Обамаға жолданған хаттан у табылды

18.04.2013 1854
АҚШ-тың арнайы қызметі президент Барак Обамаға жолданған хаттардың бірін "күдікті" деп тапты. 17 сәуір күні федералдық тексеру бюросы  конверттен рицин уын тапқаны туралы ресми түрде жария етті, деп хабарлайды «Азаттық».  16 сәуірде Ақ Үйдің сыртындағы тексеру орнында конверттен құрамы түсініксіз зат табылған еді. Дәл сол күні сенаторлардың біріне жіберілген хаттан да рицин уының шыққандығы мәлімделген болатын. Арнайы қызмет өкілі Эдвин Донован Капитолийдің қауіпсіздік қызметімен және федералдық тексеру бюросымен хатты кім жібергенін табу үшін тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатқандарын айтты. Күдікті конверттер 15 сәуір күні Бостон марафоны кезінде болған жарылыстан соң табылып отыр. Ол жарылыс кезінде 3 адам өліп, 170-тен астам адам жараланды. 17 сәуір күні АҚШ-тың бірнеше телеарнасы Капитолийден күдікті сәлемдеме табылған соң ғимараттың кейбір бөлігінен адамдардың шұғыл түрде көшіріліп жатқаны туралы хабарлады.

АҚШ-тың арнайы қызметі президент Барак Обамаға жолданған хаттардың бірін "күдікті" деп тапты.

17 сәуір күні федералдық тексеру бюросы  конверттен рицин уын тапқаны туралы ресми түрде жария етті, деп хабарлайды «Азаттық». 

16 сәуірде Ақ Үйдің сыртындағы тексеру орнында конверттен құрамы түсініксіз зат табылған еді. Дәл сол күні сенаторлардың біріне жіберілген хаттан да рицин уының шыққандығы мәлімделген болатын.

Арнайы қызмет өкілі Эдвин Донован Капитолийдің қауіпсіздік қызметімен және федералдық тексеру бюросымен хатты кім жібергенін табу үшін тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатқандарын айтты. Күдікті конверттер 15 сәуір күні Бостон марафоны кезінде болған жарылыстан соң табылып отыр. Ол жарылыс кезінде 3 адам өліп, 170-тен астам адам жараланды.

17 сәуір күні АҚШ-тың бірнеше телеарнасы Капитолийден күдікті сәлемдеме табылған соң ғимараттың кейбір бөлігінен адамдардың шұғыл түрде көшіріліп жатқаны туралы хабарлады.

Ұқсас материалдар