Қандастар Ассамблея

Вознесенск соборы

04.04.2013 2265
Вознесенск соборын сонау 30-шы жылдары большевиктер тып-типыл қылған болатын. Алайда дінге сенушілер оны қайтадан салуды әрқашан есте ұстады. Нәтижесінде 1999 жылдың 20 мамырында тұрғындар жинаған 25 миллион теңге қаржыға Вознесения шіркеуін салу басталды. Алайда жұмыс баяу жүрді, ал қаржы біткеннен кейін мүлде тоқтатылды. Облыстың жаңа әкімі Т.А. Мансұров 2004 жылы оның құрылысына 100 миллион теңге қаржы бөліп, мердігерді белгіледі және бүкіл құжаттаманы тәртіпке келтіруді талап етті. Құрылыс қайтадан қызды. Және де шіркеудің жанынан кітапхана мен оқырмандар залына арналған екі шағын ғимарат, сондай-ақ иконалар бөлмесі, жексенбілік мектеп тұрғызылды. Шіркеудің қоладан құйылған алты қоңырауы Каменск-Уральск қаласындағы "Пятков және К" фирмасында жасалды. Шіркеудің күмбезі титанмен қапталған құрыштан жасалды. Омбы қаласының мамандары да көп көмегін тигізді. Әсіресе, шіркеудің ішкі көркіне көп көңіл бөлінді. Мәскеу облысындағы белгілі "Софрино" кәсіпорнынан иконалар, крестер, басқа да шіркеу мүліктері сатып алынды. Шіркеу еденіне шоқындыруға арналған ойықжасалды. Жаңа шіркеудің көркі, әрине, Мәскеудің мэрі Ю.М. Лужков сыйға тартқан аспалы шам – паникадило. "Қызылжар" орталық мешітінің ашылу салтанатына облыс әкімі Тайыр Мансұров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі, Шымкент пен Ақмоланың епископы Елевферий, діни ұйымдардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, жұртшылық өкілдері, жүздеген азаматтар, ұлты мен діні әртүрлі адамдар қатысты. Жиналғандарға сөз арнаған әкім ел Президентінің экономиканың даму мәселесше ғана емес, сонымен бірге қазақстандықтардың рухани өміріне де баса көңіл бөлетінік айтты. Тайыр Аймұхаметұлы құрылыс компаниясының басшылары мен ұжымына, осы бір асқақ мешіттің құрылысына қатысқандардың барлығына алғысын білдірді. Әбсаттар қажы Дербісәлі қоғамның рухани жай-күйінің маңыздылығын атап көрсете келіп, дінге сенушілерге қол ұшын бергені үшін ел мен облыстың басшыларына ілтипат білдірді. Ресей мұсылмандарының атынан Әнуарбек қажы облыс пен қала тұрғындарын кұттықтады. Сондай-ақ Шымкент пен Ақмоланың эпископы Елевферий мен "Қызылжар" орталық мешітінің бас имамы Жақия қажы Исмайылов құттықтау лебіздерін білдірді. Ашылу салтанатынан және намаздан кейін дін өкілдері, облыс басшылары мешітті аралады.

Вознесенск соборын сонау 30-шы жылдары большевиктер тып-типыл қылған болатын. Алайда дінге сенушілер оны қайтадан салуды әрқашан есте ұстады. Нәтижесінде 1999 жылдың 20 мамырында тұрғындар жинаған 25 миллион теңге қаржыға Вознесения шіркеуін салу басталды. Алайда жұмыс баяу жүрді, ал қаржы біткеннен кейін мүлде тоқтатылды. Облыстың жаңа әкімі Т.А. Мансұров 2004 жылы оның құрылысына 100 миллион теңге қаржы бөліп, мердігерді белгіледі және бүкіл құжаттаманы тәртіпке келтіруді талап етті. Құрылыс қайтадан қызды. Және де шіркеудің жанынан кітапхана мен оқырмандар залына арналған екі шағын ғимарат, сондай-ақ иконалар бөлмесі, жексенбілік мектеп тұрғызылды. Шіркеудің қоладан құйылған алты қоңырауы Каменск-Уральск қаласындағы "Пятков және К" фирмасында жасалды. Шіркеудің күмбезі титанмен қапталған құрыштан жасалды. Омбы қаласының мамандары да көп көмегін тигізді. Әсіресе, шіркеудің ішкі көркіне көп көңіл бөлінді. Мәскеу облысындағы белгілі "Софрино" кәсіпорнынан иконалар, крестер, басқа да шіркеу мүліктері сатып алынды. Шіркеу еденіне шоқындыруға арналған ойықжасалды. Жаңа шіркеудің көркі, әрине, Мәскеудің мэрі Ю.М. Лужков сыйға тартқан аспалы шам – паникадило.

"Қызылжар" орталық мешітінің ашылу салтанатына облыс әкімі Тайыр Мансұров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі, Шымкент пен Ақмоланың епископы Елевферий, діни ұйымдардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, жұртшылық өкілдері, жүздеген азаматтар, ұлты мен діні әртүрлі адамдар қатысты.

Жиналғандарға сөз арнаған әкім ел Президентінің экономиканың даму мәселесше ғана емес, сонымен бірге қазақстандықтардың рухани өміріне де баса көңіл бөлетінік айтты. Тайыр Аймұхаметұлы құрылыс компаниясының басшылары мен ұжымына, осы бір асқақ мешіттің құрылысына қатысқандардың барлығына алғысын білдірді.

Әбсаттар қажы Дербісәлі қоғамның рухани жай-күйінің маңыздылығын атап көрсете келіп, дінге сенушілерге қол ұшын бергені үшін ел мен облыстың басшыларына ілтипат білдірді. Ресей мұсылмандарының атынан Әнуарбек қажы облыс пен қала тұрғындарын кұттықтады. Сондай-ақ Шымкент пен Ақмоланың эпископы Елевферий мен "Қызылжар" орталық мешітінің бас имамы Жақия қажы Исмайылов құттықтау лебіздерін білдірді.

Ашылу салтанатынан және намаздан кейін дін өкілдері, облыс басшылары мешітті аралады.