Қандастар Ассамблея

Облыстағы жылу-энергетика кешені мен темір жол көлігі

04.04.2013 3280
"ЗИКСТО" АҚ бүгіндері жылу-энергетика кешені мен темір жол көлік үшін жүк таситын жылжымалы құрамды қызмет мерзімін ұзартатындай етіп күрделі жөндеуте, қосалқы бөлшектер мен құрал-жабдықтар, ауыл шаруашылығы өндірісіне қосалқы бөлшектер мен техника жасауға, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлар шығаруға мамандануда. Кәсіпорын жылыту шамдарын, канистрлер, гидрокөтергіштер және басқа да өнімдер шығарады. Көліктік машина жасау саласында осы кәсіпорында "НЕФАЗ" акционерлік қоғамымен (Башқұртстан, Ресей) КамАЗ автокөліктеріне жүк артатын қораптар мен тіркемелер жасау жөніндегі бірлескен өндірісті ұйымдастыру болашағы бар жобалардың бірі болып саналады. "Мұнаймаш" АҚ, бұрынғы атқарушы құрал-жабдықтар мен олардың қосалқы бөлшектерін, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне құрал-жабдықтар береді. "С.М. Киров атындағы зауыт" АҚ Қазақстан Республикасының темір жол, энергетика және мұнай-газ кешендеріне электротехникалық өнімдер өндіруді игерді. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының сұранымы бойынша автоматика мен байланыс құралдарын — қауіпсіздіктің "КЛУБ" кешенді локомотивтік жабдығын және бұрын Қазақстанда шығарылмаған симплекеттік радиостанциясын, сондай-ақ темір жол көлігі үшін бұйымдардың елуден астам түрін жасайды. Энергетика кешені үшін электр қуаты мен газ есептегіштер, тоқ трансформаторлары, автоматиканы қорғау жәшіктері, энергетикалық құрал-жабдықтар жасалады, мұнай-газ кешені үшін — "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ шығаратын МБ-1 қондырғысына энергоблок дайындалады. "Ауыл шаурушылығы техникасы зауыты" ЖШС ЖВП-9,1 жатқаларын шығарады. "Солтүстік машина жасау зауыты" ЖШС шағын литражды двигательдер, жылжымалы электростанцияларын және басқа да бұйымдар өндіреді. "Петропавл электр қуатын өткізбейтін материалдар жасау кәсіпорны" ЖШС фольгаланған диэлектриктер, текстолиттер және шынытек-столиттер, лактар, бояулар, лакталған мата және басқа да өнімдер өндіреді. Олардың 80 пайыздан астамы экспортқа шығарылады. Облыстың жеңіл өнеркәсібі саласында киім, аяқ киім, фурнитура, тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар дайындау жөніндегі бірқатар кәсіпорындар жұмыс істейді. Солардың ішінде "Динамо-СК", "Петропавл былғары зауыты", "Пима фабрикасы", "Қой терісі-елтірі фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және басқа да өндірістер бар. "Динамо-СК" ЖШС спорт киімдерін, формалық және арнайы киімдер және басқа халық тұтынатын тауарлар тігуге мамандануда. Энергетикалық кешеннің кәсіпорындары, ірі өнеркәсіп кәсіпорындары, күш құрылымдары, шағын және орта бизнес кәсіпорындары, денсаулық сақтау және білім мекемелері оның тұрақты тұтынушылары болып табылады. "СК Гофракартон" ЖШС өнеркәсіп және азық-түлік өнімдерін салатын түрлі картон жәшіктерін жасайды. Кәсіпорынның цехтарында гофракартон және картон жәшіктерін жасайтын желілер, екі түсті жазу мен сурет басатын құрал орнатылған. Оның өнімдерін облысымыздың және республиканың кәсіпорындары (Астана, Көкшетау, Қостанай) пайдаланады. Қайта қалпына келтірілген былғары зауытында, қазіргі "Петропавл былғары зауыты" ЖШС-да тері өңделіп, "el Blue" жартылай дайын былғары өндіріледі. Кәсіпорынның өнімдері экспортқа — Италияға, Үндістанға, Түркияға және Қытайға жөнелтіледі. "Пима фабрикасы" ЖШС пима мен киіз шығарады. Өңірімізде қыстың қатты болуына орай бұл өнімдер сұранысқа ие болып отыр.

"ЗИКСТО" АҚ бүгіндері жылу-энергетика кешені мен темір жол көлік үшін жүк таситын жылжымалы құрамды қызмет мерзімін ұзартатындай етіп күрделі жөндеуте, қосалқы бөлшектер мен құрал-жабдықтар, ауыл шаруашылығы өндірісіне қосалқы бөлшектер мен техника жасауға, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлар шығаруға мамандануда. Кәсіпорын жылыту шамдарын, канистрлер, гидрокөтергіштер және басқа да өнімдер шығарады. Көліктік машина жасау саласында осы кәсіпорында "НЕФАЗ" акционерлік қоғамымен (Башқұртстан, Ресей) КамАЗ автокөліктеріне жүк артатын қораптар мен тіркемелер жасау жөніндегі бірлескен өндірісті ұйымдастыру болашағы бар жобалардың бірі болып саналады.

"Мұнаймаш" АҚ, бұрынғы атқарушы құрал-жабдықтар мен олардың қосалқы бөлшектерін, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне құрал-жабдықтар береді.

"С.М. Киров атындағы зауыт" АҚ Қазақстан Республикасының темір жол, энергетика және мұнай-газ кешендеріне электротехникалық өнімдер өндіруді игерді. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының сұранымы бойынша автоматика мен байланыс құралдарын — қауіпсіздіктің "КЛУБ" кешенді локомотивтік жабдығын және бұрын Қазақстанда шығарылмаған симплекеттік радиостанциясын, сондай-ақ темір жол көлігі үшін бұйымдардың елуден астам түрін жасайды. Энергетика кешені үшін электр қуаты мен газ есептегіштер, тоқ трансформаторлары, автоматиканы қорғау жәшіктері, энергетикалық құрал-жабдықтар жасалады, мұнай-газ кешені үшін — "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ шығаратын МБ-1 қондырғысына энергоблок дайындалады.

"Ауыл шаурушылығы техникасы зауыты" ЖШС ЖВП-9,1 жатқаларын шығарады. "Солтүстік машина жасау зауыты" ЖШС шағын литражды двигательдер, жылжымалы электростанцияларын және басқа да бұйымдар өндіреді.

"Петропавл электр қуатын өткізбейтін материалдар жасау кәсіпорны" ЖШС фольгаланған диэлектриктер, текстолиттер және шынытек-столиттер, лактар, бояулар, лакталған мата және басқа да өнімдер өндіреді. Олардың 80 пайыздан астамы экспортқа шығарылады.

Облыстың жеңіл өнеркәсібі саласында киім, аяқ киім, фурнитура, тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар дайындау жөніндегі бірқатар кәсіпорындар жұмыс істейді. Солардың ішінде "Динамо-СК", "Петропавл былғары зауыты", "Пима фабрикасы", "Қой терісі-елтірі фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және басқа да өндірістер бар.

"Динамо-СК" ЖШС спорт киімдерін, формалық және арнайы киімдер және басқа халық тұтынатын тауарлар тігуге мамандануда. Энергетикалық кешеннің кәсіпорындары, ірі өнеркәсіп кәсіпорындары, күш құрылымдары, шағын және орта бизнес кәсіпорындары, денсаулық сақтау және білім мекемелері оның тұрақты тұтынушылары болып табылады.

"СК Гофракартон" ЖШС өнеркәсіп және азық-түлік өнімдерін салатын түрлі картон жәшіктерін жасайды. Кәсіпорынның цехтарында гофракартон және картон жәшіктерін жасайтын желілер, екі түсті жазу мен сурет басатын құрал орнатылған. Оның өнімдерін облысымыздың және республиканың кәсіпорындары (Астана, Көкшетау, Қостанай) пайдаланады.

Қайта қалпына келтірілген былғары зауытында, қазіргі "Петропавл былғары зауыты" ЖШС-да тері өңделіп, "el Blue" жартылай дайын былғары өндіріледі. Кәсіпорынның өнімдері экспортқа — Италияға, Үндістанға, Түркияға және Қытайға жөнелтіледі. "Пима фабрикасы" ЖШС пима мен киіз шығарады. Өңірімізде қыстың қатты болуына орай бұл өнімдер сұранысқа ие болып отыр.

Ұқсас материалдар