Сармат мәдениеті

08.11.2012 14137
Соңғы редакциялау: 24 қазан 2012 жыл САРМАТ МӘДЕНИЕТІ — ерте темір дәуірінде Қазақстанның батыс өлкелері мен Оңт. Орал далаларын мекендеген көшпелі тайпалар қалдырған түрлі археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Жалпы “сармат” атауы көне грек жазба деректерінен жеткен шартты ұғым, ал сарматтар осы тарихи деректер бойынша шығыстан келіп, Қара т. скифтері патшалығын талқандаған тайпалар ретінде танымал. Археол. зерттеулер С. м. жайлы, яғни тайпалардың жерлеу ғұрпы, заттық мәдениеті, өнері жайлы құнды деректер берді. Ғыл. қорытындылар бойынша, мәдениеттің өмір сүрген уақыты б.з.б. 7 — 6 ғ-лар мен б.з. 4 ғ. арасын алып жатқан өте үлкен мерзімді қамтиды. Даму барысындағы ерекшеліктерді ескере отырып, ғалымдар осы өте ұзақ мерзімді “ерте сармат” (немесе прохоров мәдениеті), “орта сармат”, “соңғы сармат” деп аталатын үш кезеңге бөлді. Бат. Қазақстаннан Қара т., Орт. Еуропаға дейінгі аралықта тараған, жүздеп саналатын обаларды қазу, олардан алынған деректерді зерттеу, сараптауда М.И. Ростовцев, Б.Н. Граков, К.Ф. Смирнов, М.Г. Мошкова, Б.Ф. Железчиков, М.Қадырбаев, Ж.Құрманқұлов, А.Х. Пшеничнюк, С.Ю. Гуцалов еңбектерінің маңызы зор. С. м-нің алғаш қанат жайып қалыптасқан аумағы Еділден шығысқа қарай орналасқан өлкелер. Ғыл. пайымдаулар бойынша, осы жерлерде, ең алдымен, Ор мен Елек өзендері алқаптарында, Жайық далаларында ерте С. м. (б.з.б. 7 — 6 ғ-лар мен 1 ғ. аралығы) қалыптасқан. Бесоба, Сынтас сияқты қорымдардан алынған деректер осы кезең жайлы құнды мәліметтер берді, сондай-ақ қазір зерттеліп жатқан Қырықоба үлкен қорымы (Бат. Қазақстан обл.) маңызды нысандар қатарына кіреді. Археол. зерттеулерде ерте сармат кезеңіне жататын семсер, қанжар, жебе сияқты қару түрлерінің, ат әбзелдерінің, түбі дөңес қыш көзелердің, айналар мен тас құрбандық ыдыстардың, аң стилімен сомдалған бұйымдардың тұрақты сипаттамалары жасалған. Зерттеушілер заттық мәдениет пен жерлеу ғұрпының басты ерекшеліктерін алға тарта отырып, ерте С. м-нің қалыптасуына жергілікті дәстүрлермен қоса Арал, Төм. Сырдария сақтарының да маңызды ықпалы болғанын атап көрсетті. Б.з.б. 1 ғ-дан бастап 4 ғ-ға дейінгі аралықты орта және соңғы С. м. ескерткіштері алып жатыр. Сармат тайпаларының үлкен бөлігінің батысқа жылжыған уақытымен сәйкес келетін бұл кезеңдердің ескерткіштері шашырай таралып, аз табылған және біршама өзгерістерге ұшыраған. Мәдениет дамуының соңына қарай орын алған тарихи оқиғаларға байланысты кейінгі Сармат ескерткіштерінде ғұн ықпалы басым. Сармат дәуіріне жататын, бірақ классик. С. м. үлгісінен өзіндік ерекшеліктері бар кейбір ескерткіштер Арал мен Каспий аралығында ашылды (мыс., Дықылтас, Бәйте қорымдары, Қызылүйік ғибадатханасы). Кейінгі зерттеулер барысында туындап отырған күрделі мәселелердің бірі — С. м. мен “дах-массагет” атауымен байланыстырылатын ескерткіштердің арасын анықтау болып табылады. А. Бейсенов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том  

Соңғы редакциялау:

24 қазан 2012 жыл

САРМАТ МӘДЕНИЕТІ — ерте темір дәуірінде Қазақстанның батыс өлкелері мен Оңт. Орал далаларын мекендеген көшпелі тайпалар қалдырған түрлі археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Жалпы “сармат” атауы көне грек жазба деректерінен жеткен шартты ұғым, ал сарматтар осы тарихи деректер бойынша шығыстан келіп, Қара т. скифтері патшалығын талқандаған тайпалар ретінде танымал. Археол. зерттеулер С. м. жайлы, яғни тайпалардың жерлеу ғұрпы, заттық мәдениеті, өнері жайлы құнды деректер берді. Ғыл. қорытындылар бойынша, мәдениеттің өмір сүрген уақыты б.з.б. 7 — 6 ғ-лар мен б.з. 4 ғ. арасын алып жатқан өте үлкен мерзімді қамтиды. Даму барысындағы ерекшеліктерді ескере отырып, ғалымдар осы өте ұзақ мерзімді “ерте сармат” (немесе прохоров мәдениеті), “орта сармат”, “соңғы сармат” деп аталатын үш кезеңге бөлді. Бат. Қазақстаннан Қара т., Орт. Еуропаға дейінгі аралықта тараған, жүздеп саналатын обаларды қазу, олардан алынған деректерді зерттеу, сараптауда М.И. Ростовцев, Б.Н. Граков, К.Ф. Смирнов, М.Г. Мошкова, Б.Ф. Железчиков, М.Қадырбаев, Ж.Құрманқұлов, А.Х. Пшеничнюк, С.Ю. Гуцалов еңбектерінің маңызы зор. С. м-нің алғаш қанат жайып қалыптасқан аумағы Еділден шығысқа қарай орналасқан өлкелер. Ғыл. пайымдаулар бойынша, осы жерлерде, ең алдымен, Ор мен Елек өзендері алқаптарында, Жайық далаларында ерте С. м. (б.з.б. 7 — 6 ғ-лар мен 1 ғ. аралығы) қалыптасқан. Бесоба, Сынтас сияқты қорымдардан алынған деректер осы кезең жайлы құнды мәліметтер берді, сондай-ақ қазір зерттеліп жатқан Қырықоба үлкен қорымы (Бат. Қазақстан обл.) маңызды нысандар қатарына кіреді. Археол. зерттеулерде ерте сармат кезеңіне жататын семсер, қанжар, жебе сияқты қару түрлерінің, ат әбзелдерінің, түбі дөңес қыш көзелердің, айналар мен тас құрбандық ыдыстардың, аң стилімен сомдалған бұйымдардың тұрақты сипаттамалары жасалған. Зерттеушілер заттық мәдениет пен жерлеу ғұрпының басты ерекшеліктерін алға тарта отырып, ерте С. м-нің қалыптасуына жергілікті дәстүрлермен қоса Арал, Төм. Сырдария сақтарының да маңызды ықпалы болғанын атап көрсетті. Б.з.б. 1 ғ-дан бастап 4 ғ-ға дейінгі аралықты орта және соңғы С. м. ескерткіштері алып жатыр. Сармат тайпаларының үлкен бөлігінің батысқа жылжыған уақытымен сәйкес келетін бұл кезеңдердің ескерткіштері шашырай таралып, аз табылған және біршама өзгерістерге ұшыраған. Мәдениет дамуының соңына қарай орын алған тарихи оқиғаларға байланысты кейінгі Сармат ескерткіштерінде ғұн ықпалы басым. Сармат дәуіріне жататын, бірақ классик. С. м. үлгісінен өзіндік ерекшеліктері бар кейбір ескерткіштер Арал мен Каспий аралығында ашылды (мыс., Дықылтас, Бәйте қорымдары, Қызылүйік ғибадатханасы). Кейінгі зерттеулер барысында туындап отырған күрделі мәселелердің бірі — С. м. мен “дах-массагет” атауымен байланыстырылатын ескерткіштердің арасын анықтау болып табылады.

А. Бейсенов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том

 

Ұқсас материалдар