Қандастар Ассамблея

Тіл және әдебиет институтының құрылуы

04.04.2013 2142
Ынталандыру құрметіне ие болған әрбір мұғалім грантты ауданның немесе қаланың әкімдерінің қолдарынан алады. Ал салтанат аяқталғаннан кейін ұстаздар тіл пәндерін оқыту мәселелерін бірге талқылап, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді, тәжірибе алмасады. Үш жылдың ішінде 162 миллион теңге бөлінді. Грант иегерлерінің саны 713-тен 750 адамға дейін өсті. Мұның өзі осы ынталандырудың пәрменділігінің, мұғалімдер ортасында оның танымал екендігінің куәсі. Облыс әкімі Т.А. Мансұровтың бастамасы бойынша Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің негізінде қазақ, сондай-ақ орыс және ағылшын тілдерінің оқытушыларын даярлайтын Тіл және әдебиет институтының құрылуы осы бағыттағы келесі бір маңызды қадам. Мамандандырылған институттың студенттерге терең білім беруге мүмкіндігі бар. Сондықтан орта мектептердің көптеген түлектері оған түсуге тырысады. Көп жайтты аңғартатын бір ғана мысал келтірсек: осы оқу орнының қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде өзге ұлттардың 10 студенті оқып жүр. Облыс әкімі олармен кездесті, жағдайларына, алдағы жоспарларына қанықты. Әкім олармен мемлекеттік тілде әңгімелесті. Екінші курс студенті Ольга Лизун өз құрбыларының атынан былай деді: "Біздің Отанымыз – Қазақстан. Жаңа мемлекеттің шаңырағын көтеру үшін жас мамандардың білімі қажет. Қазір қазақ тілінің білікті мұғалімдеріне қажеттілік зор. Мектеп әрқайсымызға қазақша жақсы білім бергендіктен, осы әлеуетті институтты дамытуды қажет деп санаймыз, одан кейін мектептерге жұмыс істеуге барамыз". Облыс әкімі студенттерге 7000 теңге мөлшерінде стипендия тағайындады, ал 2006 жылғы қарашадан бастап бұл көрсеткіш 10000 теңгеге өсірілді. Студент О.Лизун болса 2006 жылғы 6 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапармен келген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевты құттықтау құрметіне ие болды. Қазақша сөйлеген қыздын өзіне елең еткен мемлекет басшысы оны мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдіргендердің барлығына үлгі қылды. Көп жылдар бойы оқытушылар оқу және әдістемелік кітаптардың тапшылығын көрді. Осыған байланысты ересектерге арналған қазақ тілінің оқулығы 20 мың таралыммен шығарылды. Осы бір қажетті кітапты Солтүстік Қазақстанда ғана емес Ресей Федерациясынының ана тілін білгісі келетін қазақтар тұратын көрші облыстарынан да оқуға болады. Балалардың жазғы лагерьлері жанынан қазақ тілін үйрететін жазғы лингвистикалық мектептер ұйымдастыру дәстүрге айнала бастады. Онда балалар дәстүрлі емес жағдайда мемлекеттік тілді тереңдете үйренеді. 2006 жылы 12 мың бала өз денсаулықтарын түзеумен бірге қазақ тілінің қыры мен сырына қаныға түсті. Екі жыл ішінде 24 мыңнан астам ұлдар мен қыздар жазғы мектептерде оқыды.

Ынталандыру құрметіне ие болған әрбір мұғалім грантты ауданның немесе қаланың әкімдерінің қолдарынан алады. Ал салтанат аяқталғаннан кейін ұстаздар тіл пәндерін оқыту мәселелерін бірге талқылап, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді, тәжірибе алмасады. Үш жылдың ішінде 162 миллион теңге бөлінді. Грант иегерлерінің саны 713-тен 750 адамға дейін өсті. Мұның өзі осы ынталандырудың пәрменділігінің, мұғалімдер ортасында оның танымал екендігінің куәсі.

Облыс әкімі Т.А. Мансұровтың бастамасы бойынша Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің негізінде қазақ, сондай-ақ орыс және ағылшын тілдерінің оқытушыларын даярлайтын Тіл және әдебиет институтының құрылуы осы бағыттағы келесі бір маңызды қадам. Мамандандырылған институттың студенттерге терең білім беруге мүмкіндігі бар. Сондықтан орта мектептердің көптеген түлектері оған түсуге тырысады. Көп жайтты аңғартатын бір ғана мысал келтірсек: осы оқу орнының қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде өзге ұлттардың 10 студенті оқып жүр. Облыс әкімі олармен кездесті, жағдайларына, алдағы жоспарларына қанықты. Әкім олармен мемлекеттік тілде әңгімелесті. Екінші курс студенті Ольга Лизун өз құрбыларының атынан былай деді: "Біздің Отанымыз – Қазақстан. Жаңа мемлекеттің шаңырағын көтеру үшін жас мамандардың білімі қажет. Қазір қазақ тілінің білікті мұғалімдеріне қажеттілік зор. Мектеп әрқайсымызға қазақша жақсы білім бергендіктен, осы әлеуетті институтты дамытуды қажет деп санаймыз, одан кейін мектептерге жұмыс істеуге барамыз". Облыс әкімі студенттерге 7000 теңге мөлшерінде стипендия тағайындады, ал 2006 жылғы қарашадан бастап бұл көрсеткіш 10000 теңгеге өсірілді. Студент О.Лизун болса 2006 жылғы 6 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапармен келген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевты құттықтау құрметіне ие болды. Қазақша сөйлеген қыздын өзіне елең еткен мемлекет басшысы оны мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдіргендердің барлығына үлгі қылды.

Көп жылдар бойы оқытушылар оқу және әдістемелік кітаптардың тапшылығын көрді. Осыған байланысты ересектерге арналған қазақ тілінің оқулығы 20 мың таралыммен шығарылды. Осы бір қажетті кітапты Солтүстік Қазақстанда ғана емес Ресей Федерациясынының ана тілін білгісі келетін қазақтар тұратын көрші облыстарынан да оқуға болады.

Балалардың жазғы лагерьлері жанынан қазақ тілін үйрететін жазғы лингвистикалық мектептер ұйымдастыру дәстүрге айнала бастады. Онда балалар дәстүрлі емес жағдайда мемлекеттік тілді тереңдете үйренеді. 2006 жылы 12 мың бала өз денсаулықтарын түзеумен бірге қазақ тілінің қыры мен сырына қаныға түсті. Екі жыл ішінде 24 мыңнан астам ұлдар мен қыздар жазғы мектептерде оқыды.

Ұқсас материалдар