Қандастар Ассамблея

Д.Нөкетаева: Біздің ғалымдарымыз ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне елеулі үлес қоса алады

19.04.2013 2741
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Қыздар университеті – ғылым жолында» тақырыбында өткен семинар барысында оқу орнының ректоры Динар Нөкетаева университет ғалымдары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне елеулі үлес қоса алатындығын айтты, деп хабарлайды білім ошағының баспасөз қызметі.  «Қазіргі кезде университетіміз Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңында бекітілген ғылыми идеяларды коммерцияландыру және инновациялық зерттеу нәтижелерін іскерлік құрылымдар арқылы өндіріске енгізудің моделін жан-жақты қарастырып, алғашқы бастамаларын енгізіп отыр. Соның бірі халықаралық білім, ғылым кеңістігіне серпінді шоғырлану мақсатында осы оқу жылында «Инновациялық ғылыми-зерттеулер орталығы» құрылып, гуманитарлық-педагогикалық, ғылыми-жаратылыстану, технологиялық бағыттағы ғалымдарымыздың күш-жігерін, болашақ мамандарымызды білім-ғылым-инновация үштігіне негіздеуге бағыттады», - деді Д. Нөкетаева. Оның айтуынша, ғылым саласында аянбай еңбек етіп отырған орталық мамандары жұмысының алғашқы жемістері де баршылық. «Атап айтсақ, қазақ мектебін сапалы оқулықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қазына Аймағамбетова, филология ғылымдарының докторы, профессор Тынысбек Қоңыратбай сияқты ғалымдарымыздың еңбегі ерен. Педагогика ғылымдарының докторы, доцент Гүлнар Мұратбаева және «Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасы қызметкерлері «Мұғалім құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында халықаралық Темпус бағдарламасының мандатына ие болды. Мектепке дейінгі білім беруді зерттеу аясындағы профессор Қуанышкүл Меңдаяқованың еңбектері білім беру үдерісінде қолданысқа ие болып отыр», - деп атап өтті университет ректоры. 9 сәуір күні техника ғылымдарының докторы Әжмұқан Жамаловтың жетекшілігімен жасалған жоба мемлекеттік грант ұтып алған. «Автономды тұтынушылар үшін микрогидроэлектрстанциялар жасау» атты жоба 38 миллион теңге көлемінде мемлекеттік грантты ұтып алды. Бұл жоба осы бағыттағы екінші үздік жоба және елімізде өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің «Болашақ энергиясы» саласына біздің ғалымдарымыздың елеулі үлес қосатындығының дәлелі болып отыр», - деген пікірін білдірді ректор.   Айымгүл ӘБІЛЕВА BNews.kz

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Қыздар университеті – ғылым жолында» тақырыбында өткен семинар барысында оқу орнының ректоры Динар Нөкетаева университет ғалымдары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне елеулі үлес қоса алатындығын айтты, деп хабарлайды білім ошағының баспасөз қызметі. 
«Қазіргі кезде университетіміз Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңында бекітілген ғылыми идеяларды коммерцияландыру және инновациялық зерттеу нәтижелерін іскерлік құрылымдар арқылы өндіріске енгізудің моделін жан-жақты қарастырып, алғашқы бастамаларын енгізіп отыр. Соның бірі халықаралық білім, ғылым кеңістігіне серпінді шоғырлану мақсатында осы оқу жылында «Инновациялық ғылыми-зерттеулер орталығы» құрылып, гуманитарлық-педагогикалық, ғылыми-жаратылыстану, технологиялық бағыттағы ғалымдарымыздың күш-жігерін, болашақ мамандарымызды білім-ғылым-инновация үштігіне негіздеуге бағыттады», - деді Д. Нөкетаева.
Оның айтуынша, ғылым саласында аянбай еңбек етіп отырған орталық мамандары жұмысының алғашқы жемістері де баршылық.
«Атап айтсақ, қазақ мектебін сапалы оқулықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қазына Аймағамбетова, филология ғылымдарының докторы, профессор Тынысбек Қоңыратбай сияқты ғалымдарымыздың еңбегі ерен. Педагогика ғылымдарының докторы, доцент Гүлнар Мұратбаева және «Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасы қызметкерлері «Мұғалім құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында халықаралық Темпус бағдарламасының мандатына ие болды. Мектепке дейінгі білім беруді зерттеу аясындағы профессор Қуанышкүл Меңдаяқованың еңбектері білім беру үдерісінде қолданысқа ие болып отыр», - деп атап өтті университет ректоры.
9 сәуір күні техника ғылымдарының докторы Әжмұқан Жамаловтың жетекшілігімен жасалған жоба мемлекеттік грант ұтып алған.
«Автономды тұтынушылар үшін микрогидроэлектрстанциялар жасау» атты жоба 38 миллион теңге көлемінде мемлекеттік грантты ұтып алды. Бұл жоба осы бағыттағы екінші үздік жоба және елімізде өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің «Болашақ энергиясы» саласына біздің ғалымдарымыздың елеулі үлес қосатындығының дәлелі болып отыр», - деген пікірін білдірді ректор.

 

Айымгүл ӘБІЛЕВА

BNews.kz

Ұқсас материалдар