Қандастар Ассамблея

"Қызылжар" орталық мешіті

04.04.2013 4158
Қазақстанның солтүстігіне келген шетелдіктер діни сенім бостандығы өмірдің нормасына айналғанын өз көздерімен көреді. 2005 жылғы мамырда АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Джон Ордвей облыста болды. Оны Тайыр Мансұров қабылдады. Елші әңгіме барысында Петр мен Павел әулиелердің шіркеуінде болғанын айтқанда әкім қала тұрғындарының тілектері бойынша жаңа православиелік шіркеу мен мұсылман мешіті салынып жатқанын хабарлады. Сондай-ақ облыс орталығында католиктер шіркеулері, басқа да діндердің ғибадатханалары бар. Сонымен бірге өңір басшысы бүкіл еліміздегі сияқты Солтүстік Қазақстанда әлеуметтік тұрақтылық және осында тұратын адамдар – әр-түрлі ұлт өкілдерінің достығы сақталғанын Ордвей мырзаға хабардар етті. "Облыста ұлтаралық және дінаралық татулықты қамтамасыз етуге баға жеткісіз үлес қосатын сан алуан діндерді ұстанушылар тату-тәтті тұрып жатыр. Өңірдегі ұлтаралық тұрақтылық әлеуметтік және басқа мәселелерді дәйектілікпен және жүйелі түрде шешуге ықпал жасайды", — деді Тайыр Аймұхаметұлы. 2005 жылғы 27 қарашада облыстағы қатары қалың екі діннің – ислам мен православиенің тарихында төтенше маңыз ды оқиға болды: Петропавлда "Қызылжар" орталық мешіті мен "Вознесения Господня" православие шіркеуі ашылды. Мешіт құрылысы 2001 жылы Солтүстік Қазақстанның мұсылмандары жинаған 46 миллион теңге қаржыға салынумен басталды. Оның қақ жартысы мешіттің іргетасын қалауға және қабырғасын бір метр биіктікке көтеруге жұмсалды. Қалған 23 миллион теңге жалақы ретінде құрылысшыларға төленді. Құрылысты одан әрі жүргізуге қаржы жетпеді, сондықтан мешіт үш жыл бойы тым-тырыс түрды. Облыс әкімі Тайыр Мансұров құрылысты аяқтау жөнінде Мемлекет басшысының көмек көрсетуіне өтініш білдірді. Президент Н.Ә. Назарбаев Сауд Аравиясына сапары барысында тақ мұрагері Сұлтан бен Абделазизге осы жоба туралы айтып еді, нәтижесінде Солтүстік Қазақстанның мұсылмандарына 2 миллион доллар қаржы бөлінді. Әкім Т.А. Мансұров облыстың даму қорынан құрылысқа 73 миллион теңге қаржы бөлді. Мешітті тұрғызуды "Құлагер" құрылыс корпорациясы" ЖШС-ның филиалы қолға алды. Тас қалаушылар мен әрлеушілер тәулік бойы жұмыс істеп, бар болғаны үш айдың ішінде мешітті іске қосты. Мешіттің аумағы – 5000 шаршы метр. Онда еркектерге арналған 550 орындық және әйелдерге арналған 200 орындық екі зал бар. 250 орындық асхана, неке залы, 200 орындық ас беру залы, кітапхана, екі дәрісхана мешітке көрік беріп тұр. Сондай-ақ дәрет алатын екі бөлме бар. Мешіттің хрустальдан жасалған аспалы шамы арнайы тапсырыс бойынша Түркиядан жеткізілді. Ғимараттың айналасына қарағайлар, гүлдер отырғызылған, егде адамдар онда демалады. Жалпы айтқанда, мешіт осы заманғы дизаин талаптарына сәйкес   салынған.   46 метрлік екі мұнарасы бар. Бұл нысанның өзіндік сәулеті мен көркемдік безендірілуін мамандар да, тұрғындар да жоғары бағалады.

Қазақстанның солтүстігіне келген шетелдіктер діни сенім бостандығы өмірдің нормасына айналғанын өз көздерімен көреді. 2005 жылғы мамырда АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Джон Ордвей облыста болды. Оны Тайыр Мансұров қабылдады. Елші әңгіме барысында Петр мен Павел әулиелердің шіркеуінде болғанын айтқанда әкім қала тұрғындарының тілектері бойынша жаңа православиелік шіркеу мен мұсылман мешіті салынып жатқанын хабарлады. Сондай-ақ облыс орталығында католиктер шіркеулері, басқа да діндердің ғибадатханалары бар. Сонымен бірге өңір басшысы бүкіл еліміздегі сияқты Солтүстік Қазақстанда әлеуметтік тұрақтылық және осында тұратын адамдар – әр-түрлі ұлт өкілдерінің достығы сақталғанын Ордвей мырзаға хабардар етті. "Облыста ұлтаралық және дінаралық татулықты қамтамасыз етуге баға жеткісіз үлес қосатын сан алуан діндерді ұстанушылар тату-тәтті тұрып жатыр. Өңірдегі ұлтаралық тұрақтылық әлеуметтік және басқа мәселелерді дәйектілікпен және жүйелі түрде шешуге ықпал жасайды", — деді Тайыр Аймұхаметұлы.

2005 жылғы 27 қарашада облыстағы қатары қалың екі діннің – ислам мен православиенің тарихында төтенше маңыз ды оқиға болды: Петропавлда "Қызылжар" орталық мешіті мен "Вознесения Господня" православие шіркеуі ашылды.

Мешіт құрылысы 2001 жылы Солтүстік Қазақстанның мұсылмандары жинаған 46 миллион теңге қаржыға салынумен басталды. Оның қақ жартысы мешіттің іргетасын қалауға және қабырғасын бір метр биіктікке көтеруге жұмсалды. Қалған 23 миллион теңге жалақы ретінде құрылысшыларға төленді. Құрылысты одан әрі жүргізуге қаржы жетпеді, сондықтан мешіт үш жыл бойы тым-тырыс түрды. Облыс әкімі Тайыр Мансұров құрылысты аяқтау жөнінде Мемлекет басшысының көмек көрсетуіне өтініш білдірді. Президент Н.Ә. Назарбаев Сауд Аравиясына сапары барысында тақ мұрагері Сұлтан бен Абделазизге осы жоба туралы айтып еді, нәтижесінде Солтүстік Қазақстанның мұсылмандарына 2 миллион доллар қаржы бөлінді. Әкім Т.А. Мансұров облыстың даму қорынан құрылысқа 73 миллион теңге қаржы бөлді. Мешітті тұрғызуды "Құлагер" құрылыс корпорациясы" ЖШС-ның филиалы қолға алды. Тас қалаушылар мен әрлеушілер тәулік бойы жұмыс істеп, бар болғаны үш айдың ішінде мешітті іске қосты. Мешіттің аумағы – 5000 шаршы метр. Онда еркектерге арналған 550 орындық және әйелдерге арналған 200 орындық екі зал бар. 250 орындық асхана, неке залы, 200 орындық ас беру залы, кітапхана, екі дәрісхана мешітке көрік беріп тұр. Сондай-ақ дәрет алатын екі бөлме бар. Мешіттің хрустальдан жасалған аспалы шамы арнайы тапсырыс бойынша Түркиядан жеткізілді. Ғимараттың айналасына қарағайлар, гүлдер отырғызылған, егде адамдар онда демалады. Жалпы айтқанда, мешіт осы заманғы дизаин талаптарына сәйкес   салынған.   46 метрлік екі мұнарасы бар. Бұл нысанның өзіндік сәулеті мен көркемдік безендірілуін мамандар да, тұрғындар да жоғары бағалады.

Ұқсас материалдар