Ақордада Қазақстан мен Финляндия Президенттерінің кездесуі болды

17.04.2013 2085
Ақордада Қазақстан мен Финляндия Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Саули Ниинистё кездесуде. Бұл Финляндия президентінің Қазақстанға жасаған тұңғыш ресми сапары. Еске сала кетейік, сапардың басты мақсаты – Қазақстан-финдік қарым-қатынастардың ахуалы мен болашағын, сонымен қатар аймақтық және халықаралық мәселелерді жан-жақты талқылау. Екі елдің көшбасшылары өзара келіссөздер жүргізіп, Қазақстан-Финляндия жасыл экономиканы жаңғырту жөніндегі форумына қатысады. Сондай-ақ, 17-18 сәуір күндері қазақстандық және финдік ресми тұлғалар мен іскер топтар Орталық Азия аймағындағы минералдық кен орнын игеру мен тау-кен өндірісі секторына шетелдiк инвестияцияларды тарту мәселелеріне қатысты Астанада өтетін Майнекс Орталық Азия халықаралық кен өнеркәсіптік форумына да қатыспақ. Ал форум жұмысына фин өкілдігімен қоса Монғолия, Тәжікстан және Қырғыз елінің іскер топтары қатысуы көзделіп отыр. BAQ.KZ

Ақордада Қазақстан мен Финляндия Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Саули Ниинистё кездесуде. Бұл Финляндия президентінің Қазақстанға жасаған тұңғыш ресми сапары.

Еске сала кетейік, сапардың басты мақсаты – Қазақстан-финдік қарым-қатынастардың ахуалы мен болашағын, сонымен қатар аймақтық және халықаралық мәселелерді жан-жақты талқылау. Екі елдің көшбасшылары өзара келіссөздер жүргізіп, Қазақстан-Финляндия жасыл экономиканы жаңғырту жөніндегі форумына қатысады. Сондай-ақ, 17-18 сәуір күндері қазақстандық және финдік ресми тұлғалар мен іскер топтар Орталық Азия аймағындағы минералдық кен орнын игеру мен тау-кен өндірісі секторына шетелдiк инвестияцияларды тарту мәселелеріне қатысты Астанада өтетін Майнекс Орталық Азия халықаралық кен өнеркәсіптік форумына да қатыспақ.
Ал форум жұмысына фин өкілдігімен қоса Монғолия, Тәжікстан және Қырғыз елінің іскер топтары қатысуы көзделіп отыр.

BAQ.KZ

Ұқсас материалдар