Қандастар Ассамблея

1917-1920 ж.ж.

03.04.2013 2586
Патшаның құлағаны туралы хабарға саяси күштер бірдей көзқараста болмады. Қалалық дума елді Михаил Романовтың басқару қажеттігі туралы сөз қозғады. Қызметшілер кеңесі ұйымдастырған митингіде соғысты қашан жеңгенше жалғастыруға шақырды. Кадеттер қоғамдық қауіпсіздіктің ұйымдасу комитетін құрды. 1917 жылғы 25 қазанда астанада болған оқиғалар бұрынғы империяның кеңістіктерінде Кеңес өкіметінің қарышты қадаммен аяқ басуына негіз қалап берді. 22 қарашада қалалық кеңес бүкіл билікті жұмысшылардың,  солдаттардың және шаруалардың депутаттарьпп беру туралы қаулы қабылдады. Кеңестердің Ақмола облысының делегаттары қатысқан үшінші Батыс-Сібір съезінде большевиктердің билікті өзінің қолына алу, жерді   шаруаларға беру, кеңестік мемлекеттік құрылысты бастау туралы қарары қабылданды. Жергілікт большевиктердің жоғары ұйымдастырушылығын және олардың ұрандарын жұмысшылардың қолдауына байланысты төңкеріс оңай болды. Кадеттер мен эсерлердің саны аз. Шаруалардың көпшілік бөлігі болып жатқан оқиғаларға бейтарап болды, казачество уақытша саяси бағдарын және әскери ұйымдастырушылығын жойып алды. Чехославак корпусының бүлігі 1918 жылгы 31 мамыр — 1 маусымда Поволжьеде, Сібірде және Қазақстанның солтүстігінде, соның ішінде Петропавлда кеңес өкіметін құлатуға әкеліп соқтырған маңызды оқиға болды. 1918 жылғы қыркүйекте Омбыдағы, Самара мен Екатеринбургтегі облыстық әкімшіліктер бірігіп, Колчак билігінің орнауына жол ашқан Директорияны құрды. Оралдан Приморьеге дейінгі кеңістікте бұрынғы органдар қалпына келтіріліп, олар үкіметке бағынбаған кез-келген жанның жолын қатаң кесіп отырды. Армияның мұқтаждары үшін аттар, арбалар, жем, азық-түлік жи-налды, көтеріңкі салықтар салынды, бүрынғы жылдардағы өтелмеген төлемдер қайта қозғалды. Кеңестермен күреске 18-ден 50 жасқа дейінгі ерлердің барлығы тартылды. Бұған жауап ретінде Сібір мен Алтайда партизан соғысы басталды. Солтүстік Қазақстанда партизандар қозғалысы бұқаралық сипат алды. 1919 жылдың мамырында Шығыс майданы қызыл әскерлерінің шабуылы Уралды азат етуге мүмкіндік берді. Мұның өзі Қызыл Армияның Қазақстанға кіруіне жағдай жасады. Бірінші дүниежүзілік соғыс, Қазан төңкерісі және Азаматтық соғыс уез шаруашылығының құлдырауына әкеліп соқтырды. 1913-1922 жылдарда егістік алқаптар 150 мыңнан 94 мың десятинаға дейін, табын — 705 мыңнан 20 мың басқа дейін, астық жинау — 4751 мыңнан 823 мың пұтқа дейін кеміді. Өңдеу кәсіпорындары тоқтап қалды. Отынның мүлде жетіспеуі жағдайды қиындата түсті: 1921 жылғы ақпанда уездік атқару комитеті қала азаматтарының тезек дайындауға жарамды көңді сақтауы туралы шешім қабылдады. Деревняларда мата, сабын, сіріңке, керосин жетіспей, азық-түлік жинағандарға ешқандай өтемсіз астық, ет, май және жем тапсырылды.

Патшаның құлағаны туралы хабарға саяси күштер бірдей көзқараста болмады. Қалалық дума елді Михаил Романовтың басқару қажеттігі туралы сөз қозғады. Қызметшілер кеңесі ұйымдастырған митингіде соғысты қашан жеңгенше жалғастыруға шақырды. Кадеттер қоғамдық қауіпсіздіктің ұйымдасу комитетін құрды.

1917 жылғы 25 қазанда астанада болған оқиғалар бұрынғы империяның кеңістіктерінде Кеңес өкіметінің қарышты қадаммен аяқ басуына негіз қалап берді. 22 қарашада қалалық кеңес бүкіл билікті жұмысшылардың,  солдаттардың және шаруалардың депутаттарьпп беру туралы қаулы қабылдады. Кеңестердің Ақмола облысының делегаттары қатысқан үшінші Батыс-Сібір съезінде большевиктердің билікті өзінің қолына алу, жерді   шаруаларға беру, кеңестік мемлекеттік құрылысты бастау туралы қарары қабылданды. Жергілікт большевиктердің жоғары ұйымдастырушылығын және олардың ұрандарын жұмысшылардың қолдауына байланысты төңкеріс оңай болды. Кадеттер мен эсерлердің саны аз. Шаруалардың көпшілік бөлігі болып жатқан оқиғаларға бейтарап болды, казачество уақытша саяси бағдарын және әскери ұйымдастырушылығын жойып алды.

Чехославак корпусының бүлігі 1918 жылгы 31 мамыр — 1 маусымда Поволжьеде, Сібірде және Қазақстанның солтүстігінде, соның ішінде Петропавлда кеңес өкіметін құлатуға әкеліп соқтырған маңызды оқиға болды. 1918 жылғы қыркүйекте Омбыдағы, Самара мен Екатеринбургтегі облыстық әкімшіліктер бірігіп, Колчак билігінің орнауына жол ашқан Директорияны құрды. Оралдан Приморьеге дейінгі кеңістікте бұрынғы органдар қалпына келтіріліп, олар үкіметке бағынбаған кез-келген жанның жолын қатаң кесіп отырды. Армияның мұқтаждары үшін аттар, арбалар, жем, азық-түлік жи-налды, көтеріңкі салықтар салынды, бүрынғы жылдардағы өтелмеген төлемдер қайта қозғалды. Кеңестермен күреске 18-ден 50 жасқа дейінгі ерлердің барлығы тартылды.

Бұған жауап ретінде Сібір мен Алтайда партизан соғысы басталды. Солтүстік Қазақстанда партизандар қозғалысы бұқаралық сипат алды. 1919 жылдың мамырында Шығыс майданы қызыл әскерлерінің шабуылы Уралды азат етуге мүмкіндік берді. Мұның өзі Қызыл Армияның Қазақстанға кіруіне жағдай жасады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс, Қазан төңкерісі және Азаматтық соғыс уез шаруашылығының құлдырауына әкеліп соқтырды. 1913-1922 жылдарда егістік алқаптар 150 мыңнан 94 мың десятинаға дейін, табын — 705 мыңнан 20 мың басқа дейін, астық жинау — 4751 мыңнан 823 мың пұтқа дейін кеміді. Өңдеу кәсіпорындары тоқтап қалды. Отынның мүлде жетіспеуі жағдайды қиындата түсті: 1921 жылғы ақпанда уездік атқару комитеті қала азаматтарының тезек дайындауға жарамды көңді сақтауы туралы шешім қабылдады. Деревняларда мата, сабын, сіріңке, керосин жетіспей, азық-түлік жинағандарға ешқандай өтемсіз астық, ет, май және жем тапсырылды.