылы ғана құрылыс нысандарын жобалауды бастаймыз. Бұны бірнеше кезеңге бөлуіміз де мүмкін, жұмыс құжаттарын құрылыстың белгілі бір кезеңіне арнап береміз, сөйтіп, 2014 жылғы сәуірдің соңы - мамыр айының басында құрылыс жұмыстарын бастаймыз деп ойлаймын»,-деп қорытындылады.

www.bnews.kz

Ұқсас материалдар