Қандастар Ассамблея

Білім беру, медицина, банк несие жүйесі

03.04.2013 2619
Банк-несие жүйесінің дамуы Қазақстанның жалпы-ресейлік рыногқа, сауда-ақша байланысына қосылуына жағдай жасап, мұнда Мәскеу, Санкт-Петербург банктерінің және Ресейдің басқа да қаржы орталықтарының филиалдары ашылды. Даланың және Сібірдің басқа қалаларымен салыстырғанда төңкеріске дейінгі Петропавлда халыққа білім беру айтарлықтай деңгейде болды. 1913 жылы мектеп жасындағы жеті мың баланың 3500-і мектепке барды. Мұндай жоғары деңгей тіпті Ресейдің еуропалық бөлігінің ірі өнеркәсіпті қалаларының өзінде болмады. Мұның мәнісі Петропавл ірі қаржы орталығы ретінде мол қалалық қаржыға ие болды. Сөйтіп, осы мақсатқа өз бюджетінің 17 пайызына дейін жұмсай алатын еді. Ал халыққа білім беруге ағарту министрлігі де, епархия және әскери ведомстволар да қаржы бөлді. Мұсылман тұрғындарына деп XVIII ғасырдың өзініе соңында-ақ қалалық мешіттің жанынан медіреселер ашылды. Әрі ауылдарда мектептер жұмыс істеді. 1840 жылдан бастап ерлердің, ал 1864 жылдан — әйелдердің діни училищелері болды. Әйелдер училищесі кейінде әйелдердің гимназиясына айналды. 1876 жылы қазақтың ер балаларына арналған интернат, ал екі жылдан соң дала байларының қыздарына арналған интернат ашылды. 1896 жылы жеке адамдардың қаражатына бастауыш мектеп ашылды. 1903 жылы реалды училище алғашқы оқушыларды қабылдады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан бір жыл бұрын Петропавлда әйелдер гимназиясы, реалды училище, үш жоғары бастауыш училище, сауда училищесі, екі сыныпты екі училище, 21 бастауыш мектеп және мешіттер жанындағы 12 мұсылман мектептері болды. 1913 жылы Романовтар әулетінің 300 жылдығының құрметіне қалалық дума 500 оқушыға арналған діни училищенің тас ғимаратын салуға қаулы қабылдады. Медициналық қызмет көрсету біртіндеп дами бастады. Сөйтіп, 1868 жылы қаланың 8752 тұрғынына бір дәрігер келсе, қалада бар болғаны жалғыз ғана дәріхана жұмыс істеді. 1863 жылы көпес Муратов қалалық аурухананы орналастыру үшін қалаға бір қабатты тас ғимаратты тарту етті. 1907 жылы осы емханада небары 18 кереует болды. Соған қоса он кереуеттік уездік аурухана және перзентхана болды. Осының бәрі 33 мың қала тұрғындарына және соған қосымша Петропавл уезіне шаққандағы жағдай еді. Сол 1907 жылы қалада 10 дәрігер, 15 фельдшер, 4 акушер және бір тіс дәрігері болды. Олардың көбі жеке емдеумен айналысты. XIX ғасырда қалада қандай да бір болмасын мәдени-ағарту мекемелері жоқ еді. Тек қана жергілікті дворяндардың уақыт өткізуіне арналып, қалалық саябақта 1870 жылдары салынған ізгілікті жиналыстың ағаш ғимараты болды. XIX ғасырдың соңында қоғамдық кітапханалар ашу туралы мәселе қойылды. Ол жеке қаржыларға салынды. Сол кезде көпестер клубы бой көтерді.

Банк-несие жүйесінің дамуы Қазақстанның жалпы-ресейлік рыногқа, сауда-ақша байланысына қосылуына жағдай жасап, мұнда Мәскеу, Санкт-Петербург банктерінің және Ресейдің басқа да қаржы орталықтарының филиалдары ашылды.

Даланың және Сібірдің басқа қалаларымен салыстырғанда төңкеріске дейінгі Петропавлда халыққа білім беру айтарлықтай деңгейде болды. 1913 жылы мектеп жасындағы жеті мың баланың 3500-і мектепке барды. Мұндай жоғары деңгей тіпті Ресейдің еуропалық бөлігінің ірі өнеркәсіпті қалаларының өзінде болмады. Мұның мәнісі Петропавл ірі қаржы орталығы ретінде мол қалалық қаржыға ие болды. Сөйтіп, осы мақсатқа өз бюджетінің 17 пайызына дейін жұмсай алатын еді. Ал халыққа білім беруге ағарту министрлігі де, епархия және әскери ведомстволар да қаржы бөлді.

Мұсылман тұрғындарына деп XVIII ғасырдың өзініе соңында-ақ қалалық мешіттің жанынан медіреселер ашылды. Әрі ауылдарда мектептер жұмыс істеді. 1840 жылдан бастап ерлердің, ал 1864 жылдан — әйелдердің діни училищелері болды. Әйелдер училищесі кейінде әйелдердің гимназиясына айналды. 1876 жылы қазақтың ер балаларына арналған интернат, ал екі жылдан соң дала байларының қыздарына арналған интернат ашылды. 1896 жылы жеке адамдардың қаражатына бастауыш мектеп ашылды. 1903 жылы реалды училище алғашқы оқушыларды қабылдады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан бір жыл бұрын Петропавлда әйелдер гимназиясы, реалды училище, үш жоғары бастауыш училище, сауда училищесі, екі сыныпты екі училище, 21 бастауыш мектеп және мешіттер жанындағы 12 мұсылман мектептері болды. 1913 жылы Романовтар әулетінің 300 жылдығының құрметіне қалалық дума 500 оқушыға арналған діни училищенің тас ғимаратын салуға қаулы қабылдады.

Медициналық қызмет көрсету біртіндеп дами бастады. Сөйтіп, 1868 жылы қаланың 8752 тұрғынына бір дәрігер келсе, қалада бар болғаны жалғыз ғана дәріхана жұмыс істеді. 1863 жылы көпес Муратов қалалық аурухананы орналастыру үшін қалаға бір қабатты тас ғимаратты тарту етті. 1907 жылы осы емханада небары 18 кереует болды. Соған қоса он кереуеттік уездік аурухана және перзентхана болды. Осының бәрі 33 мың қала тұрғындарына және соған қосымша Петропавл уезіне шаққандағы жағдай еді. Сол 1907 жылы қалада 10 дәрігер, 15 фельдшер, 4 акушер және бір тіс дәрігері болды. Олардың көбі жеке емдеумен айналысты.

XIX ғасырда қалада қандай да бір болмасын мәдени-ағарту мекемелері жоқ еді. Тек қана жергілікті дворяндардың уақыт өткізуіне арналып, қалалық саябақта 1870 жылдары салынған ізгілікті жиналыстың ағаш ғимараты болды. XIX ғасырдың соңында қоғамдық кітапханалар ашу туралы мәселе қойылды. Ол жеке қаржыларға салынды. Сол кезде көпестер клубы бой көтерді.

Ұқсас материалдар