Қандастар Ассамблея

Ұстаздық

11.04.2013 2040
  Әбекең бірнеше жыл Қазақ физкультура институтында кафедра меңгерушісі, проректор болып қызмет істеді. Тағдырдың жазуымен екеуміз бірнеше жыл қызметтес болдық. Мен ҚазМУ-дың спорттық лагерінде басшы болғанда ол кісі менің қасымда болды. Бірге еңбек еттік. Талай мәрте дәмдес болдық. Нұрмаханов университетте ұстаз болғанда да қарым-қатынасымыз үзілген жоқ. Әбекеңнің кейін Олимпиада чемпионы болған Ермахан Ыбрайымовтың қабілет-қарымын ерте аңдап, бауырына тартып, өз баласындай үйіне тұрғызғаны да – біле білген жанға тәлімі мол жағдай. Әбдісалан Нұрмахановтың ата-бабалары Арқаны мекен еткен, дәулетті, иманды, елге сыйлы адамдар болыпты. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ақ пен қызылдың соғысы, одан кәмпеске қазақты әбден титықтатты емес пе. Сол тұста Нұрмахан әулеті Бетпақты басып, Қызылдың құмын сағалай Өзбекстанға ауады. Қиын-қыстау кезеңде Нұрмаханның шаңырағы көп қиындық көреді. Жолда балалары шетінеп, қайғыдан қан жұтады. Содан Нұрмахан көші Сухандария өңіріндегі Күлтөбе ауылына тұрақтайды. Сол жерде 1936 жылы Әбдісалан дүниеге келеді. Қатал тағдыр Әбдісаланды ерте есейтті. Алты жасынан әкесіне еріп, қой бақты. Жұдырықтай бала көктем мен күздің қара суығында мал бағып жүріп, қазақы қойдың ерітілген майынан бір кесесін ішіп алады екен. Тері шалбар, жарғақ тон киген қара бала суыққа алдырмайды, әкесінің қолғанаты. Сол кездің балалары осылай есейді. Осылай шыңдалды. Олардың балалық шағы иен далада, желдің өтінде, малдың соңында өтті. Қызығы кем, бейнеті мол заман еді. Әбдісалан он жасқа толғанда олардың үй іші Түркістанға көшті. Мектепке қатарластарынан кеш барған Әбдісалан сегізжылдықты бітірген бойда Алматыға барып, темір жол техникумына оқуға түседі. Қарулы, бойшаң бозбала баскетбол мен ядро лақтыруда бағын сынап көреді. Ядро лақтырудан Алматыдағы оқу орындары арасында топ жарып, мамандар назарына ілігеді. Бірақ көңіл соқпаған соң тұрақтамай, әйгілі волейбол бапкері Октябрь Жарылғаповтың шақыруымен волейболға ауысады. Волейболға да көңіл хошы болмайды. Осыны сезген Жарылғапов үш айдан кейін Нұрмахановты қолынан жетектеп, боксшыларға қосып жібереді. Түркістанда Молдабек Құралбаев деген жас бапкерден он бес жасында бокс әліппесін үйренген Әбдісаланға керегі осы еді. Даңты Әбдісаланның бокс спортына келуі осындай. Тарихқа көз салсақ, ұлы спортшылар көбіне кездейсоқ келіп жатады. Талантқа Құдай өзі жол тауып береді. Авторы: Темірхан Досмұхамбетов.

 

Әбекең бірнеше жыл Қазақ физкультура институтында кафедра меңгерушісі, проректор болып қызмет істеді. Тағдырдың жазуымен екеуміз бірнеше жыл қызметтес болдық. Мен ҚазМУ-дың спорттық лагерінде басшы болғанда ол кісі менің қасымда болды. Бірге еңбек еттік. Талай мәрте дәмдес болдық. Нұрмаханов университетте ұстаз болғанда да қарым-қатынасымыз үзілген жоқ. Әбекеңнің кейін Олимпиада чемпионы болған Ермахан Ыбрайымовтың қабілет-қарымын ерте аңдап, бауырына тартып, өз баласындай үйіне тұрғызғаны да – біле білген жанға тәлімі мол жағдай.
Әбдісалан Нұрмахановтың ата-бабалары Арқаны мекен еткен, дәулетті, иманды, елге сыйлы адамдар болыпты. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ақ пен қызылдың соғысы, одан кәмпеске қазақты әбден титықтатты емес пе. Сол тұста Нұрмахан әулеті Бетпақты басып, Қызылдың құмын сағалай Өзбекстанға ауады. Қиын-қыстау кезеңде Нұрмаханның шаңырағы көп қиындық көреді. Жолда балалары шетінеп, қайғыдан қан жұтады. Содан Нұрмахан көші Сухандария өңіріндегі Күлтөбе ауылына тұрақтайды. Сол жерде 1936 жылы Әбдісалан дүниеге келеді.
Қатал тағдыр Әбдісаланды ерте есейтті. Алты жасынан әкесіне еріп, қой бақты. Жұдырықтай бала көктем мен күздің қара суығында мал бағып жүріп, қазақы қойдың ерітілген майынан бір кесесін ішіп алады екен. Тері шалбар, жарғақ тон киген қара бала суыққа алдырмайды, әкесінің қолғанаты. Сол кездің балалары осылай есейді. Осылай шыңдалды. Олардың балалық шағы иен далада, желдің өтінде, малдың соңында өтті. Қызығы кем, бейнеті мол заман еді.
Әбдісалан он жасқа толғанда олардың үй іші Түркістанға көшті. Мектепке қатарластарынан кеш барған Әбдісалан сегізжылдықты бітірген бойда Алматыға барып, темір жол техникумына оқуға түседі. Қарулы, бойшаң бозбала баскетбол мен ядро лақтыруда бағын сынап көреді. Ядро лақтырудан Алматыдағы оқу орындары арасында топ жарып, мамандар назарына ілігеді. Бірақ көңіл соқпаған соң тұрақтамай, әйгілі волейбол бапкері Октябрь Жарылғаповтың шақыруымен волейболға ауысады. Волейболға да көңіл хошы болмайды. Осыны сезген Жарылғапов үш айдан кейін Нұрмахановты қолынан жетектеп, боксшыларға қосып жібереді. Түркістанда Молдабек Құралбаев деген жас бапкерден он бес жасында бокс әліппесін үйренген Әбдісаланға керегі осы еді. Даңты Әбдісаланның бокс спортына келуі осындай. Тарихқа көз салсақ, ұлы спортшылар көбіне кездейсоқ келіп жатады. Талантқа Құдай өзі жол тауып береді.

Авторы: Темірхан Досмұхамбетов.