80-90 жылдарда Солтүстік Есіл өңірі бейне бір концерт алаңына айналды

12.04.2013 2941
ҚазКСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Э.Горенбургтің (Гориннің) жарқын да жемісті қызметінің арқасында 1975-1985 жылдары саз өмірінде көптеген қызықты оқиғалар орын алды. Осы кезеңде Петропавл арқылы көптеген концерт сапарлары, соның ішінде "Еліміздің өнері — Қазақстан тыңгерлеріне" ұранымен өтіп жүрді. Айталық, 1976 жылы қазақ саз өнерінің белгілі фестиваліне республиканың айтулы сазгерлері А.Бычков, А.Исакова, Н.Меңдіғалиев, тамаша орындаушылар М.Коган. Б.Төлегенова, М.Мұсабаев. Ю.Клушкин, Е.Серкебаев. Э.Сербо, Т.Мыңбаев басқарған Қазақстан Мемлекеттік симфониялық оркестрінің орындаушылары келді. 80-90 жылдарда Солтүстік Есіл өңірі бейне бір концерт алаңына айналып, онда облыстық және республикалық маңызы бар саз салтанаттары өткізілді. 1988 жылы "Авангард" стадионында "Есіл өңірі ән шырқайды" деген аса үлкен ән салтанаты өткізілді. Оған таңдаулы әуесқой хор ұжымдары қатысып, құрамына алты мың адам енген жалпы хор құрылды. 90-жылдары филармонияда Б.Төлегенованың шөкірті Айгүл Мұхамеджанова ән шырқады. Жаңа ғасырда да филармония жұмысы осындай қарқынмен өрістеді. 2001 жылы Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге алыс шет елдерде де танылған Геннадий Брюханов басқарған джаз оркестрі құрылды, 2003 жылы көркемдік жетекші және дирижер В.Кардашов басқарған құрамында 30 адам бар камералық хор ұйымдастырылды. Содан бір жыл өткеннен кейін 38 адамнан тұратын эстрадалық-симфониялық оркестр құрылды. Оны бас дирижер С.Имашбаев басқарды. 2005 жылы облысымызға жас, алайда өте дарынды орындаушы әншілер: астаналық саз академиясының түлегі Ж.Айтбаев, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген, ән өнерінің сырына Бибігүл Төлегенованың басшылығымен қаныққан Ж.Алпысбаева шақырылды. Расима Сучкова басқаратын "Әдемі-ау" шығыс биі ансамблі Қазақстан мен Ресейде ойдағыдай өнер көрсетеді. Филармонияның сахнасында Құрманғазы атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі, "Отырар сазы" оркестрі, "Қазақстан камераты" ансамблі, "Қызыл мешіт" тобы, Ринат Ибрагимовтың театры, Болат Аюхановтың балеті сияқты даңқты ұжымдар өнер көрсетті. Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Айман Мұсаходжаева, Мақпал Жүнісова, Гаухар Мырзабекова, Айжан Нұрмағамбетова, Татьяна Бурмистрова, Ескендір Хасанғалиев, Нұрлан Өнербаев, Шахимардан Әбілев сынды аттары аңызға айналған орындаушылар, "Виртуозы Москвы" ансамблінің әншісі Дмитрий Шаповалов, Рақымжан Баспаев, Қапаш Құлыш гастрольге келді.

ҚазКСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Э.Горенбургтің (Гориннің) жарқын да жемісті қызметінің арқасында 1975-1985 жылдары саз өмірінде көптеген қызықты оқиғалар орын алды. Осы кезеңде Петропавл арқылы көптеген концерт сапарлары, соның ішінде "Еліміздің өнері — Қазақстан тыңгерлеріне" ұранымен өтіп жүрді. Айталық, 1976 жылы қазақ саз өнерінің белгілі фестиваліне республиканың айтулы сазгерлері А.Бычков, А.Исакова, Н.Меңдіғалиев, тамаша орындаушылар М.Коган. Б.Төлегенова, М.Мұсабаев. Ю.Клушкин, Е.Серкебаев. Э.Сербо, Т.Мыңбаев басқарған Қазақстан Мемлекеттік симфониялық оркестрінің орындаушылары келді.

80-90 жылдарда Солтүстік Есіл өңірі бейне бір концерт алаңына айналып, онда облыстық және республикалық маңызы бар саз салтанаттары өткізілді. 1988 жылы "Авангард" стадионында "Есіл өңірі ән шырқайды" деген аса үлкен ән салтанаты өткізілді. Оған таңдаулы әуесқой хор ұжымдары қатысып, құрамына алты мың адам енген жалпы хор құрылды. 90-жылдары филармонияда Б.Төлегенованың шөкірті Айгүл Мұхамеджанова ән шырқады.

Жаңа ғасырда да филармония жұмысы осындай қарқынмен өрістеді. 2001 жылы Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге алыс шет елдерде де танылған Геннадий Брюханов басқарған джаз оркестрі құрылды, 2003 жылы көркемдік жетекші және дирижер В.Кардашов басқарған құрамында 30 адам бар камералық хор ұйымдастырылды. Содан бір жыл өткеннен кейін 38 адамнан тұратын эстрадалық-симфониялық оркестр құрылды. Оны бас дирижер С.Имашбаев басқарды. 2005 жылы облысымызға жас, алайда өте дарынды орындаушы әншілер: астаналық саз академиясының түлегі Ж.Айтбаев, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген, ән өнерінің сырына Бибігүл Төлегенованың басшылығымен қаныққан Ж.Алпысбаева шақырылды. Расима Сучкова басқаратын "Әдемі-ау" шығыс биі ансамблі Қазақстан мен Ресейде ойдағыдай өнер көрсетеді.

Филармонияның сахнасында Құрманғазы атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі, "Отырар сазы" оркестрі, "Қазақстан камераты" ансамблі, "Қызыл мешіт" тобы, Ринат Ибрагимовтың театры, Болат Аюхановтың балеті сияқты даңқты ұжымдар өнер көрсетті. Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Айман Мұсаходжаева, Мақпал Жүнісова, Гаухар Мырзабекова, Айжан Нұрмағамбетова, Татьяна Бурмистрова, Ескендір Хасанғалиев, Нұрлан Өнербаев, Шахимардан Әбілев сынды аттары аңызға айналған орындаушылар, "Виртуозы Москвы" ансамблінің әншісі Дмитрий Шаповалов, Рақымжан Баспаев, Қапаш Құлыш гастрольге келді.

Ұқсас материалдар