Иван Петрович Шухов

04.04.2013 4129
Иван Петрович Шухов (1906-1977), белгілі қазақстандық жазушы. Омбы рабфагын бітірген, Мәскеу Әдебиет институтында оқыған. 1928-1934 жылдары РСФСР-дің жергілікті баспасөзінде еңбек етті. Омбы, Уфа, Самара, Новосібір газеттерінде әдеби қызметкер болды, Мәскеудің "Сельскохозяйственный работник" газетінде жұмыс істеді. 1934-1937 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданындағы "Ударник" газетінде редактор болды. 1957-1974 жылдары ол "Литературный Казахстан" альманахының және "Простор журналының бас редакторы болды. И.Шухов мерзімді баспасөздегі алғашқы мақалаларынан бастап қоныс аударушылардың тағдырына ынта қойды. Ұлтарақтай жерге зар болған, жоқшылықтың ащы дәмін татқан олар Қазақстанда өзінің екінші отанын тапты, өткір әлеуметтік-экономикалық мәселелерге кезікті, қазақ кедейлерімен бірге әділетсіздікке қарсы күресті ("Өшпенділік" романы). "Қасірет белдеуі" романында орыс казактары мен қазақ ауылының революциялық көңіл күйдегі халықтың ойлау қабілетінің өсуі көрсетілген. М.Горькийдің анықтауынша И.Шуховқа казактарға лайық ымырасыз және шынайы өмірін бейнелеуде барынша батылдық пен еркіндік тән. Өлкенің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы ("Отан" романы), бірінші дүниежүзілік соғыстағы, Октябрь революциясы мен азамат соғысындағы казактардың тағдырлары ("Майдандағы армия", 1 бөлімі) тақырыптарын И.Шухов тарихи оқиғалардың кең ауқымында терең талдай отырып бейнелеген. Соғыстан кейінгі жылдары "Алтын түп" кітабын, "Американың күндері мен түндері" және "Югославия күнделіктері" жолжазба очерктерін, "Отан және жат ел" жинағын жазды. "Қоңырау" повесі "Преснов жазбалары"  өмірбаяндық циклін ашты, оған сондай-ақ "Таза даладағы шөп" және "Жылтылдаған сағым" повестері кірді. И.Шуховтың қаламынан "Котур-Таганың соңғы әні", "Нысананы таңдау" және "Қыз бұрымы туралы әңгіме" новеллалары, "Қара дөңгелек" әңгімелер циклі, "Қазақстан желінде" очерктер жинағы, "Шашыраған жалын" пьесасы және басқа да шығармалар туған. Ол С.Мұқановтың, М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мүстафиннің, Ә.Әбішевтің және басқа да қазақ жазушыларының прозаларын орыс тіліне аудару саласында жемісті еңбек етті. И.Шуховтың көптеген шығармалары бұрынғы КСРО халықтарының және шет елдердің тілдеріне аударылған. Пресновқа селосында И.Шуховтың мұражай-үйі жұмыс істеуде. "Преснов жазбалары" кітабы үшін жазушыға Абай атындағы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығы берілді. Халықтар достығы, екі Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. И.П. Шуховтың туғанына 100 жыл толуы облыста кеңінен атап өтілді. Жазушының мерей-тойы қарсаңында туған жері Жамбыл ауданындағы Пресновка селосында 2006 жылғы 5 тамызда облыс әкімі Т.Мансұров И.П. Шуховтың мүсінін салтанатты түрде ашты. Мәскеу қаласындағы "Воскресенье" баспа үйінде жарық көрген "Шухов туралы" кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл жинаққа жазушының туған-туысқандары мен замандастарының естеліктері енгізілген.

Ұқсас материалдар