Қандастар Ассамблея

Нығмет Сырғабеков. Ысқақ Ыбыраев. Жұмағали Саин

04.04.2013 5016
Нығмет Сырғабеков (1900-1937), мемлекет және қоғам қайраткері. ВЦИК пен ҚазЦИК (1929) мүшесі, дайындау халық комиссары (1932), ҚазКСР егіншілік халық комиссары (1933-1937). Шығыс Қазақстан облаткомының төрағасы (1932-1933). Қазөлкекомның мүшесі (1929-1937). Қазақстан Компартиясы ОК-нің бюро мүшесі (1937). Ақмола уездік ревкомы қазақ секциясының (Петропавл қ.) және аткомының (1920-1922) нұсқаушысы, Ақмола губерниялық әскери-революциялық трибуналының (1922-1924) алқа мүшесі, 1924-1937 жылдары жауапты учаскелерде жұмыс істеген, Жоғары соттың алқа мүшесі, қылмыстық істер бөлімінің бастығы, Жетісу губерниялық сотының төрағасы, республика прокурорының орынбасары (1926-1928). 1928-1929 жылдары республикалық жерге орналастыру басқармасының бастығы, отырықшылық жөніндегі республикалық комитет төрағасының орынбасары. 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған, қайтыс болған соң ақталған. Петропавл қаласындағы бір көшеге есімі берілген. Балалық және жастық шағы өткен Аққайың ауданындағы Смирново селосының ең әдемі көшелерінің бірі оның есімімен аталады. Ысқақ Ыбыраев (1911-1965), Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры. Педагогикалық техникумды, Горький әскери-саяси училищесін, Могилев жаяу әскерлер училищесін, жоғары партия мектебін бітірген. 1944 жылғы наурыздан 1945 жылғы қаңтарға дейін Қызыл тулы Павлодар 60-шы гвардиялық атқыштар  дивизиясы 177-ші гвардия-лық атқыштар полкі атқыштар взводының командирі. Одер өзенін кесіп өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Алтын жұлдызбен марапатталған. Соғыстан кейін Октябрь аудандық партия комитетінің хатшысы, Сергеев (қазіргі Шал ақын) ауданындағы Новопокровка, кейіннен Тереңсай астық кеңшары парткомының хатшысы болған. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. Оның есімімен Амангелді ауылының бір көшесі, Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданындағы ауыл аталады. Жұмағали Саин (1912-1961), ақын, Ұлы Отан соғысына қатысушы. Петропавл педагогикалық техникумында және ҚазПИ-де оқыған. 1932-1934 жылдары мүғілім, содан кейін облыстық газеттің бөлім меңгерушісі болып істеген. Қазмемәдениетбаспаның редакторы, Қазмемфилармонияның, республикалық халық шығармашылығы үйінің директоры "Жұлдыз" журналы бас редакторының орынбасары болды. Алғашқы мақалалары 1928 жылдан бастап жарық көре бастады. Ж.Саинның бірінші өлеңдер жинағы "Бақыт әні", екіншісі – "Алтын таң". Ол соғысқа дейін "Балықшы", "Бақыт құшағында", "Күләнда" поэмаларын және басқа да шығармаларды жазған. Соғыстан кейін "Алтай" мен "Таңғы салқын" поэмаларын, "Таңдамалы шығармалар", "Таңдамалылар", "Самал" жинақтарын, "Жолда" повесін шығарды. М.Ю. Лермонтовтың "Біздің заманның қаһармандары" романын, қырғыздың "Манас" эпосының бірнеше бөлігін және басқа да шығармаларды қазақ тіліне аударды. Оның есімі Алматы және Көкшетау қалаларының көшелеріне, біздің облыстағы Айыртау ауданының орта мектебіне берілген. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

Нығмет Сырғабеков (1900-1937), мемлекет және қоғам қайраткері. ВЦИК пен ҚазЦИК (1929) мүшесі, дайындау халық комиссары (1932), ҚазКСР егіншілік халық комиссары (1933-1937). Шығыс Қазақстан облаткомының төрағасы (1932-1933). Қазөлкекомның мүшесі (1929-1937). Қазақстан Компартиясы ОК-нің бюро мүшесі (1937). Ақмола уездік ревкомы қазақ секциясының (Петропавл қ.) және аткомының (1920-1922) нұсқаушысы, Ақмола губерниялық әскери-революциялық трибуналының (1922-1924) алқа мүшесі, 1924-1937 жылдары жауапты учаскелерде жұмыс істеген, Жоғары соттың алқа мүшесі,
қылмыстық істер бөлімінің бастығы, Жетісу губерниялық сотының төрағасы, республика прокурорының орынбасары (1926-1928). 1928-1929 жылдары республикалық жерге орналастыру басқармасының бастығы, отырықшылық жөніндегі республикалық комитет төрағасының орынбасары. 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған, қайтыс болған соң ақталған. Петропавл қаласындағы бір көшеге есімі берілген. Балалық және жастық шағы өткен Аққайың ауданындағы Смирново селосының ең әдемі көшелерінің бірі оның есімімен аталады.

Ысқақ Ыбыраев (1911-1965), Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры. Педагогикалық техникумды, Горький әскери-саяси училищесін, Могилев жаяу әскерлер училищесін, жоғары партия мектебін бітірген. 1944 жылғы наурыздан 1945 жылғы қаңтарға дейін Қызыл тулы Павлодар 60-шы гвардиялық атқыштар  дивизиясы 177-ші гвардия-лық атқыштар полкі атқыштар взводының командирі. Одер өзенін кесіп өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Алтын жұлдызбен марапатталған. Соғыстан кейін Октябрь аудандық партия комитетінің хатшысы, Сергеев (қазіргі Шал ақын) ауданындағы Новопокровка, кейіннен Тереңсай астық кеңшары парткомының хатшысы болған. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. Оның есімімен Амангелді ауылының бір көшесі, Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданындағы ауыл аталады.

Жұмағали Саин (1912-1961), ақын, Ұлы Отан соғысына қатысушы. Петропавл педагогикалық техникумында және ҚазПИ-де оқыған. 1932-1934 жылдары мүғілім, содан кейін облыстық газеттің бөлім меңгерушісі болып істеген. Қазмемәдениетбаспаның редакторы, Қазмемфилармонияның, республикалық халық шығармашылығы үйінің директоры "Жұлдыз" журналы бас редакторының орынбасары болды. Алғашқы мақалалары 1928 жылдан бастап жарық көре бастады. Ж.Саинның бірінші өлеңдер жинағы "Бақыт әні", екіншісі – "Алтын таң". Ол соғысқа дейін "Балықшы", "Бақыт құшағында", "Күләнда" поэмаларын және басқа да шығармаларды жазған. Соғыстан кейін "Алтай" мен "Таңғы салқын" поэмаларын, "Таңдамалы шығармалар", "Таңдамалылар", "Самал" жинақтарын, "Жолда" повесін шығарды. М.Ю. Лермонтовтың "Біздің заманның қаһармандары" романын, қырғыздың "Манас" эпосының бірнеше бөлігін және басқа да шығармаларды қазақ тіліне аударды. Оның есімі Алматы және Көкшетау қалаларының көшелеріне, біздің облыстағы Айыртау ауданының орта мектебіне берілген. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

Ұқсас материалдар