Негізгі қорға тартылған инвестиция

04.04.2013 2461
Негізгі қорға тартылған инвестиция көлемін елеулі түрде ұлғайтуға қол жеткізілді: олар 2003 жылғы 12352,8 миллион теңгеден 2005 жылы — 37228,7 миллион теңгеге жеткізілді. Оның үстіне 2005 жылы облыс экономикасына 2004 жылғыға қарағанда инвестиция 1,9 есе көп құйылды, 2006 жылы инвестиция көлемі 26981,7 миллион теңгені құрады. 2003-2005 жылдары негізгі қорға республикалық бюджет есебінен құйылған инвестиция 3,6 есе өсті, олардың осындай инвестицияның жалпы көлеміндегі үлес салмағы 10,7 пайыздан 15,2 пайызға дейін артты. Республика бюджетінен келіп түскен қаржы тұрғын үй, су құбыры, білім және денсаулық сақтау салалары нысандары, тазарту қондырғысы және суағар жүйелерін салуға бағытталды. Жергілікті бюджет қаржыларынан облыс экономикасын дамытуға 2003-2005 жылдары 3.1 миллиард теңге жұмсалды. Олар мектептерді, ауруханаларды, тұрғын үй коммуналдық, сумен қамту нысандарын салуға және қайта құруға пайдаланылды. Негізгі қорға құйылған шетелдік инвестиция 2003 жылғы 135,5 миллион теңгеден 2005 жылы — 389,0 миллион теңгеге өсті. Алайда негізгі қорды толықтырудың басты көзі облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының өз қаржылары болып есептеледі және солай бола береді. Үш жылда орта есеппен олардың көлемі 2,4 есе өсіп, осындай қаржы құюдың жалпы көлемінің 80 пайызын құрады. 2006 жылы республикалық бюджеттен 4265,0 миллион теңге келіп түсті, жергілікті бюджеттің қаржысы 1989,3 миллион, шетелдік инвестиция — 310,9 миллион, кәсіпорындардың өз қаржылары — 20416,5 миллион теңгені құрады. 2003-2006 жылдары 375,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, орташа жылдық өсім 45 пайызға жуық болды, 2006 жылы — 150,5 мың шаршы метр, немесе 2005 жылғы деңгейдегіден 125 пайыз артық баспана салынды. 2003-2005 жылдары жергілікті дәреже деп автокөлік жолдарын жөндеуді қаржыландыруға жергілікті бюджеттен барлығын қосып есептегенде 1688,5 миллион теңге бөлінді. Сыртқы экономикалық қызмет көбіне өңірдің географиялық орналасуымен, сондай-ақ оның негізгі өндірістік мамандануымен айқындалады. Облыс жыл сайын Қазақстандағы барлық астықтың төрттен біріне жуығын өндіреді, бұл өңірдің шет мемлекеттермен сауда жасай алуына мүмкіндік береді. 2006 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының сыртқы сауда айналымы, транзиттік сауда-саттықты есептемегенде, 1118,3 миллион АҚШ долларын құрады, бүл 2005 жылдағыдан 20,7 пайыз көп, оның ішінде экспорт — 426,8 миллион доллар (өсімі 48,8 пайыз), импорт — 691.5 миллион доллар (өсім 8,1 пайыз). Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық өсімі негізінен өнеркәсіп кәсіпорындарының, ауыл шаруашылығы мен көлік саласының тұрақты жұмысы есебінен қамтамасыз етілуде. Құлдырауды жеңген бұл салалар өндірісті сенімді дамытуда, өндірілетін өнім көлемі мен түрлерін ұлғайтуда. жүк айналымын өсіруде, көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуда.

Негізгі қорға тартылған инвестиция көлемін елеулі түрде ұлғайтуға қол жеткізілді: олар 2003 жылғы 12352,8 миллион теңгеден 2005 жылы — 37228,7 миллион теңгеге жеткізілді. Оның үстіне 2005 жылы облыс экономикасына 2004 жылғыға қарағанда инвестиция 1,9 есе көп құйылды, 2006 жылы инвестиция көлемі 26981,7 миллион теңгені құрады.

2003-2005 жылдары негізгі қорға республикалық бюджет есебінен құйылған инвестиция 3,6 есе өсті, олардың осындай инвестицияның жалпы көлеміндегі үлес салмағы 10,7 пайыздан 15,2 пайызға дейін артты. Республика бюджетінен келіп түскен қаржы тұрғын үй, су құбыры, білім және денсаулық сақтау салалары нысандары, тазарту қондырғысы және суағар жүйелерін салуға бағытталды. Жергілікті бюджет қаржыларынан облыс экономикасын дамытуға 2003-2005 жылдары 3.1 миллиард теңге жұмсалды. Олар мектептерді, ауруханаларды, тұрғын үй коммуналдық, сумен қамту нысандарын салуға және қайта құруға пайдаланылды. Негізгі қорға құйылған шетелдік инвестиция 2003 жылғы 135,5 миллион теңгеден 2005 жылы — 389,0 миллион теңгеге өсті. Алайда негізгі қорды толықтырудың басты көзі облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының өз қаржылары болып есептеледі және солай бола береді. Үш жылда орта есеппен олардың көлемі 2,4 есе өсіп, осындай қаржы құюдың жалпы көлемінің 80 пайызын құрады. 2006 жылы республикалық бюджеттен 4265,0 миллион теңге келіп түсті, жергілікті бюджеттің қаржысы 1989,3 миллион, шетелдік инвестиция — 310,9 миллион, кәсіпорындардың өз қаржылары — 20416,5 миллион теңгені құрады.

2003-2006 жылдары 375,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, орташа жылдық өсім 45 пайызға жуық болды, 2006 жылы — 150,5 мың шаршы метр, немесе 2005 жылғы деңгейдегіден 125 пайыз артық баспана салынды. 2003-2005 жылдары жергілікті дәреже деп автокөлік жолдарын жөндеуді қаржыландыруға жергілікті бюджеттен барлығын қосып есептегенде 1688,5 миллион теңге бөлінді.

Сыртқы экономикалық қызмет көбіне өңірдің географиялық орналасуымен, сондай-ақ оның негізгі өндірістік мамандануымен айқындалады. Облыс жыл сайын Қазақстандағы барлық астықтың төрттен біріне жуығын өндіреді, бұл өңірдің шет мемлекеттермен сауда жасай алуына мүмкіндік береді. 2006 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының сыртқы сауда айналымы, транзиттік сауда-саттықты есептемегенде, 1118,3 миллион АҚШ долларын құрады, бүл 2005 жылдағыдан 20,7 пайыз көп, оның ішінде экспорт — 426,8 миллион доллар (өсімі 48,8 пайыз), импорт — 691.5 миллион доллар (өсім 8,1 пайыз).

Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық өсімі негізінен өнеркәсіп кәсіпорындарының, ауыл шаруашылығы мен көлік саласының тұрақты жұмысы есебінен қамтамасыз етілуде. Құлдырауды жеңген бұл салалар өндірісті сенімді дамытуда, өндірілетін өнім көлемі мен түрлерін ұлғайтуда. жүк айналымын өсіруде, көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуда.

Ұқсас материалдар