Қандастар Ассамблея

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев

04.04.2013 15411
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев (1893-1938), ақын, осы заманғы қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Петропавл қаласындағы медреседе және Уфадағы "Ғалия" медресесінде оқыған. Омбы мұғалімдер семинариясын алтын медальмен бітірген. М.Жұмабаевтың шығармашылық жолы 1909 жылы басталған. Оның "Шолпан" өлеңдер жинағы ақынды кең танымал етті. 1917-1923 жылдары Ташкент қаласында "Бостандық туы", "Ақ жол" газеттерінде қызмет атқарған, "Шолпан" мен "Сана" журналдарында мақалалары жарияланған. Осы кезде оның белгілі "Батыр Баян" поэмасы жазылды. Ташкент қаласында оның екінші жыр жинағы жарық көрді. 1922 жылы аш адамдарға көмек көрсететін Ақмола (Петропавл қаласы) губерниялық комиссиясында жұмыс істеді. 1923 жылы білім халық комиссары А.В.Луначарскийдің шақыруы бойынша М.Жұмабаев Мәскеу қаласына келіп, Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде шығыс тілдерінен сабақ береді. Мәскеуде "Шығыс" баспасының жүмысына белсене қатысып, қазақ мектептері үшін оқулықгар жазады, В.Брюсовтың жетекшілігімен кешкілік жоғары әдебиет институтында оқиды. Мәскеу қаласында М.Жұмабаев М.Горькийдің "Дауылпаз туралы жырын", Д.Мамин-Сибиряктің "Ақбоз атын", В.Ивановтың қазақтардың өмірі туралы әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Ол Орта Азия мен Қазақстанда алғашқылардың бірі болып өз шығармашылығында Шығыс пен Еуропаның екі мәдени дәстүрін біріктіре білді. Әдебиеттің халық емірімен тығыз байланыста болғанын жақтаған. Оның «Кедей», " Қорғансыз", "Жас келін", "Менің тілегім" және басқа да өлендерінің басты тақырыбы қарапайым адамдардың қиын күнкөрісі, әйелдерді азат ету, әлеуметтік кемсітушілікті жою және байлардың озбырлығы болды. "Қазақ" және "Білім мен мәдениетті қалай игеру керек?" өлеңдерінде М.Жұмабаев қазақ халқын білім алуға шақырды. Оның сондай-ақ "Жүсіп хан" ертегі поэмасы да белгілі. Туған өлкеге, қазақ халқының тарихи тағдырына оның "Өткен", "Домбыра", "Қойлыбайдың қобызы", "Көкшетау" және басқа да өлеңдері арналған. Ақын қазақтардың өлең жазу техникасына, оның саздылығына, үйлесімдігіне көптеген жаңалықтар енгізді. Мағжан сезім лирикасының шебері, оның "Гүлсім",   "Жәмила", "Тікенекті махаббат", "Бәрінен сен сұлу", "Зылиқа" және басқа да көптеген өлеңдері әйелдерге, олардың сұлулығы мен бекзаттығына арналған. Өзінің жалғыз прозалық шығармасы — "Шолпанның күнәсі" әңгімесінде М.Жұмабаев кейіпкерлерінің терең психологиялық сездерін көрсете біліп, оқырманның жүрегінде бақытты Шолпанның тағдырына аяушылық сезімін тудырды. 1927 жылы ол жалған айыппен тұтқынға алынып, 1 жылға сотталды. 1935 жылы лагерьде жүргенде М.Жұмабаев М.Горькийге хат жазған, ол ақынның түрмеден мерзімінен бұрын босануына көмектесті. Петропавға қайтып оралған М.Жұмабаев орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Алайда 1937 жылдың желтоқсанында ол қайталап тұтқындалып, үш айдан кейін  атылды. 1988  жылы М.Жұмабаев ақталды. Егемен Қазақстанның ғалымдары Мағжанның шығармаларын жан-жақты зерттеуде Облыстың бір ауданы мен Петропавл қаласының әдемі көшелерінің бірі оның есімімен аталады. Облыс орталығында ақынға граниттен ескерткіш, оның туған жері – Сартомар ауылында, Булаево қаласында қола мүсіндері орнатылды. 2006 жылы "Мағжан. Таңдамалылар" және "Мағжан" (әдеби-көркем мұрасы)" жинақтары дайындалып, жарықкөрді, олардың барлығы облыс кітапханаларының қорына түсті.