Қандастар Ассамблея

ХХ ғасырдың басы

03.04.2013 2664
Бірақ сауда-саттықтың көбі керуен тасымалымен жасалмады. Қазақ кәсіпкерлерімен сауда-саттық бұдан гөрі маңызды еді. Олар сатуға жылқы, сиыр, қойларды әкелді. Кейбір жылдары Петропавл базарларына 1 миллионнан аса мал айдалатын болды. Қаладан қазақ ауылдарына негізінен маталар әкелінді. Олар Бұқараны, Ташкенді және Қытайды тұтастай алғандақыдай мөлшерде тұтынылды. Оның мысалы мынадай: 1860 жылы Петропавл кедені арқылы өткен 6903 мың аршын сисаның 3051 мың аршынын жергілікті тұрғындар сатып алды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында жергілікті сауда-саттыққа Петербургтің, Мәскеудің, Қазанның, Уфаның және басқа қалалардың көпестері қосылды. Олар Еуропа елдеріне және Ресейге мал өнімдерін сатып алды. Петропавлда алуан тауарлар қойылған дүкендер пайда болды. 1908 жылы қалада 677 дүкенше болды. Көпестердің саны да өте жылдам өсті. Сол уақытта жергілікті көпестер Америкамен, Англиямен, Голландиямен, Германиямен, Түркиямен және басқа да елдермен кеңінен сауда-саттық жасады. Өз кезегінде Петропавлда да шет елдердің сауда фирмалары орналасты. Әлемдік рыноктың мұқтаждарына орайластырылған мал шаруашылығ далалық өлкенің өзіне тән өндіріс саласына айналды. Нью-Йорктың, Бостон мен Филадельфияның саудагерлері мал шаруашылығы өнімдерін ықыласпен сатып алатын болды. Бірінші Дүниежүзілік соғыстан бұрын Петропавлдан Амеркиға, Еуропаға терілер, тұздалған және құрғақ қой ішектері, жылқының жалдары, аң терілері мен шошқа еті жеткізіліп тұрды. Әсіресе, осында иленген терілер онда жақсы бағаланды. Американың рыноктарында олар Семейдің, Орынбордың және Қостанайдың өнімдерінен гөрі артық бағамен сатылды. Ривель арқылы Англия мен Бельгияға жылқының қылы, сары май, басқа да өнімдері тасып, жеткізілді. ХІХ ғасырдың соңында қалада өнеркәсіп қалыптасып, дами бастады. Мал өнімдерін өңдейтін шағын өндірістер – май қайнататын, былғары, сабын қайнататын, қой етін өңдейтін және желім зауыттары ашылды. Кірпіш шығаратын кәсіпорындар, мақта мен түйе жүнін өндейтін зауыттар пайда болды. Мақта Орта Азиядан әкелініп тұрды. ХХ ғасырдың басында Петропавлда өнеркәсіп кәсіпорындарының саны айтарлықтай артты: 1908 жылы мұнда 974 адам жұмыс істеген 137 зауыт болды. Жергілікті өндірістердің көбіндегі жабдықтар өте қарапайым еді. Оларға қарағанда өнімдерін сыртқа шығаратын май зауыттары біршама жақсы жарақтандырылды – бұларда сол кездегі техникалық жаңалық болып саналған жетілдірілген сүтайырғыштар болды. 1915 жылы қалада ірі қазыналық консерв зауыты ашылды, ол әскердің мұқтаждарын қамтамасыз етті – бастапқыда мұнда бірнеше жүздеген адам жұмыс істеді.

Бірақ сауда-саттықтың көбі керуен тасымалымен жасалмады. Қазақ кәсіпкерлерімен сауда-саттық бұдан гөрі маңызды еді. Олар сатуға жылқы, сиыр, қойларды әкелді. Кейбір жылдары Петропавл базарларына 1 миллионнан аса мал айдалатын болды. Қаладан қазақ ауылдарына негізінен маталар әкелінді. Олар Бұқараны, Ташкенді және Қытайды тұтастай алғандақыдай мөлшерде тұтынылды. Оның мысалы мынадай: 1860 жылы Петропавл кедені арқылы өткен 6903 мың аршын сисаның 3051 мың аршынын жергілікті тұрғындар сатып алды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында жергілікті сауда-саттыққа Петербургтің, Мәскеудің, Қазанның, Уфаның және басқа қалалардың көпестері қосылды. Олар Еуропа елдеріне және Ресейге мал өнімдерін сатып алды. Петропавлда алуан тауарлар қойылған дүкендер пайда болды.

1908 жылы қалада 677 дүкенше болды. Көпестердің саны да өте жылдам өсті. Сол уақытта жергілікті көпестер Америкамен, Англиямен, Голландиямен, Германиямен, Түркиямен және басқа да елдермен кеңінен сауда-саттық жасады. Өз кезегінде Петропавлда да шет елдердің сауда фирмалары орналасты.

Әлемдік рыноктың мұқтаждарына орайластырылған мал шаруашылығ далалық өлкенің өзіне тән өндіріс саласына айналды. Нью-Йорктың, Бостон мен Филадельфияның саудагерлері мал шаруашылығы өнімдерін ықыласпен сатып алатын болды. Бірінші Дүниежүзілік соғыстан бұрын Петропавлдан Амеркиға, Еуропаға терілер, тұздалған және құрғақ қой ішектері, жылқының жалдары, аң терілері мен шошқа еті жеткізіліп тұрды. Әсіресе, осында иленген терілер онда жақсы бағаланды. Американың рыноктарында олар Семейдің, Орынбордың және Қостанайдың өнімдерінен гөрі артық бағамен сатылды. Ривель арқылы Англия мен Бельгияға жылқының қылы, сары май, басқа да өнімдері тасып, жеткізілді.

ХІХ ғасырдың соңында қалада өнеркәсіп қалыптасып, дами бастады. Мал өнімдерін өңдейтін шағын өндірістер – май қайнататын, былғары, сабын қайнататын, қой етін өңдейтін және желім зауыттары ашылды. Кірпіш шығаратын кәсіпорындар, мақта мен түйе жүнін өндейтін зауыттар пайда болды. Мақта Орта Азиядан әкелініп тұрды.

ХХ ғасырдың басында Петропавлда өнеркәсіп кәсіпорындарының саны айтарлықтай артты: 1908 жылы мұнда 974 адам жұмыс істеген 137 зауыт болды. Жергілікті өндірістердің көбіндегі жабдықтар өте қарапайым еді. Оларға қарағанда өнімдерін сыртқа шығаратын май зауыттары біршама жақсы жарақтандырылды – бұларда сол кездегі техникалық жаңалық болып саналған жетілдірілген сүтайырғыштар болды. 1915 жылы қалада ірі қазыналық консерв зауыты ашылды, ол әскердің мұқтаждарын қамтамасыз етті – бастапқыда мұнда бірнеше жүздеген адам жұмыс істеді.

Ұқсас материалдар