Қандастар Ассамблея

Ән өнері көшпенділер қауымдастығының күнделікті болмысынан терең тамыр тартады

12.04.2013 3348
Қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктерінің әсерімен фольклордың және мәдениеттің, соның ішінде саз өнерінің айрықша үлгілері қалыптасты. Ән өнері көшпенділер қауымдастығының күнделікті болмысынан терең тамыр тартады. Сол арқылы отбасы мен ауыл тұрмысынын ғұмырлық дәстүрлі заңдылықтары ұрпақтан ұрпаққа көшіп, нығайып отырды, жастарға парасаттың игіліктері дарыды, олардын эстетикалық пайымы қалыптасты. Әсіресе, жазда көшпенділердің тұрмысына жан бітетін еді. Тойлар, отау құру, бәйге, қазақша күрес, садақтарту, құс салу, халық ойындары, айтыстар еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін тамашалайтын салтанаттарға айналатын. Сызылта ән салған әйелдер киіз үйлерді тігіп, әндете жүріп бие сауатын, ұршық иіретін, түбіт аршитын, алаша тоқитын, киіз басатын. Тойларда, жастардың сауық кештерінде, балалардың ойындарында әндер шырқалып, күйлер күмбірлеп, жаназаларда жоқтау айтылатын. Тіпті балаларды жазу-сызуға, есепке үйреткен кезде де буындарды, есептерді әндете айтып, олардың санасына сіңіретін. Өзінің мазмұны мен орындалуына орай саз шығармаларының мақсаты әрқилы. Олардың кейбірі, салт-дәстүрлерге — тойларда, жаназаларда, шілдеханаларда, балалардың сауықтарында орындалатындары қолданбалы сипатта болды. Ал басқа әндер мен күйлер, әсіресе, лирикалық және әлеуметтік тақырыптардағы, тарихи, эпикалық, батырлық мазмұндағылары жоғары кәсіпқой орындаушылық шеберлікті талап етті. XIX ғасырдың аяғында жергілікті тұрғындар арасында Біржан салдың, Ақан серінің, Ыбырай Сандыбаевтың, Молдахмет Тырбиевтің, Қапаш Жамантуұлының, Шал ақынның, Бұқар жыраудың, Жаяу Мұсаның, Шөже Қаржаубайүлының және басқа орындаушылардың шығармалары халықтың сүйіп тыңдайтын інжу-маржандары еді. Атақты суырып салма айтыскерлердің сөзсайысы зор құрметке ие болды. Жеңгендер мол жүлделерге кенеліп, олар құрмет-қошеметке бөленді, олардың атақ-даңқы ауылдан-ауылға тарады. Есіл бойына қоныстанушы шаруалардың көшіп келуімен енген орыс шаруа әндерін, сондай-ақ XIX ғасырда Петропавлда тараған қалалық әндер мен романстар қазақ-орыс саз байланыстарының алғашқы қайнары болды. Халық үйінде жергі лікті зиялы қауым түрлі үйірмелерді, атап айтқанда, аспапты және саз үйірмелерін құрды, Глинканың, Даргомыжскийдің, Гурилевтің, Алябьевтің, Варламовтың және басқа да сазгерлердің шығармалары орындалған кештерді өткізді. Полк кернейшілерінен, сондай-ақ кәсіби сазгерлерден, сонымен бірге әуесқойлардан — негізінен қолөнершілер мен ұсақ шенеуніктерден тұратын үрлемелі оркестр қалада саз мәдениетінің таралуына үлкен әсер етті. Дарынды сазгер В.Гольдвассер басқарған шекті аспаптар оркестрі қалалықтардың зор құрметіне бөленді. Оркестрдің құрамында Г.Отт, К.Гольцбергер сынды және басқа да саңлақ орындаушылар ерекше өнерімен көзге түсті.

Қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктерінің әсерімен фольклордың және мәдениеттің, соның ішінде саз өнерінің айрықша үлгілері қалыптасты. Ән өнері көшпенділер қауымдастығының күнделікті болмысынан терең тамыр тартады. Сол арқылы отбасы мен ауыл тұрмысынын ғұмырлық дәстүрлі заңдылықтары ұрпақтан ұрпаққа көшіп, нығайып отырды, жастарға парасаттың игіліктері дарыды, олардын эстетикалық пайымы қалыптасты. Әсіресе, жазда көшпенділердің тұрмысына жан бітетін еді. Тойлар, отау құру, бәйге, қазақша күрес, садақтарту, құс салу, халық ойындары, айтыстар еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін тамашалайтын салтанаттарға айналатын. Сызылта ән салған әйелдер киіз үйлерді тігіп, әндете жүріп бие сауатын, ұршық иіретін, түбіт аршитын, алаша тоқитын, киіз басатын. Тойларда, жастардың сауық кештерінде, балалардың ойындарында әндер шырқалып, күйлер күмбірлеп, жаназаларда жоқтау айтылатын. Тіпті балаларды жазу-сызуға, есепке үйреткен кезде де буындарды, есептерді әндете айтып, олардың санасына сіңіретін.

Өзінің мазмұны мен орындалуына орай саз шығармаларының мақсаты әрқилы. Олардың кейбірі, салт-дәстүрлерге — тойларда, жаназаларда, шілдеханаларда, балалардың сауықтарында орындалатындары қолданбалы сипатта болды. Ал басқа әндер мен күйлер, әсіресе, лирикалық және әлеуметтік тақырыптардағы, тарихи, эпикалық, батырлық мазмұндағылары жоғары кәсіпқой орындаушылық шеберлікті талап етті.

XIX ғасырдың аяғында жергілікті тұрғындар арасында Біржан салдың, Ақан серінің, Ыбырай Сандыбаевтың, Молдахмет Тырбиевтің, Қапаш Жамантуұлының, Шал ақынның, Бұқар жыраудың, Жаяу Мұсаның, Шөже Қаржаубайүлының және басқа орындаушылардың шығармалары халықтың сүйіп тыңдайтын інжу-маржандары еді. Атақты суырып салма айтыскерлердің сөзсайысы зор құрметке ие болды. Жеңгендер мол жүлделерге кенеліп, олар құрмет-қошеметке бөленді, олардың атақ-даңқы ауылдан-ауылға тарады.

Есіл бойына қоныстанушы шаруалардың көшіп келуімен енген орыс шаруа әндерін, сондай-ақ XIX ғасырда Петропавлда тараған қалалық әндер мен романстар қазақ-орыс саз байланыстарының алғашқы қайнары болды. Халық үйінде жергі лікті зиялы қауым түрлі үйірмелерді, атап айтқанда, аспапты және саз үйірмелерін құрды, Глинканың, Даргомыжскийдің, Гурилевтің, Алябьевтің, Варламовтың және басқа да сазгерлердің шығармалары орындалған кештерді өткізді.

Полк кернейшілерінен, сондай-ақ кәсіби сазгерлерден, сонымен бірге әуесқойлардан — негізінен қолөнершілер мен ұсақ шенеуніктерден тұратын үрлемелі оркестр қалада саз мәдениетінің таралуына үлкен әсер етті. Дарынды сазгер В.Гольдвассер басқарған шекті аспаптар оркестрі қалалықтардың зор құрметіне бөленді. Оркестрдің құрамында Г.Отт, К.Гольцбергер сынды және басқа да саңлақ орындаушылар ерекше өнерімен көзге түсті.

Ұқсас материалдар