Қандастар Ассамблея

Өңірде кәсіпқой бейнелеу өнерінің бастауы тереңнен тамыр тартады

12.04.2013 2389
Өңірде кәсіпқой бейнелеу өнерінің бастауы тереңнен тамыр тартады. Төңкеріске дейін қазақ халқының бұл өнері негізінен ою-өрнек бағытында болып, кілем тоқуда, кесте тігуде, зергерлік бұйымдарда, тері илеуде және ағаштан ою оюда көрініс тапты. Бұлардың XIX ғасырдағы және XX ғасырдың басындағы үлгілерінің біразы жеке қолда сақталуда немесе облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қойылған. Қалалар мен селоларда тұратын басқа ұлт өкілдерінің арасында кесте тігу кеңінен тараған. Әсіресе, украиналық шеберлердің бұйымдары әсем. 1928 жылғы алғашқы жылжымалы көрме бейнелеу өнерін насихаттауда үлкен маңызға ие болды. Оны Қазақстанның байырғы суретшілерінің бірі Н.Крутильников ұйымдастырды. Көрмеде живописьтің, графиканын және қолданбалы өнердің 30 авторының 110 шығармасы қойылды. Алайда әрбір жаңа қалада көрме жергілікті суретшілердің жұмыстарымен толықтырылып отырды. 50-60 жылдарда Петропавлда Л.Брюммер, А.Эллер, С.Райхенберг, В.Карлинг, агайынды Сабировтар, П.Шестаков, А.Фирсов, В.Цеденов, В.Манзя, В.Крестников, И.Маслов және басқалар сияқты суретшілер мен мүсіншілер жұмыс істеді. Ай сайынғы кездесулер, көрмелер алмасу, жеке байланыстар осындағы ою оюшылар мен қылқалам шеберлерінің өздерінің шығармашылық үрдістерін табуына көмектесті. Петропавлға алматылық суретшілер Ж.Шәрденов, А.Садыханов, А.Ақанаев, Г.Завизионный келіп жүрді. Қарағандылық және ақмолалық суретшілер В.Крылов, В.Шамшин, А.Саносян, М.Антонюк, В.Товтин, М.Порунин жиі келіп, осы жерде өздерінің жаңа шығармаларының нобайын жасап жүрді. 1975 жылы Суретшілер одағының облыстық ұйымына жаңа өндірістік шеберханалар беріліп, мүның өзі жергілікті шеберлердің шығармашылықтың мозаика, рельеф, чеканка, өрнектеу, ағаштан ою сияқты түрлерін белсенді дамытуға мүмкіндік берді. А.Бургаев, Ю.Шутяев, Г.Кайдаш, В.Трофименко, В.Гачинский, Э.Столяров, В.Московченко, А.Гадиатулин, Е.Печерский, Қанапия Телжанов және басқалар сурет өнерімен шұғылданды. Осы уақытта олар көптеген алаңдарды, клубтарды, дәмханаларды, Мәдениет сарайларын, мектептерді және мектепке дейінгі мекемелерді, әкімшілік үйлерді, қала мен облыстың өнеркәсіп ғимараттарын көркем безендірді. 70-жылдардың соңынан бастап жергілікті суретшілер А.Бургаев, Ю.Шутяев, А.Гордеев, Э.Столяров, В.Трофименко, В.Манзя, Т.Андебак, В.Денисов, Г.Кайдаш республикалық көрмелерге тұрақты қатысатын болды. 1983 жылы республика астанасында Петропавл суретшілерінің есепті көрмесі ойдағыдай өтті. 1991 жылы Мәскеуде А.Бургаевтың живопись шығармаларының жеке көрмесі қойылды. Ал 1994 жылы осында дарынды жас суретшілер Ю.Медведев пен В.Гачинскийдің шығармалары көрмеге қойылды.

Өңірде кәсіпқой бейнелеу өнерінің бастауы тереңнен тамыр тартады. Төңкеріске дейін қазақ халқының бұл өнері негізінен ою-өрнек бағытында болып, кілем тоқуда, кесте тігуде, зергерлік бұйымдарда, тері илеуде және ағаштан ою оюда көрініс тапты. Бұлардың XIX ғасырдағы және XX ғасырдың басындағы үлгілерінің біразы жеке қолда сақталуда немесе облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қойылған.

Қалалар мен селоларда тұратын басқа ұлт өкілдерінің арасында кесте тігу кеңінен тараған. Әсіресе, украиналық шеберлердің бұйымдары әсем.

1928 жылғы алғашқы жылжымалы көрме бейнелеу өнерін насихаттауда үлкен маңызға ие болды. Оны Қазақстанның байырғы суретшілерінің бірі Н.Крутильников ұйымдастырды. Көрмеде живописьтің, графиканын және қолданбалы өнердің 30 авторының 110 шығармасы қойылды. Алайда әрбір жаңа қалада көрме жергілікті суретшілердің жұмыстарымен толықтырылып отырды.

50-60 жылдарда Петропавлда Л.Брюммер, А.Эллер, С.Райхенберг, В.Карлинг, агайынды Сабировтар, П.Шестаков, А.Фирсов, В.Цеденов, В.Манзя, В.Крестников, И.Маслов және басқалар сияқты суретшілер мен мүсіншілер жұмыс істеді. Ай сайынғы кездесулер, көрмелер алмасу, жеке байланыстар осындағы ою оюшылар мен қылқалам шеберлерінің өздерінің шығармашылық үрдістерін табуына көмектесті. Петропавлға алматылық суретшілер Ж.Шәрденов, А.Садыханов, А.Ақанаев, Г.Завизионный келіп жүрді. Қарағандылық және ақмолалық суретшілер В.Крылов, В.Шамшин, А.Саносян, М.Антонюк, В.Товтин, М.Порунин жиі келіп, осы жерде өздерінің жаңа шығармаларының нобайын жасап жүрді.

1975 жылы Суретшілер одағының облыстық ұйымына жаңа өндірістік шеберханалар беріліп, мүның өзі жергілікті шеберлердің шығармашылықтың мозаика, рельеф, чеканка, өрнектеу, ағаштан ою сияқты түрлерін белсенді дамытуға мүмкіндік берді. А.Бургаев, Ю.Шутяев, Г.Кайдаш, В.Трофименко, В.Гачинский, Э.Столяров, В.Московченко, А.Гадиатулин, Е.Печерский, Қанапия Телжанов және басқалар сурет өнерімен шұғылданды. Осы уақытта олар көптеген алаңдарды, клубтарды, дәмханаларды, Мәдениет сарайларын, мектептерді және мектепке дейінгі мекемелерді, әкімшілік үйлерді, қала мен облыстың өнеркәсіп ғимараттарын көркем безендірді.

70-жылдардың соңынан бастап жергілікті суретшілер А.Бургаев, Ю.Шутяев, А.Гордеев, Э.Столяров, В.Трофименко, В.Манзя, Т.Андебак, В.Денисов, Г.Кайдаш республикалық көрмелерге тұрақты қатысатын болды. 1983 жылы республика астанасында Петропавл суретшілерінің есепті көрмесі ойдағыдай өтті. 1991 жылы Мәскеуде А.Бургаевтың живопись шығармаларының жеке көрмесі қойылды. Ал 1994 жылы осында дарынды жас суретшілер Ю.Медведев пен В.Гачинскийдің шығармалары көрмеге қойылды.

Ұқсас материалдар