Қандастар Ассамблея

Өткенге тағзым

18.04.2013 2186
Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік экономикалық және мәдени дамыту жөнінде қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бүгіндері облыстағы басқару органдары мен еңбек ұжымдарының сан қырлы жұмыстары Республика Президенті Нүұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған базалық қағидаттар сай жүргізіліп отырылғаны баршаға белгілі. Мемлекет басшысы экономиканы көтеру және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бірінші кезектегі міндеттер екендігін атап көрсетті, сондықтан Солтүстік Қазақстанда өңір тұрғындарының ауқатты өмір сүруі, олардың айлық еңбекақысының өсуі, тұрғын үй жағдайы мен медициналық қызмет деңгейінің жақсаруы, рухани қажеттілікті қамтамасыз етуге кең мүмкіндік болуы үшін барлық жағдайлар пайдаланылуда. Шын мәнінде облыста бұл мақсаттарға қол жеткізуге әркім және барша халық белсене қатысуда. Талай рет айтылғанындай, солтүстікқазақстандықтар өз тарихына құрметпен қарайды. Оған тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, біздің аймақ тумалары – бұрынғы әйгілі қайраткерлердің есімдерін мәңгі есте қалдыру, қалалар мен ауылдардағы өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы нысандардың атауларындағы өңір топономикасы айқын айғақ бола алады. 2006 жылы Петропавл қаласында Тоқсан би атындағы көше пайда болды. Бұл өзінің риясыз, талапшыл және адамгершілік тазалығымен тайпаластарының жүрегін жаулаған билерді мәңгі естен шығармайтын оның жерлестерінің шынайы сана-сезімінің көрінісі. Билер әр кезде ерекше үкім шығара отырып дау-дамайларды шешуге үлкен жауапкершілікпен қараған. Жалпы империялық соттармен қатар билер институты қазақтар жайлаған жерде XX ғасырдың басына дейін жұмыс істеген, алқа билер соты іспетті ол сот практикасынын демократиялық нышаны болған. Тоқсан Жабайұлы XVII-XVIII ғасырлар аралығында "Жеті жарғы" дала кодексін жасауға мүрындық болған қазақтың әйгілі Тәуке ханы халық жадында әлі күшті сақталып тұрған кезде Есіл өңірінде дүниеге келді. Тәуке хан мен Әйтеке, Төле, Қазыбек билердің интеграциялық саясатын XVII-XVIII ғасырдағы билер жалғастырды. Олардың ішінде есімі Солтүстік Қазақстаннан тыс жерлерге мәшһүр Тоқсан би де болды. Оны әдеттегі құқықтың барынша күрделі мәселелерін шешу үшін Жетісуға да, қазақтар тығыз орналасқан   Сібір аудандарына да шақырған. Халық дәстүрлері мен бастауларын жетік білетін би небір күрмеуі қиын мәселелерді дұрыс шеше білген. Оның көптеген ақылдары қанатты сөздерге айналған. Облыстық мәслихат депутаттарының осы бірегей адамның есімін мәңгі есте қалдыру туралы бастамасы қалалықтардың көңілінен шықты. Олар Сарыарқаның тумасы Тоқсан биге берілген тарихи әділдік, сондай-ақ символдық ескерткіштің басқа да шығармасы – ұлттың рухы мен абырой-беделін сақтап қалу үшін күрескен адамдар туралы біздің жадымыздың материалдық белгісін жасауға да іске асырылуы тиіс деп санайды. Тағы бір мысал. Петропавл қаласында Абылай ханның ордасын қалпына келтіру қарқынды жүргізілуде. Қазір бұл жұмыстар халық арасында Абылайдың ақ үйі немесе хан ордасы ретінде белгілі басты ғимаратта атқарылуда. Бұл тарих ескерткішін қалпына келтіру қажеттігі туралы көптеген жылдар бойы әңгіме қозғалған, алайда әрқашан қайта жаңғыртуды кейінге қалдыруға себептер табылатын. Жағдайды облыс әкімі Тайыр Мансұров түбегейлі өзгертті. Оның табандылығы нәтижесінде осы бірегей нысан мемлекеттік "Мәдени мұра" бағдарламасына енгізілді. Сөйтіп қаржыландыру көзі табылды: 2006 жылы республикалық бюджеттен қалпына келтіру жұмыстарына 308 миллион теңге қаржы бөлінді, ал тұтастай алғанда оған 560 миллион теңге жұмсалады. Қалпына келтірушілер алдында қиын міндет тұр, күмбезді кірпіш төбе іспетті көптеген сәулеткерлік элементтер қазір сирек кездеседі. Бұл жерде жоғары кәсіптік шеберлікпен қатар ерекше сезім қажет. Бірақ ол іске кедергі болмайды. Ғимарат ұсақ бөліктерше дейін қалпына келтіріледі, Мәскеу қаласындағы мұрағаттардың бірінен хан ордасының нақты жоспары табылды. Дәстүрлі қазақ үлгісінде салынған жатын бөлме, хан тағының залы өзінің бастапқы бейнесіне еніп, тарихтан сыр шертетін болады. Абылайдың ақ үйі ақшаңқан түрге айналады, оның қасындағы ханның кеңсесі, меймандарға арналған қоныс, монша, құдық, ат байлайтын жер қалпына келтірілуде. Нәтижесінде қалада әдемілігі жағынан таңдай қақтырарлық мәдени-тарихи кешен пайда болады, ол Петропавлды еліміздегі басқа облыс орталықтарынан ерекшелендіретін көрікті жерлердің біріне айналады.

Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік экономикалық және мәдени дамыту жөнінде қарқынды жұмыстар атқарылуда.

Бүгіндері облыстағы басқару органдары мен еңбек ұжымдарының сан қырлы жұмыстары Республика Президенті Нүұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған базалық қағидаттар сай жүргізіліп отырылғаны баршаға белгілі. Мемлекет басшысы экономиканы көтеру және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бірінші кезектегі міндеттер екендігін атап көрсетті, сондықтан Солтүстік Қазақстанда өңір тұрғындарының ауқатты өмір сүруі, олардың айлық еңбекақысының өсуі, тұрғын үй жағдайы мен медициналық қызмет деңгейінің жақсаруы, рухани қажеттілікті қамтамасыз етуге кең мүмкіндік болуы үшін барлық жағдайлар пайдаланылуда. Шын мәнінде облыста бұл мақсаттарға қол жеткізуге әркім және барша халық белсене қатысуда.

Талай рет айтылғанындай, солтүстікқазақстандықтар өз тарихына құрметпен қарайды. Оған тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, біздің аймақ тумалары – бұрынғы әйгілі қайраткерлердің есімдерін мәңгі есте қалдыру, қалалар мен ауылдардағы өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы нысандардың атауларындағы өңір топономикасы айқын айғақ бола алады.

2006 жылы Петропавл қаласында Тоқсан би атындағы көше пайда болды. Бұл өзінің риясыз, талапшыл және адамгершілік тазалығымен тайпаластарының жүрегін жаулаған билерді мәңгі естен шығармайтын оның жерлестерінің шынайы сана-сезімінің көрінісі. Билер әр кезде ерекше үкім шығара отырып дау-дамайларды шешуге үлкен жауапкершілікпен қараған. Жалпы империялық соттармен қатар билер институты қазақтар жайлаған жерде XX ғасырдың басына дейін жұмыс істеген, алқа билер соты іспетті ол сот практикасынын демократиялық нышаны болған.

Тоқсан Жабайұлы XVII-XVIII ғасырлар аралығында "Жеті жарғы" дала кодексін жасауға мүрындық болған қазақтың әйгілі Тәуке ханы халық жадында әлі күшті сақталып тұрған кезде Есіл өңірінде дүниеге келді. Тәуке хан мен Әйтеке, Төле, Қазыбек билердің интеграциялық саясатын XVII-XVIII ғасырдағы билер жалғастырды. Олардың ішінде есімі Солтүстік Қазақстаннан тыс жерлерге мәшһүр Тоқсан би де болды. Оны әдеттегі құқықтың барынша күрделі мәселелерін шешу үшін Жетісуға да, қазақтар тығыз орналасқан   Сібір аудандарына да шақырған. Халық дәстүрлері мен бастауларын жетік білетін би небір күрмеуі қиын мәселелерді дұрыс шеше білген. Оның көптеген ақылдары қанатты сөздерге айналған. Облыстық мәслихат депутаттарының осы бірегей адамның есімін мәңгі есте қалдыру туралы бастамасы қалалықтардың көңілінен шықты. Олар Сарыарқаның тумасы Тоқсан биге берілген тарихи әділдік, сондай-ақ символдық ескерткіштің басқа да шығармасы – ұлттың рухы мен абырой-беделін сақтап қалу үшін күрескен адамдар туралы біздің жадымыздың материалдық белгісін жасауға да іске асырылуы тиіс деп санайды.

Тағы бір мысал. Петропавл қаласында Абылай ханның ордасын қалпына келтіру қарқынды жүргізілуде. Қазір бұл жұмыстар халық арасында Абылайдың ақ үйі немесе хан ордасы ретінде белгілі басты ғимаратта атқарылуда. Бұл тарих ескерткішін қалпына келтіру қажеттігі туралы көптеген жылдар бойы әңгіме қозғалған, алайда әрқашан қайта жаңғыртуды кейінге қалдыруға себептер табылатын. Жағдайды облыс әкімі Тайыр Мансұров түбегейлі өзгертті. Оның табандылығы нәтижесінде осы бірегей нысан мемлекеттік "Мәдени мұра" бағдарламасына енгізілді. Сөйтіп қаржыландыру көзі табылды: 2006 жылы республикалық бюджеттен қалпына келтіру жұмыстарына 308 миллион теңге қаржы бөлінді, ал тұтастай алғанда оған 560 миллион теңге жұмсалады.

Қалпына келтірушілер алдында қиын міндет тұр, күмбезді кірпіш төбе іспетті көптеген сәулеткерлік элементтер қазір сирек кездеседі. Бұл жерде жоғары кәсіптік шеберлікпен қатар ерекше сезім қажет. Бірақ ол іске кедергі болмайды. Ғимарат ұсақ бөліктерше дейін қалпына келтіріледі, Мәскеу қаласындағы мұрағаттардың бірінен хан ордасының нақты жоспары табылды. Дәстүрлі қазақ үлгісінде салынған жатын бөлме, хан тағының залы өзінің бастапқы бейнесіне еніп, тарихтан сыр шертетін болады. Абылайдың ақ үйі ақшаңқан түрге айналады, оның қасындағы ханның кеңсесі, меймандарға арналған қоныс, монша, құдық, ат байлайтын жер қалпына келтірілуде. Нәтижесінде қалада әдемілігі жағынан таңдай қақтырарлық мәдени-тарихи кешен пайда болады, ол Петропавлды еліміздегі басқа облыс орталықтарынан ерекшелендіретін көрікті жерлердің біріне айналады.