Қандастар Ассамблея

Инвестор-компаниялардың қаржысы есебінен тұрғын үй құрылысын жүргізу жалғасуда

12.04.2013 1863
2006 жылы тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен берілетін ипотека аясында тұрғын үйлер тұрғызуға 373 миллион теңге бөлінді және ипотекалық тұрғын үй сатудан түскен тағы 600 миллион теңге жұмсалды. Бұл қаржылар Петропавлды қосып есептегенде 255 пәтер болатын төрт үйді тапсыруға және 86 пәтерлік үйдің екінші кезеңі құрылысын аяқтауға мүмкіндік берді. Сонымен бірге, тағы төрт үйдің құрылысы басталды, олар 2007 жылы іске қосылады. Республикалық бюджеттен коммуналдық тұрғын үйге 387,5 миллион теңге бөлінді, оның 316,5 миллионы Петропавлға, ал 71 миллионы аудандарға жіберілді. Осы қаржылар есебінен облыс орталығында, жалпы қосып есептегенде 228 пәтер болатын бес үйдің құрылысы жүргізілуде. Оларды пайдалануға беру 2007 жылға жоспарланған. Селолық жерлерде жалпы аумағы 4,6 мың шаршы метр 65 пәтер пайдалануға берілді. Іске қосылған нысандарды көркейтуге және оларға инженерлік коммуникациялар тартуға 369,8 миллион теңге жұмсалды. Сонымен бірге, тұңғыш рет республикалық бюджеттен жеке тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік коммуникацияларды дамытуға және орнатуға 750 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржылар «Шығыс» және «Юбилейный» шағын қабатты жаңа құрылыс аудандарына инженерлік коммуникациялар салуға мүмкіндік берді. Инвестор-компаниялардың қаржысы есебінен тұрғын үй құрылысын жүргізу жалғасуда. Мысалы, «Альянстройинвест» 54 пәтерлік үй тұрғызуда, «Құлагер» бұрынғы жатақхананы 50 пәтерлік үйге қайта жаңарту жұмысын жүргізуде және 44 пәтерлік үй салуда. «Астана жерұйық» ЖШС мен «Батыс реал групп» ЖШС компаниялары тұрғын үйлер тқрғызуда. Облыс әкімі Тайыр Масұровтың өкімі бойынша тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында бас жоспарларды дайындау ұйымдастырылды: олар облыстың барлық 13 ауданы және облыс орталығы үшін жасалды. Петропавлдың және бүтіндей бүкіл облыстың қала құрылысы кадастры жетілдірілді. 2007 жылы аймақтың 90 елді мекенінің бас жоспары жасалды, жақында облыстың әр елді мекен: үшін бас жоспарлар дайындалатын болады. Қазіргі уақытта облыста ипотекалық несиелеуді екінші деңгейдегі жеті банктін филиалдары және "БТА Ипотека" АҚ жүргізеді. 2006 жылы банк филиалдары тұрғын үй сатып алуға, құрылысқа және жөндеуге 2657 заемшыға 7,1 миллиард теңге ипотекалық несиелер берді, соның ішінде «Қазақстан ипотекалық компаниясы» арқылы 231 заемшыға 508,8 миллион теңге берілді, оның Мемлекеттік бағдарлама бойынша 177 заемшыға берілгені 403,8 миллион теңге. 1286 салымшы «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы филиалымен жалпы сомасы 723,9 миллион теңгенің тұрғын үй заемы келісім-шартын жасады, сомасы 152,6 миллион теңгенің салымдары тартылды.

2006 жылы тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен берілетін ипотека аясында тұрғын үйлер тұрғызуға 373 миллион теңге бөлінді және ипотекалық тұрғын үй сатудан түскен тағы 600 миллион теңге жұмсалды. Бұл қаржылар Петропавлды қосып есептегенде 255 пәтер болатын төрт үйді тапсыруға және 86 пәтерлік үйдің екінші кезеңі құрылысын аяқтауға мүмкіндік берді. Сонымен бірге, тағы төрт үйдің құрылысы басталды, олар 2007 жылы іске қосылады.

Республикалық бюджеттен коммуналдық тұрғын үйге 387,5 миллион теңге бөлінді, оның 316,5 миллионы Петропавлға, ал 71 миллионы аудандарға жіберілді. Осы қаржылар есебінен облыс орталығында, жалпы қосып есептегенде 228 пәтер болатын бес үйдің құрылысы жүргізілуде. Оларды пайдалануға беру 2007 жылға жоспарланған. Селолық жерлерде жалпы аумағы 4,6 мың шаршы метр 65 пәтер пайдалануға берілді. Іске қосылған нысандарды көркейтуге және оларға инженерлік коммуникациялар тартуға 369,8 миллион теңге жұмсалды. Сонымен бірге, тұңғыш рет республикалық бюджеттен жеке тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік коммуникацияларды дамытуға және орнатуға 750 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржылар «Шығыс» және «Юбилейный» шағын қабатты жаңа құрылыс аудандарына инженерлік коммуникациялар салуға мүмкіндік берді.

Инвестор-компаниялардың қаржысы есебінен тұрғын үй құрылысын жүргізу жалғасуда. Мысалы, «Альянстройинвест» 54 пәтерлік үй тұрғызуда, «Құлагер» бұрынғы жатақхананы 50 пәтерлік үйге қайта жаңарту жұмысын жүргізуде және 44 пәтерлік үй салуда. «Астана жерұйық» ЖШС мен «Батыс реал групп» ЖШС компаниялары тұрғын үйлер тқрғызуда.

Облыс әкімі Тайыр Масұровтың өкімі бойынша тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында бас жоспарларды дайындау ұйымдастырылды: олар облыстың барлық 13 ауданы және облыс орталығы үшін жасалды. Петропавлдың және бүтіндей бүкіл облыстың қала құрылысы кадастры жетілдірілді. 2007 жылы аймақтың 90 елді мекенінің бас жоспары жасалды, жақында облыстың әр елді мекен: үшін бас жоспарлар дайындалатын болады.

Қазіргі уақытта облыста ипотекалық несиелеуді екінші деңгейдегі жеті банктін филиалдары және "БТА Ипотека" АҚ жүргізеді.

2006 жылы банк филиалдары тұрғын үй сатып алуға, құрылысқа және жөндеуге 2657 заемшыға 7,1 миллиард теңге ипотекалық несиелер берді, соның ішінде «Қазақстан ипотекалық компаниясы» арқылы 231 заемшыға 508,8 миллион теңге берілді, оның Мемлекеттік бағдарлама бойынша 177 заемшыға берілгені 403,8 миллион теңге. 1286 салымшы «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы филиалымен жалпы сомасы 723,9 миллион теңгенің тұрғын үй заемы келісім-шартын жасады, сомасы 152,6 миллион теңгенің салымдары тартылды.

Ұқсас материалдар