Қандастар Ассамблея

1765-1875 ж.ж.

03.04.2013 1954
Ресеймен қалыптасқан саяси байланыстар сауданың өсуіне қол жеткізді, қазақ көпестері алым төлеуден босатылды. Сыртқы істер алқасының 1771 жылғы жарлығымен Қасырет белдеуі арқылы көшпенділердің өтуіне рұқсат етілді, ал 1788 және 1797 жылдардағы жарлықтармен қазақтарға Ресей иеліктерінің ішіне қоныстануға құқық берілді. Белдеуді орнатқаннан кейінгі 20-30 жылда бекіністер мен редуттардың тұрмысы қатты өзгерді. 1765 жылы бекіністе белдеудегі алғашқы мектеп ашылды, онда әскерилердің және отставкадағы солдаттардың балалары оқыды. 1786 жылы әскери почтаға қосымша азаматтық почта да ашылды. Бұл туралы Мәскеудің бас почтамтына хабар беріліп, ол почта тасымалдарының анық кестесін бекітті де содан бастап бекіністің тұрғындары империяның кез келген түкпіріне хаттар жіберетін болды. Құрылыстың көбі ойдағы-төменгі форштадта орналасты. Осында маусымдың сауда алаңы жұмыс істеді. Оның болуын бекіністің басшылығы да, сонымен бірге қазақтың рубасылары да қалады. Дереккөздерінде Пестрое көлінің маңында Абылай ханның жақын серігі Құлсары батырдың үлкен жәрмеңкесі туралы айтылады. Жоғарғы форштадта қазақтың билік басындағы хандарымен жақын қарым-қатынас орнатуға мүдделі болған Ресей әкімшілігі Абылай ханға арнап салып берген Елшілік үйі тұрғызылды. 1782 жылғы патша жарлығымен Уфа және Тобыл губернияларының шекарасында төрт мешіт құрылысына қазынадан 20 мың сом бөлінді. Соның бірі он екі жыл өтекннен кейін Петропавл бекінісінің ойдағы бөлігіне салынды. Сауда жергілікті тұрғындармен қарым-қатынасты қалыптастыруға жағдай жасады. Мұны әскери басшылық қазақ жерлерінде Ресей ықпалын таратуды қамтамасыз етудің әсерлі көзі деп білді. Бұл ретте, сауданың екі жаққа пайдалы болғанын атап көрсету керек. Абылайханның табанды талап етуінің арқасында бекініс іргесінде Сібірдегі ірі жәрмеңке мен кеден орналастырылды. Бұдан кейін де жәрмеңке саудасы Есіл бойының басқа да редуттары мен шаруалар қоныстарында кең тарады. Уақыт өтіп, бекініс ұлғайды да қалаға айналды. 1834 жылы Петропавлда 18 көше, 9 қысқа көше, 8 тас үй және 970-тен аса ағаш үй, аурухана, төрт шарапхана, бір былғары және 2 май қайнату зауыты, 12 ұста, 2 жел диірмен және 4 мыңдай тұрғындар болды. 1849 жылы жоғарғы қалада екпінді құрылыс басталды. Бұған 435 үйді және тауарларымен бірге 106 дүкеншелерді құртып кеткен өрт негіз болды. 1858 жылы ІІ Александр қаланың жоспарын бекітті. Ал төрт жыл өткен соң ол жаңа, біршама өзгертілген жобаны бекіткен. Қаланы жоғарғы жақта салуойластырылып, ол бекіністің түстігі мен шығысына қарай өсті. 1868 жылы Петропавлда енді 39 көше, 30 қысқа көше, 75 тас үй және 1394 ағаш үй, 319 сауда дүкеншесі және 8762 тұрғын болды. 1870 жылдардың аяғына таман қазақтармен сауда жасау үшін тастан Алмасу ауласын салды.

Ресеймен қалыптасқан саяси байланыстар сауданың өсуіне қол жеткізді, қазақ көпестері алым төлеуден босатылды. Сыртқы істер алқасының 1771 жылғы жарлығымен Қасырет белдеуі арқылы көшпенділердің өтуіне рұқсат етілді, ал 1788 және 1797 жылдардағы жарлықтармен қазақтарға Ресей иеліктерінің ішіне қоныстануға құқық берілді.

Белдеуді орнатқаннан кейінгі 20-30 жылда бекіністер мен редуттардың тұрмысы қатты өзгерді. 1765 жылы бекіністе белдеудегі алғашқы мектеп ашылды, онда әскерилердің және отставкадағы солдаттардың балалары оқыды. 1786 жылы әскери почтаға қосымша азаматтық почта да ашылды. Бұл туралы Мәскеудің бас почтамтына хабар беріліп, ол почта тасымалдарының анық кестесін бекітті де содан бастап бекіністің тұрғындары империяның кез келген түкпіріне хаттар жіберетін болды.

Құрылыстың көбі ойдағы-төменгі форштадта орналасты. Осында маусымдың сауда алаңы жұмыс істеді. Оның болуын бекіністің басшылығы да, сонымен бірге қазақтың рубасылары да қалады. Дереккөздерінде Пестрое көлінің маңында Абылай ханның жақын серігі Құлсары батырдың үлкен жәрмеңкесі туралы айтылады. Жоғарғы форштадта қазақтың билік басындағы хандарымен жақын қарым-қатынас орнатуға мүдделі болған Ресей әкімшілігі Абылай ханға арнап салып берген Елшілік үйі тұрғызылды.

1782 жылғы патша жарлығымен Уфа және Тобыл губернияларының шекарасында төрт мешіт құрылысына қазынадан 20 мың сом бөлінді. Соның бірі он екі жыл өтекннен кейін Петропавл бекінісінің ойдағы бөлігіне салынды.

Сауда жергілікті тұрғындармен қарым-қатынасты қалыптастыруға жағдай жасады. Мұны әскери басшылық қазақ жерлерінде Ресей ықпалын таратуды қамтамасыз етудің әсерлі көзі деп білді. Бұл ретте, сауданың екі жаққа пайдалы болғанын атап көрсету керек. Абылайханның табанды талап етуінің арқасында бекініс іргесінде Сібірдегі ірі жәрмеңке мен кеден орналастырылды. Бұдан кейін де жәрмеңке саудасы Есіл бойының басқа да редуттары мен шаруалар қоныстарында кең тарады.

Уақыт өтіп, бекініс ұлғайды да қалаға айналды. 1834 жылы Петропавлда 18 көше, 9 қысқа көше, 8 тас үй және 970-тен аса ағаш үй, аурухана, төрт шарапхана, бір былғары және 2 май қайнату зауыты, 12 ұста, 2 жел диірмен және 4 мыңдай тұрғындар болды.

1849 жылы жоғарғы қалада екпінді құрылыс басталды. Бұған 435 үйді және тауарларымен бірге 106 дүкеншелерді құртып кеткен өрт негіз болды. 1858 жылы ІІ Александр қаланың жоспарын бекітті. Ал төрт жыл өткен соң ол жаңа, біршама өзгертілген жобаны бекіткен. Қаланы жоғарғы жақта салуойластырылып, ол бекіністің түстігі мен шығысына қарай өсті. 1868 жылы Петропавлда енді 39 көше, 30 қысқа көше, 75 тас үй және 1394 ағаш үй, 319 сауда дүкеншесі және 8762 тұрғын болды. 1870 жылдардың аяғына таман қазақтармен сауда жасау үшін тастан Алмасу ауласын салды.