Қандастар Ассамблея

1931-1934 ж.ж.

03.04.2013 1778
Астық дайындаудың барысында селодағы кооперацияны дамытуға, шаруа қожалықтарын жаппай ұжымдастыруға және кулактарды тап ретінде жоюға бағыт ұсталды. Бұл науқан шаруалар тағдырындағы "ұлы төңкеріске" айналды. Ол, ең алдымен, азық-түлк және шикізат қорларын тартып алудың әдісі ретінде жоспарланды. Өз еркімек тапсыру деген былай қалып, 100 пайыз нәтижеге жету алға шықты. 1930 жылдың қаңтар-наурызында ғана Петропавл округі шаруашылықтарының жартысына жуығы ұжымшарларға біріктірілді. Ұжымдастыру мен кулактарды жою сорақы түрде өткізілді. Жоғарыдан берілген нұсқауларға иек арта отырып, жергілікті билік органдары орташаларды және тіпті кедейлерді талай бастады. Әсіресе, көшпелі тірлік кешкен қазақтарға ұжымдастыру айрықша қайғы-қасірет әкелді. Осымен байланысты отырықшылдандыру үдерісі ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық және тұрмыс дағдыларының бұзылуына әкеліп соқтырды. Петропавл округінде 35 мыңдай қазақ шаруашылықтары болды. Олардың ішінде 3,8 мыңы отырықшы еді. Қазақ ұжымшарларын жеделдете қүру материалдық жағынан да, психологиялық жағынан да ышеді. Осыған қарсы жауап ретінде малды жаппай сою басталды.   Адамдар бүтіндей рулар болып басқа өңірлерге және шет елдерге қоныс аударып кетті. 30-шы жылдардың басында ауылдар мен деревняларды жаппай аштық жалмады. Солтүстік Қазақстанның қазақтары Ресейдің көрші аудандарына немесе Қытай мен Өзбекстанға жаппай көшті. Өмір аграрлық саясатқа түзетулер енгізуге мәжбүр етті. Ауыл шаруашылығын жаңартуды жылдамдату үшін кеңшар құрылысы жандандырылды. "Кондратов", «Приишим», "Шаховской" және «Тоқшын" сияқты төрт кеңшарға алғашқы бесжылжылжық жылдарында жаңа он бесі қосылды. 30-шы жылдардың ортасында олар ұжымшарларға 45 мың, ал ұжымшарлардың көпбалалы отбасыларына 38 мың бас мал тапсырды. Тұқыммен, техникамен, білікті мамандармен жәрдем жасалды. Мемлекет ұжымшарларды мақсатымен арнайы колонналарын және машина-трактор станцаларын құруға белсенді жағдай тудырды. Солардың көмегімен біртіндеп барып, ұжымдасқан егіншілік күш ала берді. Жиырмабесмыңшылардың қозғалысы — жұмысшы табы өкілдерінің селоға баруы ұжымшарларды кадрлық жағынан нығайтты. 1930 жылғы қаңтарда Петропавл округіне Мәскеуден, Тверьден, Днепропетровскіден 324 жұмысшы келді. Олардың көбі ұжымшарларды басқарды немесе басқармалардың құрамына енді. Осы шаралар, сондай-ақ шаруашылықтарды басқару жүйесін жетілдіру және әкімшілік-аумақтық бөлініс реформалары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. 1936 жылы құрылған Солтүстік Қазақстан облысы 1937-1939 жылдары мемлекетке 63,6 миллион пұт астық, 337 мың пұт күнбағыс, 203 мың пұт сары май, 1,8 мың пұт ет тапсырды. Облыстың егістік алқаптарында 1940 жылға 2400 трактор мен 1342 тіркемелі комбайн жұмыс істеді. Аграрлық сектордың көтерілуі өнеркәсіп кәсіпорындарының, көлік пен байланыстың дамуына жағдай тудырды. 1930 жылдары консерв, хром, қой терісі және былғары зауыттарын қайта қалпына келтіруге қол жеткізіліп, олар Қызыл Армия үшін азық-түлік, аяқ киім және киім даярлады. Консерв зауыты "Союзмясо" жүйесінің қуатты комбинатына айналып, осы бірлестіктің өнімдерінің жартысына дейін беріп тұрды. 1930-1932 жылдары Петропавлда ірі механикаландырылған кірпіш зауыты салынып, ол 75 миллион дана күйдірілмеген және 4,5 миллион дана күйдірілген кірпіш шығарды.

Астық дайындаудың барысында селодағы кооперацияны дамытуға, шаруа қожалықтарын жаппай ұжымдастыруға және кулактарды тап ретінде жоюға бағыт ұсталды. Бұл науқан шаруалар тағдырындағы "ұлы төңкеріске" айналды. Ол, ең алдымен, азық-түлк және шикізат қорларын тартып алудың әдісі ретінде жоспарланды. Өз еркімек тапсыру деген былай қалып, 100 пайыз нәтижеге жету алға шықты. 1930 жылдың қаңтар-наурызында ғана Петропавл округі шаруашылықтарының жартысына жуығы ұжымшарларға біріктірілді. Ұжымдастыру мен кулактарды жою сорақы түрде өткізілді. Жоғарыдан берілген нұсқауларға иек арта отырып, жергілікті билік органдары орташаларды және тіпті кедейлерді талай бастады.

Әсіресе, көшпелі тірлік кешкен қазақтарға ұжымдастыру айрықша қайғы-қасірет әкелді. Осымен байланысты отырықшылдандыру үдерісі ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық және тұрмыс дағдыларының бұзылуына әкеліп соқтырды. Петропавл округінде 35 мыңдай қазақ шаруашылықтары болды. Олардың ішінде 3,8 мыңы отырықшы еді. Қазақ ұжымшарларын жеделдете қүру материалдық жағынан да, психологиялық жағынан да ышеді. Осыған қарсы жауап ретінде малды жаппай сою басталды.   Адамдар бүтіндей рулар болып басқа өңірлерге және шет елдерге қоныс аударып кетті. 30-шы жылдардың басында ауылдар мен деревняларды жаппай аштық жалмады. Солтүстік Қазақстанның қазақтары Ресейдің көрші аудандарына немесе Қытай мен Өзбекстанға жаппай көшті.

Өмір аграрлық саясатқа түзетулер енгізуге мәжбүр етті. Ауыл шаруашылығын жаңартуды жылдамдату үшін кеңшар құрылысы жандандырылды. "Кондратов", «Приишим», "Шаховской" және «Тоқшын" сияқты төрт кеңшарға алғашқы бесжылжылжық жылдарында жаңа он бесі қосылды. 30-шы жылдардың ортасында олар ұжымшарларға 45 мың, ал ұжымшарлардың көпбалалы отбасыларына 38 мың бас мал тапсырды. Тұқыммен, техникамен, білікті мамандармен жәрдем жасалды.

Мемлекет ұжымшарларды мақсатымен арнайы колонналарын және машина-трактор станцаларын құруға белсенді жағдай тудырды. Солардың көмегімен біртіндеп барып, ұжымдасқан егіншілік күш ала берді. Жиырмабесмыңшылардың қозғалысы — жұмысшы табы өкілдерінің селоға баруы ұжымшарларды кадрлық жағынан нығайтты. 1930 жылғы қаңтарда Петропавл округіне Мәскеуден, Тверьден, Днепропетровскіден 324 жұмысшы келді. Олардың көбі ұжымшарларды басқарды немесе басқармалардың құрамына енді.

Осы шаралар, сондай-ақ шаруашылықтарды басқару жүйесін жетілдіру және әкімшілік-аумақтық бөлініс реформалары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. 1936 жылы құрылған Солтүстік Қазақстан облысы 1937-1939 жылдары мемлекетке 63,6 миллион пұт астық, 337 мың пұт күнбағыс, 203 мың пұт сары май, 1,8 мың пұт ет тапсырды. Облыстың егістік алқаптарында 1940 жылға 2400 трактор мен 1342 тіркемелі комбайн жұмыс істеді. Аграрлық сектордың көтерілуі өнеркәсіп кәсіпорындарының, көлік пен байланыстың дамуына жағдай тудырды. 1930 жылдары консерв, хром, қой терісі және былғары зауыттарын қайта қалпына келтіруге қол жеткізіліп, олар Қызыл Армия үшін азық-түлік, аяқ киім және киім даярлады. Консерв зауыты "Союзмясо" жүйесінің қуатты комбинатына айналып, осы бірлестіктің өнімдерінің жартысына дейін беріп тұрды. 1930-1932 жылдары Петропавлда ірі механикаландырылған кірпіш зауыты салынып, ол 75 миллион дана күйдірілмеген және 4,5 миллион дана күйдірілген кірпіш шығарды.