Қандастар Ассамблея

Үздік әскери мамандар байқауы

11.04.2013 2573
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты құрамалар мен бөлімдер арасында үздік әскери мамандарды анықтау мақсатында арнайы байқау өтті. Оған өңірлік қолбасшылықтың барлық гарнизондарынан 80-нен астам әртүрлі әскери мамандық иелері қатысты. Артиллеристер, гранатометшілер, жүргізуші-механиктер, көздеуші операторлар, байланысшылар, инженерлік-саперлік бөлімшелерінің өкілдері өз мамандықтары бойынша сынақтар тапсырды. Әскери қызметшілер жауынгерлік, саптық және дене дайындықтары бойынша өз шеберліктерін көрсетуге тырысты. Сондай-ақ, олар әскери топография арқылы жер бағдарлаудан, әскери машиналар мен техникаларды жүргізуден өзара бақ сынасты. Күрделі сынақтардан соң әртүрлі мамандықтар бойынша өз істерінің кәнігі шеберлері анықталды. Өскемен гарнизоны механикаландырылған танкі бригадасының әскери қызметшілері ең көп ұпай жинап, көзге түсті. Ортақ жеңіске осы бригаданың атқыштары, радиотелеграфистері, барлаушылары мен зениттік-артиллериялық батареясының операторлары өз үлестерін қосты. ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты құрамалар мен бөлімдер арасында үздік әскери мамандарды анықтау мақсатында арнайы байқау өтті. Оған өңірлік қолбасшылықтың барлық гарнизондарынан 80-нен астам әртүрлі әскери мамандық иелері қатысты. Артиллеристер, гранатометшілер, жүргізуші-механиктер, көздеуші операторлар, байланысшылар, инженерлік-саперлік бөлімшелерінің өкілдері өз мамандықтары бойынша сынақтар тапсырды.

Әскери қызметшілер жауынгерлік, саптық және дене дайындықтары бойынша өз шеберліктерін көрсетуге тырысты. Сондай-ақ, олар әскери топография арқылы жер бағдарлаудан, әскери машиналар мен техникаларды жүргізуден өзара бақ сынасты. Күрделі сынақтардан соң әртүрлі мамандықтар бойынша өз істерінің кәнігі шеберлері анықталды.

Өскемен гарнизоны механикаландырылған танкі бригадасының әскери қызметшілері ең көп ұпай жинап, көзге түсті. Ортақ жеңіске осы бригаданың атқыштары, радиотелеграфистері, барлаушылары мен зениттік-артиллериялық батареясының операторлары өз үлестерін қосты.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар