Қандастар Ассамблея

Ұлттық жаңғыру мектебі

04.04.2013 2214
Облыс орталығында кіші ассамблеяның қамқорлығымен №7 мектеп-кешеннің негізінде ұлттық жаңғыру мектебі ашылды. Оның неміс, армян, поляк, татар, кәріс, шешен, әзербайжан, украин, еврей, белорус бөлімшелерінде 200-ге жуық бала оқиды. Бұл оқу орны жұмысын жексенбілік мектеп қағидаты бойынша жүргізеді. Оқыту тегін, әрқайсысы үш жылдан тұратын үш кезеңге созылады. Қалалық бюджеттің есебінен қаржыландырады. Онда тіл, әдебиет, елтану, бейнелеу өнері, дін тарихы, хореография, өз ұлттарының саздары мен әндері оқытылады. Сабақтарда ойын элементтері пайдаланылып, ғұрыптар мен дәстүрлер туралы әңгімеленетін дәстүрлі емес нышанда өткізіледі. Түрлі ұлттардың жас өкілдерінің ана тілдерін үйренуі туралы айтқанда мына бір мысалды айналып өтуге болмайды: Тайынша ауданының 16 мектебінде мыңнан астам жасөспірім поляк тілін оқып жүр. Оларға жоғары білікті ұстаздар сабақ береді. Поляк тілінің кабинеттері көрнекі құралдармен, оқу-әдістемелік әдебиетпен, оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандырылған. 2005 жылы осы мектептердің 85 түлегі Польша Республикасының жоғары оқу орындарына жіберілді. "Видергебурт" неміс қоғамдық орталығы ана тілін сақтау жөнінде айтарлықтай жұмыс жүргізіп келеді. Онда тілді терең және жедел меңгеру жөнінде ақысыз курстар ұйымдастырылады. "Солнечный" санаторий-профилакторийінің негізінде балалар жазда демалумен бірге ана тілі жөніндегі білімдерін жетілдірді, этностың мәдениетіне, ғұрыптары мен дәстүрлеріне қаныға түсті. Қоғамның төрт өкілі Германияда болып, жастар жобасының шеңберінде ТМД елдерінен қоныс аударғандардың тұрмысымен танысты. Орталықтар Қазақстан халықтары тілдерінің мерекесі шеңберінде сан-салалы бағдарламаларын ұсынады. Олар апта ішінде 30-ға жуық ұйым мен мекемелер болып, өздерінің ғұрыптары мен дәстүрлері туралы баяндайды, ал фольклорлық ұйымдар концерт береді. Кіші ассамблея С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханамен бірлесе отырып, "Халықтың мәдениеті оның тілінде" деген тақырыпта "дөңгелек үстел" өткізді. Неміс орталығында "Тілдер әлеміне саяхат" ұйымдастырылды. Балалар тамаша елді аралағандай болды. Осы этностың дәстүрлері, тілі мен тұрмысы туралы біле түсті, көптеген тілдерде амандасуды, жақсылық тілеуді үйренді. Польша, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь, Германия елшіліктерінің өкілдіктері кіші ассамблея мен ұлттық-мәдени орталықтардың қызметтерімен танысты. Олар облыста сан алуан ұлттардың мәдениетін, дәстүрі мен ғұрыптарын сақтауда және насихаттауда, қоғамды топтастыруда, азаматтық татулық пен дәстүрлі достықты нығайтуда көп жұмыс атқарылғанын атап көрсетті. Ұлттық-мәдени орталықтардың шараларының бірі – аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке әзірлеуге қолдау көрсету жөніндегі қайырымдылық акциясы. Тәжік пен шешен қауымдары, сондай-ақ поляк орталығы Бөбектер үйіне, мүгедектерге арналған интернат-үйге бірнеше рет көмек көрсетті. Петропавл қаласында еврей мәдени орталығы ұйымдастырған әлеуметтік көмек станциясы жұмыс істейді. Неміс бірлестігі диаспора мүшелерін жергілікті шипажайларда сауықтыруды ұйымдастырып отырады. Бұл қоғамның бастамасы бойынша екінші қалалық аурухананың негізінде бірқатар ақысыз медициналық жобалар ұйымдастырылды: табыстары аз отбасылардың мүшелері УЗИ аппаратымен тексеріледі, стоматологиялық қызмет көрсетіледі, сондай-ақ стационарлық жағдайда ем алуға мүмкіндік берілген. Басқа да орталықтар қайырымдылықпен шұғылданады. Қорыта айтқанда, кіші ассамблея мен ұлттық-мәдени бірлестіктердің осы бір сан қырлы атаулы жұмысы Солтүстік Қазақстанның кең байтақ өңірінде татулықты, келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауға ықпалын тигізуде.

Облыс орталығында кіші ассамблеяның қамқорлығымен №7 мектеп-кешеннің негізінде ұлттық жаңғыру мектебі ашылды. Оның неміс, армян, поляк, татар, кәріс, шешен, әзербайжан, украин, еврей, белорус бөлімшелерінде 200-ге жуық бала оқиды. Бұл оқу орны жұмысын жексенбілік мектеп қағидаты бойынша жүргізеді. Оқыту тегін, әрқайсысы үш жылдан тұратын үш кезеңге созылады. Қалалық бюджеттің есебінен қаржыландырады. Онда тіл, әдебиет, елтану, бейнелеу өнері, дін тарихы, хореография, өз ұлттарының саздары мен әндері оқытылады. Сабақтарда ойын элементтері пайдаланылып, ғұрыптар мен дәстүрлер туралы әңгімеленетін дәстүрлі емес нышанда өткізіледі. Түрлі ұлттардың жас өкілдерінің ана тілдерін үйренуі туралы айтқанда мына бір мысалды айналып өтуге болмайды: Тайынша ауданының 16 мектебінде мыңнан астам жасөспірім поляк тілін оқып жүр. Оларға жоғары білікті ұстаздар сабақ береді. Поляк тілінің кабинеттері көрнекі құралдармен, оқу-әдістемелік әдебиетпен, оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандырылған. 2005 жылы осы мектептердің 85 түлегі Польша Республикасының жоғары оқу орындарына жіберілді.

"Видергебурт" неміс қоғамдық орталығы ана тілін сақтау жөнінде айтарлықтай жұмыс жүргізіп келеді. Онда тілді терең және жедел меңгеру жөнінде ақысыз курстар ұйымдастырылады. "Солнечный" санаторий-профилакторийінің негізінде балалар жазда демалумен бірге ана тілі жөніндегі білімдерін жетілдірді, этностың мәдениетіне, ғұрыптары мен дәстүрлеріне қаныға түсті. Қоғамның төрт өкілі Германияда болып, жастар жобасының шеңберінде ТМД елдерінен қоныс аударғандардың тұрмысымен танысты.

Орталықтар Қазақстан халықтары тілдерінің мерекесі шеңберінде сан-салалы бағдарламаларын ұсынады. Олар апта ішінде 30-ға жуық ұйым мен мекемелер болып, өздерінің ғұрыптары мен дәстүрлері туралы баяндайды, ал фольклорлық ұйымдар концерт береді. Кіші ассамблея С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханамен бірлесе отырып, "Халықтың мәдениеті оның тілінде" деген тақырыпта "дөңгелек үстел" өткізді. Неміс орталығында "Тілдер әлеміне саяхат" ұйымдастырылды. Балалар тамаша елді аралағандай болды. Осы этностың дәстүрлері, тілі мен тұрмысы туралы біле түсті, көптеген тілдерде амандасуды, жақсылық тілеуді үйренді.

Польша, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь, Германия елшіліктерінің өкілдіктері кіші ассамблея мен ұлттық-мәдени орталықтардың қызметтерімен танысты. Олар облыста сан алуан ұлттардың мәдениетін, дәстүрі мен ғұрыптарын сақтауда және насихаттауда, қоғамды топтастыруда, азаматтық татулық пен дәстүрлі достықты нығайтуда көп жұмыс атқарылғанын атап көрсетті.

Ұлттық-мәдени орталықтардың шараларының бірі – аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке әзірлеуге қолдау көрсету жөніндегі қайырымдылық акциясы. Тәжік пен шешен қауымдары, сондай-ақ поляк орталығы Бөбектер үйіне, мүгедектерге арналған интернат-үйге бірнеше рет көмек көрсетті. Петропавл қаласында еврей мәдени орталығы ұйымдастырған әлеуметтік көмек станциясы жұмыс істейді. Неміс бірлестігі диаспора мүшелерін жергілікті шипажайларда сауықтыруды ұйымдастырып отырады. Бұл қоғамның бастамасы бойынша екінші қалалық аурухананың негізінде бірқатар ақысыз медициналық жобалар ұйымдастырылды: табыстары аз отбасылардың мүшелері УЗИ аппаратымен тексеріледі, стоматологиялық қызмет көрсетіледі, сондай-ақ стационарлық жағдайда ем алуға мүмкіндік берілген. Басқа да орталықтар қайырымдылықпен шұғылданады.

Қорыта айтқанда, кіші ассамблея мен ұлттық-мәдени бірлестіктердің осы бір сан қырлы атаулы жұмысы Солтүстік Қазақстанның кең байтақ өңірінде татулықты, келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауға ықпалын тигізуде.

Ұқсас материалдар