Қандастар Ассамблея

Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиев. Григорий Николаевич Потанин

04.04.2013 3397
Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиев, Уәлиханов (1811-1895), Уәли ханның ұлы, сұлтан, патша армиясының полковнигі, Батыс Сібірдегі және Солтүстік Қазақстандағы белсенді қоғам қайраткері. Шыңғыс бастауыш білімді отбасында алған, кейін Омбыдағы жүйелік училище жанындағы Азия мектебінде жалғастырған. Өз халқының этнографиясына үлкен ұлылықпен қараған озық ойлы зиялы "ыммен араласқан. Омбы асында шенеуніктер аппаратында жұмыс істегеннен кейін Аман-Қарағай (Құсмұрын), кейіннен Көкшетау округінің аға сұлтаны-билеушісі болып тағайындалды. 1822 жылғы Жарғыға сәйкес казактардың қоғамдық және шаруашылық өмір сүру салттарын қайта кұруға тікелей араласты. Қазақстанның солтүстігінде Ресей мемлекеттігін нығайту жүйесін жүйелі жүргізді. Өзінің жақын туысы Кенесары Қасымов басқарған ұлттық-азаттық қозғалысты көтерілістің бастапқы кезеңінде оны бағалауда бірқатар қобалжушылық білдіргенімен кейіннен қолдады. Негізінен әдеттегі дала феодалы болып қалса да Уәлиханов қоғамдағы ағарту мен ғылымның рөлін жоғары бағалады, бірқатар ғалымдармен және жиһанкездермен, желтоқсаншылармен достық қарым-қатынаста болды. Орыс географиялық қоғамы ғалымдарының этнографиялық материалдар жинауына көмектесті. Петропавл қаласында оның достары көп болған. Қаладағы қоғамдық оқиғалар, қазақ және орыс зиялы қауымдарының өмірлері туралы тұрақты түрде ақпарат алып тұрған. Ресейдің императоры екінші Александр оған патша тәжін кигізу салтанатынан кейін қазақ депутаттарын қабылдау кезінде сұлтанның орыс тілінде жақсы сөйлеуіне таң қалған. Уәлиханов бірнеше тілді меңгерген, өз балаларының орыс тілі мен әдебиетін оқып-үйренуіне ықпал жасаған. Ұлдарын тәрбиелеуде қамқорлық көрсетіп, оларды қаланың өмір салтымен таныстыру үшін Петропавлға жиі әкеліп тұрған. Григорий Николаевич Потанин (1835-1920), орыс географы, этнографы, фольклоршы, Орталық Азияны зерттеуші. Оның балалықшағы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Пресновка станицасында өткен. 1852 жылы Омбы кадет корпусын бітірген. Оқу жылдары Шоқан Уәлихановпен достасқан, оның ықпалымен қазақ халқының тарихы мен этнографиясына ынтасы ауған. Қазақ тілін білетін ол 300-ден астам аңыздарды, тәмсілдерді, әндерді аударған және өңдеген. 1863-1869 жылдары ол Зайсан көліне, Тарбағатай тауына, Моңғолияға, Туваға, Тибетке, Қытайға, Үлкен Хинганға бірнеше экспедиция жасаған. Өз заманының белгілі ғалымдарының бірі болған ол Солтүстік Қазақстанға сүйіспеншілігін мәңгі сақтай білді. 1895 жылы жарты дүниені аралаған ол туған жерлерше сапар жасады. Петропавл арқылы Пресновкаға жетіп, өзінің достары мен туған-туысқандарымен жүздесті. Содан кейін Сырымбеттегі бұрын қайтыс болған өзінің досының туған-туысқандарына барған. Сапардан оралған ол "Соңғы қырғыз ханзадасының киіз үйінде" очеркін жазды. Өмірінің соңғы жылдары Томск қаласында тұрып, еңбек етті.

Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиев, Уәлиханов (1811-1895), Уәли ханның ұлы, сұлтан, патша армиясының полковнигі, Батыс Сібірдегі және Солтүстік Қазақстандағы белсенді қоғам қайраткері. Шыңғыс бастауыш білімді отбасында алған, кейін Омбыдағы жүйелік училище жанындағы Азия мектебінде жалғастырған. Өз халқының этнографиясына үлкен ұлылықпен қараған озық ойлы зиялы "ыммен араласқан. Омбы асында шенеуніктер аппаратында жұмыс істегеннен кейін Аман-Қарағай (Құсмұрын), кейіннен Көкшетау округінің аға сұлтаны-билеушісі болып тағайындалды. 1822 жылғы Жарғыға сәйкес казактардың қоғамдық және шаруашылық өмір сүру салттарын қайта кұруға тікелей араласты. Қазақстанның солтүстігінде Ресей мемлекеттігін нығайту жүйесін жүйелі жүргізді. Өзінің жақын туысы Кенесары Қасымов басқарған ұлттық-азаттық қозғалысты көтерілістің бастапқы кезеңінде оны бағалауда бірқатар қобалжушылық білдіргенімен кейіннен қолдады. Негізінен әдеттегі дала феодалы болып қалса да Уәлиханов қоғамдағы ағарту мен ғылымның рөлін жоғары бағалады, бірқатар ғалымдармен және жиһанкездермен, желтоқсаншылармен достық қарым-қатынаста болды. Орыс географиялық қоғамы ғалымдарының этнографиялық материалдар жинауына көмектесті. Петропавл қаласында оның достары көп болған. Қаладағы қоғамдық оқиғалар, қазақ және орыс зиялы қауымдарының өмірлері туралы тұрақты түрде ақпарат алып тұрған. Ресейдің императоры екінші Александр оған патша тәжін кигізу салтанатынан кейін қазақ депутаттарын қабылдау кезінде сұлтанның орыс тілінде жақсы сөйлеуіне таң қалған. Уәлиханов бірнеше тілді меңгерген, өз балаларының орыс тілі мен әдебиетін оқып-үйренуіне ықпал жасаған. Ұлдарын тәрбиелеуде қамқорлық көрсетіп, оларды қаланың өмір салтымен таныстыру үшін Петропавлға жиі әкеліп тұрған.

Григорий Николаевич Потанин (1835-1920), орыс географы, этнографы, фольклоршы, Орталық Азияны зерттеуші. Оның балалықшағы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Пресновка станицасында өткен. 1852 жылы Омбы кадет корпусын бітірген. Оқу жылдары Шоқан Уәлихановпен достасқан, оның ықпалымен қазақ халқының тарихы мен этнографиясына ынтасы ауған. Қазақ тілін білетін ол 300-ден астам аңыздарды, тәмсілдерді, әндерді аударған және өңдеген. 1863-1869 жылдары ол Зайсан көліне, Тарбағатай тауына, Моңғолияға, Туваға, Тибетке, Қытайға, Үлкен Хинганға бірнеше экспедиция жасаған. Өз заманының белгілі ғалымдарының бірі болған ол Солтүстік Қазақстанға сүйіспеншілігін мәңгі сақтай білді. 1895 жылы жарты дүниені аралаған ол туған жерлерше сапар жасады. Петропавл арқылы Пресновкаға жетіп, өзінің достары мен туған-туысқандарымен жүздесті. Содан кейін Сырымбеттегі бұрын қайтыс болған өзінің досының туған-туысқандарына барған. Сапардан оралған ол "Соңғы қырғыз ханзадасының киіз үйінде" очеркін жазды. Өмірінің соңғы жылдары Томск қаласында тұрып, еңбек етті.