Қандастар Ассамблея

Германияда Атырау облысының Экономика күні өтті

11.04.2013 2098
Берлинде «Атырау облысының экономикалық және инвестициялық әлеуеті: герман кәсіпкерлері үшін мүмкіндіктер және перспективалар» тақырыбымен қазақ-герман Экономика күнін өткізді. Шараны ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Федералдық канцлер А.Меркель арасында шикізат, өнеркәсіп және технологиялар салаларындағы әріптестік құру жөніндегі былтырғы жылы қол жеткізілген маңызды уағдаластықтарды іске асыру мақсатында, Қазақстанның Германиядағы Елшілігі  ГФР-дың Орталық және Шығыс Еуропа елдерімен экономикалық ынтымақтастық Қауымдастығымен (OMV) бірлесіп өткізді.  Өзінің кіріспе сөзінде Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов қатысушыларды қазақ-герман қатынастарының өзекті даму мәселелері туралы баяндап, екі елдің іскерлік топтар арасындағы экономикалық ынтымақтастықты неғұрлым белсендіре түсуге шақырды. OMV Қауымдастығының атқарушы директоры Ханно Штёкер өз кезегінде Қазақстанда жұмыс істейтін немесе қазақстандық нарыққа шығуды жоспарлаған неміс кәсіпкерлеріне, ҚР экономикасының өзекті дамуы, іскерлік мүмкіндіктер, шетелдік инвесторларға ұсынылатын жеңілдіктер мен преференциялар жөнінде нақты ақпарат тарату мақсатында, осындай кездесулердің орасан зор маңыздылығын атап өтті. Негізгі баяндама жасаған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев, өңірге инвестициялар салу және бірлескен кәсіпорындар құру бойынша қолданыстағы кең ауқымды мүмкіндіктерді егжей-тегжейлі паш етіп, заманауи технологиялар қолданысына негізделген жаңа өндірістердің құрылуын ынталандыру бойынша, Үкіметтің басымдық шаралары кешені туралы әңгімеледі. Экономика күнінен кейін өткен тұсаукесерлік биржа аясында, сондай-ақ екі ел кәсіпкерлері арасында «GetTogether» және «B2B» форматтарында ұйымдастырылған кездесулер және келіссөздер шеңберінде, тараптар ауыл шаруашылығы, құрылыс, энергетика мен қуаттың баламалы көздері, өндеу өнеркәсібі салаларда сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мен одан әрі нығайту бойынша пікірлер және ұсыныстармен алмасты. Шара нәтижесінде Атырау облысы әкімдігі мен «Greenfortis GmbH» компаниясы арасында «жасыл» технологиялар саласындағы ынтымақтастық, Samruk-Green Energy және KD Stahl- und Maschinenbau арасында тіке шағын жел қондырғыларын өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын құру, сондай-ақ «Эко-Техникс» ЖШС мен WS Enegry Gmbh арасында мұнай ластануларын тазарту бойынша ең соңғы технологиялар табыс ету туралы маңызды екіжақты экономикалық құжаттарға қол қойылды. Сол күні Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев бастаған делегация, аты әлемге әйгілі «Berlin Adlershof» ғылыми-техникалық орталықта болып қайтып, онда заманауи инновациялық және жоғары технологиялық кәсіпорындарға қолдау көрсету бойынша Германияның озық тәжірибесімен танысты. Inform.kz

Берлинде «Атырау облысының экономикалық және инвестициялық әлеуеті: герман кәсіпкерлері үшін мүмкіндіктер және перспективалар» тақырыбымен қазақ-герман Экономика күнін өткізді. Шараны ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Федералдық канцлер А.Меркель арасында шикізат, өнеркәсіп және технологиялар салаларындағы әріптестік құру жөніндегі былтырғы жылы қол жеткізілген маңызды уағдаластықтарды іске асыру мақсатында, Қазақстанның Германиядағы Елшілігі  ГФР-дың Орталық және Шығыс Еуропа елдерімен экономикалық ынтымақтастық Қауымдастығымен (OMV) бірлесіп өткізді. 

Өзінің кіріспе сөзінде Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов қатысушыларды қазақ-герман қатынастарының өзекті даму мәселелері туралы баяндап, екі елдің іскерлік топтар арасындағы экономикалық ынтымақтастықты неғұрлым белсендіре түсуге шақырды.

OMV Қауымдастығының атқарушы директоры Ханно Штёкер өз кезегінде Қазақстанда жұмыс істейтін немесе қазақстандық нарыққа шығуды жоспарлаған неміс кәсіпкерлеріне, ҚР экономикасының өзекті дамуы, іскерлік мүмкіндіктер, шетелдік инвесторларға ұсынылатын жеңілдіктер мен преференциялар жөнінде нақты ақпарат тарату мақсатында, осындай кездесулердің орасан зор маңыздылығын атап өтті.

Негізгі баяндама жасаған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев, өңірге инвестициялар салу және бірлескен кәсіпорындар құру бойынша қолданыстағы кең ауқымды мүмкіндіктерді егжей-тегжейлі паш етіп, заманауи технологиялар қолданысына негізделген жаңа өндірістердің құрылуын ынталандыру бойынша, Үкіметтің басымдық шаралары кешені туралы әңгімеледі.

Экономика күнінен кейін өткен тұсаукесерлік биржа аясында, сондай-ақ екі ел кәсіпкерлері арасында «GetTogether» және «B2B» форматтарында ұйымдастырылған кездесулер және келіссөздер шеңберінде, тараптар ауыл шаруашылығы, құрылыс, энергетика мен қуаттың баламалы көздері, өндеу өнеркәсібі салаларда сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мен одан әрі нығайту бойынша пікірлер және ұсыныстармен алмасты.

Шара нәтижесінде Атырау облысы әкімдігі мен «Greenfortis GmbH» компаниясы арасында «жасыл» технологиялар саласындағы ынтымақтастық, Samruk-Green Energy және KD Stahl- und Maschinenbau арасында тіке шағын жел қондырғыларын өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын құру, сондай-ақ «Эко-Техникс» ЖШС мен WS Enegry Gmbh арасында мұнай ластануларын тазарту бойынша ең соңғы технологиялар табыс ету туралы маңызды екіжақты экономикалық құжаттарға қол қойылды.

Сол күні Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев бастаған делегация, аты әлемге әйгілі «Berlin Adlershof» ғылыми-техникалық орталықта болып қайтып, онда заманауи инновациялық және жоғары технологиялық кәсіпорындарға қолдау көрсету бойынша Германияның озық тәжірибесімен танысты.

Inform.kz

Ұқсас материалдар