Қандастар Ассамблея

"Қазақстан барысы" додасына іріктеу сын аяқталуға жақын

09.04.2013 2247
Жүлдеге 150 мың АҚШ доллары мен темір тұлпар тіккен «Қазақстан Барысы» додасына іріктеу сыны өз мәресіне жетіп келеді. Қазақ күресінің шын шеберлерін анықтайтын додаға қатысушылар санында шек жоқ. Алайда, әр облыстан қара үзіп шыққан балуандар ғана 30 маусым күні Астанадағы «Сарыарқа» велокешенінде өтетін финалдық сынға жолдама алады.  Кең-байтақ еліміздің әрбір нүктесіндегі таланттардың көзін ашып, төл күресіміздің танымалдығын арттыруды мақсат еткен жобаға іріктеу сынының екінші айналымы Оңтүстік Қазақстан облысында аяқталды. Сөздің шыны керек, оңтүстіктегі бәсекенің бәсі бөлек болды. Себебі, Шымкентте өткен қалалық сынды тамашалауға басқа емес, былтырғы «барыс» Бейбіт Ыстыбаевтың өзі келген еді. «Тараз арланының» алдында өз өнерлерін паш еткен балуандар арасынан Самат Есен және Назар Ерсұлтанов есімді спортшылар суырылып шықты. Қазақ-түрік педагогикалық университетінің студенті Самат 28 жастағы Назардан таза ұтылды. Себебі, екеуінің салмақтарында біраз айырмашылық бар еді. Оның үстіне, Назардың шеберлігі де бір бас жоғары болды. Егер Назар Ерсұлтанов облыстық турнирді жеңіспен аяқтап, республикалық сынға қатысатын болса, турнирдің ең ауыр балуаны атанбақ. Себебі, былтыр 139 келімен алыптар көшін бастаған Бейбіт Ыстыбаевтың өзі Назардан әлдеқайда жеңіл. «Шымкент барысының» салмағы - 163,1 келіні көрсетті. Турнирді ұйымдастырушылар тарапынан алып балуан Назарға темір тұлпардың кілті табысталды. Енді ол облыстық турнирде бағын сынап көрмек. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қазақстан Барысына» іріктеу кезеңінің бірінші айналымына 14 755 балуан қатысса, екінші айналымда 2508 спортшы күш сынасты. Осынша балуанның арасынан топ жарған 27 спортшы облыстық кезеңде кім мықтыны анықтайды. Айтпақшы, былтыр «Қазақстан Барысы» додасының финалында Оңтүстік өңірінің намысын қорғаған Нұрзат Бекасылов пен Сабыржан Әбілдаұлы бірден үшінші кезеңге жолдама алып қойған. Енді олар мамырдың 3-4 күндері финалға берілетін екі билет үшін барын салады. Қазақ күресінен өтетін «Қазақстан Барысы» додасы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының қолдауымен өтуде. Алтыннан құйылған «Тайтұяққа» үміткерлер сұлбасы облыстан озып шыққан соң анықтала бастайды. Бүгін барлық облыстардағы финалдық сын өтетін күндер белгіленді. Маңғыстау облысы – 19-21 сәуір Батыс Қазақстан облысы – 22-24 сәуір Қарағанды облысы – 24-25 сәуір Алматы облысы – 26 сәуір Қызылорда облысы – 30 сәуір – 1 мамыр Ақтөбе облысы – 1 мамыр Атырау облысы – 3-4 мамыр Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облысы – 4 мамыр Шығыс Қазақстан облысы – 4-5 мамыр Астана қаласы – 4-5 мамыр Жамбыл облысы – 4-5 мамыр Қостанай облысы – 5-7 мамыр Солтүстік Қазақстан облысы – 7 мамыр Алматы қаласы – 7 мамыр  "Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі  

Жүлдеге 150 мың АҚШ доллары мен темір тұлпар тіккен «Қазақстан Барысы» додасына іріктеу сыны өз мәресіне жетіп келеді. Қазақ күресінің шын шеберлерін анықтайтын додаға қатысушылар санында шек жоқ. Алайда, әр облыстан қара үзіп шыққан балуандар ғана 30 маусым күні Астанадағы «Сарыарқа» велокешенінде өтетін финалдық сынға жолдама алады. 

Кең-байтақ еліміздің әрбір нүктесіндегі таланттардың көзін ашып, төл күресіміздің танымалдығын арттыруды мақсат еткен жобаға іріктеу сынының екінші айналымы Оңтүстік Қазақстан облысында аяқталды. Сөздің шыны керек, оңтүстіктегі бәсекенің бәсі бөлек болды. Себебі, Шымкентте өткен қалалық сынды тамашалауға басқа емес, былтырғы «барыс» Бейбіт Ыстыбаевтың өзі келген еді. «Тараз арланының» алдында өз өнерлерін паш еткен балуандар арасынан Самат Есен және Назар Ерсұлтанов есімді спортшылар суырылып шықты. Қазақ-түрік педагогикалық университетінің студенті Самат 28 жастағы Назардан таза ұтылды. Себебі, екеуінің салмақтарында біраз айырмашылық бар еді. Оның үстіне, Назардың шеберлігі де бір бас жоғары болды. Егер Назар Ерсұлтанов облыстық турнирді жеңіспен аяқтап, республикалық сынға қатысатын болса, турнирдің ең ауыр балуаны атанбақ. Себебі, былтыр 139 келімен алыптар көшін бастаған Бейбіт Ыстыбаевтың өзі Назардан әлдеқайда жеңіл. «Шымкент барысының» салмағы - 163,1 келіні көрсетті. Турнирді ұйымдастырушылар тарапынан алып балуан Назарға темір тұлпардың кілті табысталды. Енді ол облыстық турнирде бағын сынап көрмек.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қазақстан Барысына» іріктеу кезеңінің бірінші айналымына 14 755 балуан қатысса, екінші айналымда 2508 спортшы күш сынасты. Осынша балуанның арасынан топ жарған 27 спортшы облыстық кезеңде кім мықтыны анықтайды. Айтпақшы, былтыр «Қазақстан Барысы» додасының финалында Оңтүстік өңірінің намысын қорғаған Нұрзат Бекасылов пен Сабыржан Әбілдаұлы бірден үшінші кезеңге жолдама алып қойған. Енді олар мамырдың 3-4 күндері финалға берілетін екі билет үшін барын салады.

Қазақ күресінен өтетін «Қазақстан Барысы» додасы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының қолдауымен өтуде. Алтыннан құйылған «Тайтұяққа» үміткерлер сұлбасы облыстан озып шыққан соң анықтала бастайды.

Бүгін барлық облыстардағы финалдық сын өтетін күндер белгіленді.

Маңғыстау облысы – 19-21 сәуір

Батыс Қазақстан облысы – 22-24 сәуір

Қарағанды облысы – 24-25 сәуір

Алматы облысы – 26 сәуір

Қызылорда облысы – 30 сәуір – 1 мамыр

Ақтөбе облысы – 1 мамыр

Атырау облысы – 3-4 мамыр

Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облысы – 4 мамыр

Шығыс Қазақстан облысы – 4-5 мамыр

Астана қаласы – 4-5 мамыр

Жамбыл облысы – 4-5 мамыр

Қостанай облысы – 5-7 мамыр

Солтүстік Қазақстан облысы – 7 мамыр

Алматы қаласы – 7 мамыр 

"Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі

 

Ұқсас материалдар