Қандастар Ассамблея

1935-1940 ж.ж.

03.04.2013 3385
1931 жылы Ақмола — Қарағанды темір жолының құрылысы аяқталды. Ұзындығы 715 шақырым Оңтүстік магистраль көмір бассейінін ғана емес, сонымен бірге оған таяу аудандарды да қамтыды. Петропавл ірі темір жол торабына айналды. Облыстың жаппай кірісінде өнеркәсіптің үлес салмағы соғыстың қарсаңында 43 пайызға жақындап қалды. Алғашқы бесжылдық жылдарында кәсіпорындардағы жұмысшылардың жалпы саны 18 есе көбейді. Олардың үштен бірі жұмысшы қазақтар болды. Соғыс қарсаңындағы 20 жыл мәдениет дамуындағы ірі алға басушылықтың уақыты болды. 20-шы жылдары білім жүйесі 1935 жылға мектеп жасындағы балалардың 96 пайызын оқумен қамтыған бастауыш мектептер торабына негізделді. 30-шы жылдардың екінші жартысында облыста 43 орта мектеп болды. Оларға кадрларды төрт техникум мен Мұғалімдер институты даярлады. Ет өнеркәсібі, темір жол, жерге орналастыру, жоспарлау-экономика, мал дәрігерлік, құрылыс, кооператив, ауыл шаруашылығы және ет техникумдары халық шаруашылығына мамандар даярлады. Жеті фабрика-зауыт мектебінде бір мыңнан аса жеткіншектер оқыды. 20-40 жылдары Петропавлда түрлі әдебиет бірлестіктері мен ассоциациялар жұмыс істеді. Облыс әдебиетшілерінің мақалалары жергілікті газеттер мен "Ленинский путь" журналында жарияланып   тұрды. 1920 жылдан бастап жергілікті театр өзінің жұмысын қайта жалғастырды. Оның репертуарында орыс және әлем классикасының, украин драматургтарының шығармалары болды. 1935 жылы алғашқы қазақ театры ашылды. 1934-1938 жылдары Петропавлда татар театры да жұмыс істеді. Кітапхана санының және кітап қорының артуы тұрғындардың мәдени деңгейінің өсуіне қол жеткізді. 1940 жылдың өзінде ғана облыстық кітапханада 170 мың том кітап болды. Бір сөзбен айтқанда, жер-жерде бейбіт тірліктің, үйлесімді өмірдің және азаматтық келісімнің барлық жағдайлары жасалды. Алайда 30-шы жылдары билік өзінің азаматтарына қарсы террор мен жаппай қудалауды ұйымдастырды. 1936 жылы және 1937 жылдың төрт айында облыста 140 адам партиядан шығарылды, тұтқындалды, соның ішінде 67-сі халық жауы деп танылды. 1937 жылдың қазан айында Преснов ауданының басшылығы тасталқан етілді. Алты мыңға тарта солтүстікқазақстандықтар куғын-сүргіннің құрбаны болды. 1937-1938 жылдардағы заңсыздықтар шаруашылық және мәдени құрылысты тежеп, қоғамдағы моральдық-психологиялық ахуалды шиеленістірді. елдің қорғаныс қабілетін әлсіретті.

1931 жылы Ақмола — Қарағанды темір жолының құрылысы аяқталды.

Ұзындығы 715 шақырым Оңтүстік магистраль көмір бассейінін ғана емес, сонымен бірге оған таяу аудандарды да қамтыды. Петропавл ірі темір жол торабына айналды.

Облыстың жаппай кірісінде өнеркәсіптің үлес салмағы соғыстың қарсаңында 43 пайызға жақындап қалды. Алғашқы бесжылдық жылдарында кәсіпорындардағы жұмысшылардың жалпы саны 18 есе көбейді. Олардың үштен бірі жұмысшы қазақтар болды.

Соғыс қарсаңындағы 20 жыл мәдениет дамуындағы ірі алға басушылықтың уақыты болды. 20-шы жылдары білім жүйесі 1935 жылға мектеп жасындағы балалардың 96 пайызын оқумен қамтыған бастауыш мектептер торабына негізделді. 30-шы жылдардың екінші жартысында облыста 43 орта мектеп болды. Оларға кадрларды төрт техникум мен Мұғалімдер институты даярлады.

Ет өнеркәсібі, темір жол, жерге орналастыру, жоспарлау-экономика, мал дәрігерлік, құрылыс, кооператив, ауыл шаруашылығы және ет техникумдары халық шаруашылығына мамандар даярлады. Жеті фабрика-зауыт мектебінде бір мыңнан аса жеткіншектер оқыды.

20-40 жылдары Петропавлда түрлі әдебиет бірлестіктері мен ассоциациялар жұмыс істеді. Облыс әдебиетшілерінің мақалалары жергілікті газеттер мен "Ленинский путь" журналында жарияланып   тұрды.

1920 жылдан бастап жергілікті театр өзінің жұмысын қайта жалғастырды. Оның репертуарында орыс және әлем классикасының, украин драматургтарының шығармалары болды. 1935 жылы алғашқы қазақ театры ашылды. 1934-1938 жылдары Петропавлда татар театры да жұмыс істеді.

Кітапхана санының және кітап қорының артуы тұрғындардың мәдени деңгейінің өсуіне қол жеткізді. 1940 жылдың өзінде ғана облыстық кітапханада 170 мың том кітап болды.

Бір сөзбен айтқанда, жер-жерде бейбіт тірліктің, үйлесімді өмірдің және азаматтық келісімнің барлық жағдайлары жасалды. Алайда 30-шы жылдары билік өзінің азаматтарына қарсы террор мен жаппай қудалауды ұйымдастырды. 1936 жылы және 1937 жылдың төрт айында облыста 140 адам партиядан шығарылды, тұтқындалды, соның ішінде 67-сі халық жауы деп танылды. 1937 жылдың қазан айында Преснов ауданының басшылығы тасталқан етілді. Алты мыңға тарта солтүстікқазақстандықтар куғын-сүргіннің құрбаны болды. 1937-1938 жылдардағы заңсыздықтар шаруашылық және мәдени құрылысты тежеп, қоғамдағы моральдық-психологиялық ахуалды шиеленістірді. елдің қорғаныс қабілетін әлсіретті.