Қандастар Ассамблея

Иванов Всеволод Вячеславович

08.04.2013 2361
Всеволод Иванович 1895 жылы 24 ақпанда Павлодар облысы Лебяжі ауданында туған. Болашақ сөз шебері өздігінен білім алып, мұғалім болады. Отбасының күйі қайғы-қасіретке толы еді. 1919 жылы кенеттен әкесі қаза тауып, шешесі поляк әулетінен шыққан - Ирина Семеновна Савицкая қуғындалған. Аға-інілері де ерте қайтқан. В. Иванов екі жылдық шіркеу мектебінде оқыды. Кейін Павлодарға келіп, төмендегі сатыдағы ауылшаруашылық училищесіне түседі. Мұнда физика, агрономия, география және т.б. пәндер бойынша дәріс алады. Бір жылдан кейін бұл жерден біржолата кетіп өздігінен білім алады. Қазақстан, Сібір, Орта Азияны, Орал бойын аралап, енді Үндістанға баруды армандайды. Арманын іске асыра алмағанмен өз шығармаларында өзек етті. Болашақ жазушы 1915 жылы Қорған қаласына келеді. Мұнда баспаханаға орналасып, әріп теруші қызметін атқарады. 1915 жылы 25 желтоқсанда Қорғанның халық газетінде оның тұңғыш «Қасиетті түнде» әңгімесі жарияланады. Келесі жылдары Сібір басылымдарында жазушының жиырмадан астам әңгімелері басылады. В. Ивановтың шығармашылық тағдырына М.Горький әсер етеді. 1916 жылы жазушыға хат жазып, оған бірнеше әңгімелерін жібереді. «Антон ата», «Ертіс бойымен» шығармаларына М.Горький жоғары баға береді. Бұл әңгімелері «Пролетар жинағына» енген. 1921 жылы М.Горькийдің ұсынысымен Петроградқа келіп, «Ағайынды Серапионовтар» әдеби бірлестігіне кіреді. Жас прозаиктің «Партизан» повестері жарық көреді. Үш кітаптан тұратын («Партизандар», «14-69 бронзепойзд», «Түрлі-түсті дауылдар») шығармаларында Сібірдегі азамат соғысы, халықтың жер мен бостандық жолдарындағы күресі бейнеленген. Жиырма алты жасында көркем сөздің таңдаулы шебері аталған, В. Иванов тағы көптеген туындылар жазады. «Көгілдір құмдар», «Будданың оралуы» (1923), «Тігінші Фокиннің басынан кешірген кереметтері» (1924), «Өзім туралы әңгімелер», «Экзотикалық әңгімелер» (1925), «Иприт» романы «В. Шкловскиймен бірлесіп жазған, 1926 ж.), «Ерекше құпиясы» (1927), «Оқшау үйі» (1928) және т.б. әңгімелер жинағы. Ұлы Отан соғысы және кейінгі кезендерде бейбітшілік, соғыс, тарих тақырыптарға арналған көптеген әңгімелер, публицистикалық мақалалар жазған. «Бородино дастаны» (1943), «Максим Горкиймен кездесулер» (1947), «Берлинді аларда» (1946), «Ломоносов» пьесасын (1953), «Біз Индияға барамыз» (1960) жылы жазған. Бірқатар шығармалары Европа мен шетел тілдеріне аударылған. В. Иванов - қазақ әдебиетінің жанашыры болған. Ол 1936 жылы Б. Майлин, Ғ. Мүсіреповпен бірге «Амангелді» кинофилімінің сценарииін жазған. В. Ивановтың таланты кезінде жоғары бағаланады. Әдебиетке қосқан зор еңбегі үшін екі орден және медальмен марапатталған. Источник: акимат Павлодарской области

Всеволод Иванович 1895 жылы 24 ақпанда Павлодар облысы Лебяжі ауданында туған. Болашақ сөз шебері өздігінен білім алып, мұғалім болады. Отбасының күйі қайғы-қасіретке толы еді. 1919 жылы кенеттен әкесі қаза тауып, шешесі поляк әулетінен шыққан - Ирина Семеновна Савицкая қуғындалған. Аға-інілері де ерте қайтқан.

В. Иванов екі жылдық шіркеу мектебінде оқыды. Кейін Павлодарға келіп, төмендегі сатыдағы ауылшаруашылық училищесіне түседі. Мұнда физика, агрономия, география және т.б. пәндер бойынша дәріс алады. Бір жылдан кейін бұл жерден біржолата кетіп өздігінен білім алады.

Қазақстан, Сібір, Орта Азияны, Орал бойын аралап, енді Үндістанға баруды армандайды. Арманын іске асыра алмағанмен өз шығармаларында өзек етті. Болашақ жазушы 1915 жылы Қорған қаласына келеді. Мұнда баспаханаға орналасып, әріп теруші қызметін атқарады.

1915 жылы 25 желтоқсанда Қорғанның халық газетінде оның тұңғыш «Қасиетті түнде» әңгімесі жарияланады. Келесі жылдары Сібір басылымдарында жазушының жиырмадан астам әңгімелері басылады.

В. Ивановтың шығармашылық тағдырына М.Горький әсер етеді. 1916 жылы жазушыға хат жазып, оған бірнеше әңгімелерін жібереді. «Антон ата», «Ертіс бойымен» шығармаларына М.Горький жоғары баға береді. Бұл әңгімелері «Пролетар жинағына» енген.

1921 жылы М.Горькийдің ұсынысымен Петроградқа келіп, «Ағайынды Серапионовтар» әдеби бірлестігіне кіреді. Жас прозаиктің «Партизан» повестері жарық көреді. Үш кітаптан тұратын («Партизандар», «14-69 бронзепойзд», «Түрлі-түсті дауылдар») шығармаларында Сібірдегі азамат соғысы, халықтың жер мен бостандық жолдарындағы күресі бейнеленген.

Жиырма алты жасында көркем сөздің таңдаулы шебері аталған, В. Иванов тағы көптеген туындылар жазады. «Көгілдір құмдар», «Будданың оралуы» (1923), «Тігінші Фокиннің басынан кешірген кереметтері» (1924), «Өзім туралы әңгімелер», «Экзотикалық әңгімелер» (1925), «Иприт» романы «В. Шкловскиймен бірлесіп жазған, 1926 ж.), «Ерекше құпиясы» (1927), «Оқшау үйі» (1928) және т.б. әңгімелер жинағы.

Ұлы Отан соғысы және кейінгі кезендерде бейбітшілік, соғыс, тарих тақырыптарға арналған көптеген әңгімелер, публицистикалық мақалалар жазған. «Бородино дастаны» (1943), «Максим Горкиймен кездесулер» (1947), «Берлинді аларда» (1946), «Ломоносов» пьесасын (1953), «Біз Индияға барамыз» (1960) жылы жазған. Бірқатар шығармалары Европа мен шетел тілдеріне аударылған.

В. Иванов - қазақ әдебиетінің жанашыры болған. Ол 1936 жылы Б. Майлин, Ғ. Мүсіреповпен бірге «Амангелді» кинофилімінің сценарииін жазған. В. Ивановтың таланты кезінде жоғары бағаланады. Әдебиетке қосқан зор еңбегі үшін екі орден және медальмен марапатталған.

Источник: акимат Павлодарской области