Тұрғын үй жеделдетілген қарқынмен

18.04.2013 1786
Облыста соңғы екі-үш жыл тұрмаған, қалаға қайтып оралған адам көкпен таласқан кран мұнаралары орналасқан құрылыс алаңдарын көріп таң қаларлығы анық. Оларда таңнан ымырт үйірілгенге дейін қызу жұмыс жүріп жатыр. Қоршау ішіндегі нысанның кірпіштен қаланатын қабырғасының биіктей түсуі ұзақ үзілістен кейін өңірдің елді мекендерінде белсенді және жоспарлы құрылыс қарқын алып келе жатқанын айғақтайды. Қазір жаңа ғимараттардың пайдалануға берілуімен қатар, кезінде қажетті қаражаттың болмауы себепті аяқталмай қалған нысандар да іске қосылуда. Солтүстік Қазақстанның құрылыс кешені үшін екі мың бесінші жыл түбегейлі бетбұрыс кезеңі болды. Облыс басшылығы республика Президенті ұсынған жаңа тұрғын үй саясатының нәтижесінде ашылған мүмкіндіктерді шаруақорлық есеппен пайдалана білді. Екі мың бесінші жылдың бір желтоқсанында тұрғын үй құрылысының жылдық бағдарламасы толық орындалды. Жыл аяғына дейін 120,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, оның жартысы ауылдық жерлерде бой көтерді. Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына толық сәйкес сол жылы коммуналдық үйлерден басқа облыста ипотекалық кредиттеу бойынша екі жүз алпыс үш пәтер салынды. Олар осы заманғы үлгідегі және толық әрленген кірпіштен салынған үйлерде орналасқан. Кредит алуға тілек білдірген бес жүзден астам отбасының үш жүз жиырма бесі өздерінің төлем қабілеттіктерін растады және екі жүз алпыс үші ипотека бойынша жаңа пәтерлер алды. Екі мың алтыншы жылға да мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасын жүзеге асырудың жоғары үрдісі тән. Жүз елу мың мың шаршы метр тұрғын үй салу жөніндегі алға қойған міндет алдыңғы жылдағы көлемнен анағұрлым көп болды. Бір мезгілде қалалар мен ауылдарды көркейту жоғары қарқынмен жүргізілді. Петропавл қаласы мен барлық он үш аудан орталықтарының бас даму жоспарлары жасалды және бекітілді. Қазір тоқсан елді мекеннің бас жоспарлары бар. Облыстағы барлық елді мекендердің әрқайсысының даму жоспары жақын арада жасалатын болады. Барлық қалалар мен ауылдарда осы заманғы ғимараттар мен қоныстардың құрылысы жалғасады, қажетті көркейту жұмыстары жүртізіледі және тиісті инфрақұрылым жасалады. Тұрғын үй саясаты облыста осылай жеделдетілген қарқынмен жүзеге асырылуда. Осы өңірде бұл саланы табысты дамыту көбіне-көп қоғамның маңызды әлеуметтік ұясы — отбасының беріктігіне оң ықпал ететін болады.

Облыста соңғы екі-үш жыл тұрмаған, қалаға қайтып оралған адам көкпен таласқан кран мұнаралары орналасқан құрылыс алаңдарын көріп таң қаларлығы анық. Оларда таңнан ымырт үйірілгенге дейін қызу жұмыс жүріп жатыр. Қоршау ішіндегі нысанның кірпіштен қаланатын қабырғасының биіктей түсуі ұзақ үзілістен кейін өңірдің елді мекендерінде белсенді және жоспарлы құрылыс қарқын алып келе жатқанын айғақтайды. Қазір жаңа ғимараттардың пайдалануға берілуімен қатар, кезінде қажетті қаражаттың болмауы себепті аяқталмай қалған нысандар да іске қосылуда.

Солтүстік Қазақстанның құрылыс кешені үшін екі мың бесінші жыл түбегейлі бетбұрыс кезеңі болды. Облыс басшылығы республика Президенті ұсынған жаңа тұрғын үй саясатының нәтижесінде ашылған мүмкіндіктерді шаруақорлық есеппен пайдалана білді. Екі мың бесінші жылдың бір желтоқсанында тұрғын үй құрылысының жылдық бағдарламасы толық орындалды. Жыл аяғына дейін 120,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, оның жартысы ауылдық жерлерде бой көтерді. Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына толық сәйкес сол жылы коммуналдық үйлерден басқа облыста ипотекалық кредиттеу бойынша екі жүз алпыс үш пәтер салынды. Олар осы заманғы үлгідегі және толық әрленген кірпіштен салынған үйлерде орналасқан. Кредит алуға тілек білдірген бес жүзден астам отбасының үш жүз жиырма бесі өздерінің төлем қабілеттіктерін растады және екі жүз алпыс үші ипотека бойынша жаңа пәтерлер алды.

Екі мың алтыншы жылға да мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасын жүзеге асырудың жоғары үрдісі тән. Жүз елу мың мың шаршы метр тұрғын үй салу жөніндегі алға қойған міндет алдыңғы жылдағы көлемнен анағұрлым көп болды. Бір мезгілде қалалар мен ауылдарды көркейту жоғары қарқынмен жүргізілді.

Петропавл қаласы мен барлық он үш аудан орталықтарының бас даму жоспарлары жасалды және бекітілді. Қазір тоқсан елді мекеннің бас жоспарлары бар. Облыстағы барлық елді мекендердің әрқайсысының даму жоспары жақын арада жасалатын болады. Барлық қалалар мен ауылдарда осы заманғы ғимараттар мен қоныстардың құрылысы жалғасады, қажетті көркейту жұмыстары жүртізіледі және тиісті инфрақұрылым жасалады.

Тұрғын үй саясаты облыста осылай жеделдетілген қарқынмен жүзеге асырылуда. Осы өңірде бұл саланы табысты дамыту көбіне-көп қоғамның маңызды әлеуметтік ұясы — отбасының беріктігіне оң ықпал ететін болады.

Ұқсас материалдар