Қандастар Ассамблея

Спорттық резервті және жоғары разрядты спортшыларды даярлау

18.04.2013 3304
Материалдық базаларды жұмыс жағдайында сақтау мақсатымен жазғы және қысқы маусымдарға спорт ғимараттарын дайыңдауға байланысты жыл сайын айлық өткізіледі. Қыс кезінде облыста допты хоккей ойыны үшін мүз айдыны құйылады, бес жүздей хоккей қорапшасы, 200-ге жуық үлкенді-кішілі сырғанақ алаңы ашылып, конькиден алты прокат қосыны жұмыс істейді. Спорттық резервті және жоғары разрядты спортшыларды даярлауға баса көңіл бөлінуде. Осы мақсатта мамандандырылған оқу орындары ашылып, ұдайы кеңейтілуде. Мәселен, бокс және спорттық акробатика жөнінде балалар мен жасөспірімдердің екі спорт мектебі жұмыс істейді. 2004 жылдан бастап Аққайың, Уәлиханов, Айыртау, Тайынша. Мамлют, Қызылжар аудандарында ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінін филиалдары ашылды. Оларда еркін күрес, қазақша күрес, тоқызқұмалақ және көкпар, ат спорты жарысының түрлері оқытылады. Облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта 250-ге жуық жасөспірімдер мен қыздар оқиды, сабақ еркін және грек-рим күрестері, бокс, велоспорт, жеңіл атлетика, шаңғы және коньки сияқты олимпиадалық спорттың жеті түріне бағытталған. Бүгінгі таңда облыста барлығы 25 БЖСМ жұмыс істейді. Оларда 10,5 мыңнан астам адам спортпен айналысуда. Төрт жылдың ішінде осы оқу — спорт орындарынан халықаралық дәрежедегі 15 спорт шебері және 105 спорт шебері шықты. Спорттық шеберлікті және біліктілікті арттыру жөніндегі жұмыстар ешқашан тоқтатылмайды. 2006 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін — 5, спорт шебері нормативін — 33, шеберлікке үміткер нормативін 108 спортшы орындап шықты. 217 адам спорттық бірінші разрад алды. Соңғы жылдары спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың қатарында Солтүстік Қазақстаннан атлетика өкілдері айтарлықтай көбейіп отыр. Егер 2001 жылы Қазақстан Республикасы құрама командаларының қатарына облыстың 51 спортшысы қосылса, 2006 жылы 176 спортшыға жетті. 2006 жылы спорт саласын қаржыландыру 663,5 миллион теңгеге дейін артты. "Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу" бағдарламасы бойынша спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарын қаржыландыру 112 миллион теңгеге дейін өсті. Бұл жағдайда футболға 60 миллион теңге, ал оқу-жаттығу жиынына 12 миллион теңге бөлінді. Облыстың балалар спорт мектептері қымбат тұратын жабдықтармен жаңартылды, жекелеп айтқанда, би паркет алаңы, шаңғы роллерлері, велосипедтер, конькилер, шаңғы құралдары, қайықтар және ескек тренажерлері, "Боран" қар көлігі. Қазбек Байболов атындағы мамандандырылған БЖСМ-інің қарамағына автобус, ал велоспорт бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебіне "Газель" және "Жигули" автокөліктері берілді. 2006 жылы жеті күрес кілемі сатып алынды. Жетекші спортшыларды қолдау үшін облыс әкімі ай сайын берілетін 15 стипендия тағайындады. 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл стипендия республикалық және халықаралық дәрежеде жоғары нәтижелер көрсеткен атлетшілерге төленуде. Әйгілі спортшылар Елена Парфенова, Олег Чегодаев, Наталья Рыбакова және Роман Мелешиндерге жайлы пәтерлер берілді. 2006 жылы он бір жыл үзілістен кейін бірінші рет облыста жұмыс істейтін үш жаттықтырушы-оқытушы Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы атағын алды. Олар: Н.Ф. Лаврентьев (гір спорты және армрестлинг), А.А. Родионова (жүзу) және Р.Б. Есеналин (кикбоксинг). Алты жаттықтырушы жоғары деңгейлі біліктіліктің жоғары санатына ие болды.

Материалдық базаларды жұмыс жағдайында сақтау мақсатымен жазғы және қысқы маусымдарға спорт ғимараттарын дайыңдауға байланысты жыл сайын айлық өткізіледі. Қыс кезінде облыста допты хоккей ойыны үшін мүз айдыны құйылады, бес жүздей хоккей қорапшасы, 200-ге жуық үлкенді-кішілі сырғанақ алаңы ашылып, конькиден алты прокат қосыны жұмыс істейді.

Спорттық резервті және жоғары разрядты спортшыларды даярлауға баса көңіл бөлінуде. Осы мақсатта мамандандырылған оқу орындары ашылып, ұдайы кеңейтілуде. Мәселен, бокс және спорттық акробатика жөнінде балалар мен жасөспірімдердің екі спорт мектебі жұмыс істейді. 2004 жылдан бастап Аққайың, Уәлиханов, Айыртау, Тайынша. Мамлют, Қызылжар аудандарында ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінін филиалдары ашылды. Оларда еркін күрес, қазақша күрес, тоқызқұмалақ және көкпар, ат спорты жарысының түрлері оқытылады. Облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта 250-ге жуық жасөспірімдер мен қыздар оқиды, сабақ еркін және грек-рим күрестері, бокс, велоспорт, жеңіл атлетика, шаңғы және коньки сияқты олимпиадалық спорттың жеті түріне бағытталған. Бүгінгі таңда облыста барлығы 25 БЖСМ жұмыс істейді. Оларда 10,5 мыңнан астам адам спортпен айналысуда. Төрт жылдың ішінде осы оқу — спорт орындарынан халықаралық дәрежедегі 15 спорт шебері және 105 спорт шебері шықты.

Спорттық шеберлікті және біліктілікті арттыру жөніндегі жұмыстар ешқашан тоқтатылмайды. 2006 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін — 5, спорт шебері нормативін — 33, шеберлікке үміткер нормативін 108 спортшы орындап шықты. 217 адам спорттық бірінші разрад алды.

Соңғы жылдары спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың қатарында Солтүстік Қазақстаннан атлетика өкілдері айтарлықтай көбейіп отыр. Егер 2001 жылы Қазақстан Республикасы құрама командаларының қатарына облыстың 51 спортшысы қосылса, 2006 жылы 176 спортшыға жетті.

2006 жылы спорт саласын қаржыландыру 663,5 миллион теңгеге дейін артты. "Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу" бағдарламасы бойынша спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарын қаржыландыру 112 миллион теңгеге дейін өсті. Бұл жағдайда футболға 60 миллион теңге, ал оқу-жаттығу жиынына 12 миллион теңге бөлінді. Облыстың балалар спорт мектептері қымбат тұратын жабдықтармен жаңартылды, жекелеп айтқанда, би паркет алаңы, шаңғы роллерлері, велосипедтер, конькилер, шаңғы құралдары, қайықтар және ескек тренажерлері, "Боран" қар көлігі. Қазбек Байболов атындағы мамандандырылған БЖСМ-інің қарамағына автобус, ал велоспорт бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебіне "Газель" және "Жигули" автокөліктері берілді. 2006 жылы жеті күрес кілемі сатып алынды.

Жетекші спортшыларды қолдау үшін облыс әкімі ай сайын берілетін 15 стипендия тағайындады. 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл стипендия республикалық және халықаралық дәрежеде жоғары нәтижелер көрсеткен атлетшілерге төленуде. Әйгілі спортшылар Елена Парфенова, Олег Чегодаев, Наталья Рыбакова және Роман Мелешиндерге жайлы пәтерлер берілді.

2006 жылы он бір жыл үзілістен кейін бірінші рет облыста жұмыс істейтін үш жаттықтырушы-оқытушы Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы атағын алды. Олар: Н.Ф. Лаврентьев (гір спорты және армрестлинг), А.А. Родионова (жүзу) және Р.Б. Есеналин (кикбоксинг). Алты жаттықтырушы жоғары деңгейлі біліктіліктің жоғары санатына ие болды.

Ұқсас материалдар