Қыпшақ хандығы

08.11.2012 15179
  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 ҚЫПШАҚ ХАНДЫҒЫ — шамамен 11 — 13 ғ-ларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік. 11 ғ-дың бас кезінде Қимақ (кимек) қағандығы ыдырағаннан кейін әскери-саяси билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшті. Олар 11 ғ-дың 2-ширегінен бастап оңт. және бат. бағыттарда белсенді әрекетке көшті. Алдымен, Сырдарияның орта және төм. ағысын, Арал мен Каспий өңірлерін жайлаған оғыз тайпаларын ығыстырды. “Оғыздар даласының” (Мафадат әл-ғұз) орнына Дешті Қыпшақ атауы орнықты. 11 ғ-дың ортасынан бастап қыпшақтар Еділден өтіп, батысқа қарай жылжиды. Алдымен, Солт. Кавказ халықтары мен ежелгі орыс князьдіктері қыпшақтармен байланысқа түсті. Кейіннен олар Византия империясы (1064), Болгария жеріне (1065) әлсін-әлсін шабуыл жасап, 1071 — 80 ж. алғашқы тобы (кұмандар) Дунай өз-не келіп жетті. Кейбір рулары басқа түркі тайпаларымен бірлесе отырып, Кіші Азияға да (11 ғ.) тарай бастады. 1064 ж. армяндардың Баграт әулеті салжұқтардан ығысып, Қырымға көшіп келді де, қыпшақтармен қоян-қолтық араласты. Саяси жағынан кіріптар болғандықтан, армяндар қыпшақ тілін үйреніп, сол тілде жазатын болған. Кұмандар 12 ғ-дың бас кезінде Соломон патшаның тұсында Карпат тауы арқылы Польша жеріне өтті, кейбір топтары Византия жеріне келіп орналасты. Сонымен 11 — 12 ғ-ларда Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейін созылған аса үлкен еуразиялық өлы даланы мекендеген халықтардың бәрі қыпшақтар аталды. Олар екіге бөлініп, Еділ өз-нің шығыс жағында Шығ. Дешті Қыпшақ, ал батысында Бат. Дешті Қыпшақ тайпалар одағы құрылды. 12 ғ-дың ортасынан Сырдария бойындағы қалалар үшін Қ. х мен Хорезм мемл. арасында соғыс басталды. Осы кезден Қ. х. әлсірей бастады. Өйткені қыпшақ ақсүйектерінің бір бөлігі Хорезм шаһына қызмет ете бастады әрі ішкі тақ тартысы күшейді. Хорезм қыпшақтардан Сырдарияның төм. ағысын және Маңғыстауды тартып алды. 13 ғ-дың басында хорезмдіктер Сыр бойына толық иелік етіп, Торғай, Ырғыз, Есіл, Нұра өзендерін жайлаған қыпшақтарға жорық жасай бастады. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында Қ. х. ыдырау алдында тұрды. Таққа тек ел-бөрілі руынан шыққандар мұрагерлік жолмен сайланды. Қ. х. ежелгі түркі дәстүрі бойынша 2 қанатқа бөлінді. Оң қанаттағы хан ордасы Солт.-Бат. Қазақстанда, сол қанат Сығанақ қ-нда орналасты. Әскери-әкімш. жүйе көшпелі өмірге ыңғайлы болды. Негізгі байлық жылқымен өлшенді. Дегенмен мал ш-мен қоса егіншілік те дамыды. 11 — 12 ғ-ларда өлы даланы мекендеген түркі тайпалары мен этностары біртұтас болып бірікті. Бұл кейіннен қазақ халқының қалыптасуына негізгі ұйтқы болды. Шыңғыс хан әскерлері ретінде Дешті Қыпшаққа Орт. Азиядан келіп сіңген түркі-моңғол тайпалары (керей, меркіт, найман, уақ, жалайыр, қоңырат, т.б.) мен Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшақтармен араласып, біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары “Қыпшақ ұлысы”, “қыпшақ тілдес халықтар” деген жалпылама атаумен аталып кетті. 13 ғ-дың аяғында Алтын Орданың құрамындағы қыпшақ тайпаларының этн. негізінде құрылған автон. бірлестік — Ақ Орда күшейе бастады. 14 ғ-дың аяқ кезінен бастап Ақ Орданы (Шығ. Дешті Қыпшақ) мекендеген қыпшақ тайпалары “өзбек” деген жалпылама атаумен аталды. 15 ғ-дың орта тұсынан бастап “өзбек” терминін “қазақ” атауы ығыстырып шығарды. Б. Көмеков Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

ҚЫПШАҚ ХАНДЫҒЫ — шамамен 11 — 13 ғ-ларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік. 11 ғ-дың бас кезінде Қимақ (кимек) қағандығы ыдырағаннан кейін әскери-саяси билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшті. Олар 11 ғ-дың 2-ширегінен бастап оңт. және бат. бағыттарда белсенді әрекетке көшті. Алдымен, Сырдарияның орта және төм. ағысын, Арал мен Каспий өңірлерін жайлаған оғыз тайпаларын ығыстырды. “Оғыздар даласының” (Мафадат әл-ғұз) орнына Дешті Қыпшақ атауы орнықты. 11 ғ-дың ортасынан бастап қыпшақтар Еділден өтіп, батысқа қарай жылжиды. Алдымен, Солт. Кавказ халықтары мен ежелгі орыс князьдіктері қыпшақтармен байланысқа түсті. Кейіннен олар Византия империясы (1064), Болгария жеріне (1065) әлсін-әлсін шабуыл жасап, 1071 — 80 ж. алғашқы тобы (кұмандар) Дунай өз-не келіп жетті. Кейбір рулары басқа түркі тайпаларымен бірлесе отырып, Кіші Азияға да (11 ғ.) тарай бастады. 1064 ж. армяндардың Баграт әулеті салжұқтардан ығысып, Қырымға көшіп келді де, қыпшақтармен қоян-қолтық араласты. Саяси жағынан кіріптар болғандықтан, армяндар қыпшақ тілін үйреніп, сол тілде жазатын болған. Кұмандар 12 ғ-дың бас кезінде Соломон патшаның тұсында Карпат тауы арқылы Польша жеріне өтті, кейбір топтары Византия жеріне келіп орналасты. Сонымен 11 — 12 ғ-ларда Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейін созылған аса үлкен еуразиялық өлы даланы мекендеген халықтардың бәрі қыпшақтар аталды. Олар екіге бөлініп, Еділ өз-нің шығыс жағында Шығ. Дешті Қыпшақ, ал батысында Бат. Дешті Қыпшақ тайпалар одағы құрылды. 12 ғ-дың ортасынан Сырдария бойындағы қалалар үшін Қ. х мен Хорезм мемл. арасында соғыс басталды. Осы кезден Қ. х. әлсірей бастады. Өйткені қыпшақ ақсүйектерінің бір бөлігі Хорезм шаһына қызмет ете бастады әрі ішкі тақ тартысы күшейді. Хорезм қыпшақтардан Сырдарияның төм. ағысын және Маңғыстауды тартып алды. 13 ғ-дың басында хорезмдіктер Сыр бойына толық иелік етіп, Торғай, Ырғыз, Есіл, Нұра өзендерін жайлаған қыпшақтарға жорық жасай бастады. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында Қ. х. ыдырау алдында тұрды. Таққа тек ел-бөрілі руынан шыққандар мұрагерлік жолмен сайланды. Қ. х. ежелгі түркі дәстүрі бойынша 2 қанатқа бөлінді. Оң қанаттағы хан ордасы Солт.-Бат. Қазақстанда, сол қанат Сығанақ қ-нда орналасты. Әскери-әкімш. жүйе көшпелі өмірге ыңғайлы болды. Негізгі байлық жылқымен өлшенді. Дегенмен мал ш-мен қоса егіншілік те дамыды. 11 — 12 ғ-ларда өлы даланы мекендеген түркі тайпалары мен этностары біртұтас болып бірікті. Бұл кейіннен қазақ халқының қалыптасуына негізгі ұйтқы болды. Шыңғыс хан әскерлері ретінде Дешті Қыпшаққа Орт. Азиядан келіп сіңген түркі-моңғол тайпалары (керей, меркіт, найман, уақ, жалайыр, қоңырат, т.б.) мен Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшақтармен араласып, біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары “Қыпшақ ұлысы”, “қыпшақ тілдес халықтар” деген жалпылама атаумен аталып кетті. 13 ғ-дың аяғында Алтын Орданың құрамындағы қыпшақ тайпаларының этн. негізінде құрылған автон. бірлестік — Ақ Орда күшейе бастады. 14 ғ-дың аяқ кезінен бастап Ақ Орданы (Шығ. Дешті Қыпшақ) мекендеген қыпшақ тайпалары “өзбек” деген жалпылама атаумен аталды. 15 ғ-дың орта тұсынан бастап “өзбек” терминін “қазақ” атауы ығыстырып шығарды.

Б. Көмеков

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Ұқсас материалдар