Қандастар Ассамблея

Білім министрі «ЕХРО-2017» көрмесіне орай әзірленген инновациялық жобалармен танысты

19.04.2013 1987
ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов «ЕХРО-2017» көрмесіне орайластырып әзірленген инновациялық жобалармен танысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  Алматыда «Ғылым ордасы» ғимаратында ҚР БҒМ басшысы «жасыл» экономика саласындағы инновациялық жобалармен танысты. Оның құрастырушылары мен ғалымдар, бұл ғылыми туындыларды 2017 жылы өтетін ЕХРО көрмесіне ұсынуды көздеп отыр. Олардың арасында: С.Торайғыров атындағы ПМУ ұсынған баяу ағысты өзендерден қуат өндіретін су электр стансасының жобасы; Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ұсынған су-отын эмульсиясын алу жүйесі; күлмен тазалау әдісі арқылы жоғары сапалы металлургиялық кремний алу технологиясы және энергиялық тығыздығы жоғары төменгі температуралы нанокөлемді қаттықышқылды отын элементтерін алу технологиясы («Парасат» ФТИ» ҰҒТХ») және тағы басқалары бар. Ұсынылған инновациялық жобалардың басым көпшілігі «ЭКСПО-2017» көрмесінің басты тақырыбына айналған энергия үнемдеу саласына арналған. www.bnews.kz

ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов «ЕХРО-2017» көрмесіне орайластырып әзірленген инновациялық жобалармен танысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 
Алматыда «Ғылым ордасы» ғимаратында ҚР БҒМ басшысы «жасыл» экономика саласындағы инновациялық жобалармен танысты. Оның құрастырушылары мен ғалымдар, бұл ғылыми туындыларды 2017 жылы өтетін ЕХРО көрмесіне ұсынуды көздеп отыр.
Олардың арасында: С.Торайғыров атындағы ПМУ ұсынған баяу ағысты өзендерден қуат өндіретін су электр стансасының жобасы; Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ұсынған су-отын эмульсиясын алу жүйесі; күлмен тазалау әдісі арқылы жоғары сапалы металлургиялық кремний алу технологиясы және энергиялық тығыздығы жоғары төменгі температуралы нанокөлемді қаттықышқылды отын элементтерін алу технологиясы («Парасат» ФТИ» ҰҒТХ») және тағы басқалары бар.
Ұсынылған инновациялық жобалардың басым көпшілігі «ЭКСПО-2017» көрмесінің басты тақырыбына айналған энергия үнемдеу саласына арналған.

www.bnews.kz

Ұқсас материалдар