Қандастар Ассамблея

Палеолит заманындағы өмір

03.04.2013 2280
Солтүстікқазақстандықтар даңқты жауынгерлерінің басқыншылардан басым түскен даңқты жеңістерін, халықтың жақсы тұрмысы жолындағы күресін, адамзат санасы мен рухының сансыз жеңістерін тоғыстырған тарихын мақтан етеді. Олар үшін туған өлкенің өткен күні шабыттың қайнар көзі, отаншылдық мектебі, бүкіл ұлттың тағдырына айтарлықтай ықпал еткен ұланғайыр оқиғалардың шежіресі болып табылады. Солтүстік Қазақстан жерінде адамдар есте жоқ ескі кезеңдерден бері тірлік кешіп келеді. Археологиялық зерттеулер осы өңірде адамның палеолит дәуірінде-ақ өмір сүргенін айғақтайды. Бұл жерлерде адамдардың ерте замандарда ғұмыр сүргенін мемлекеттің қорғауына алынған 468 археологиялық ескерткіштердің көпшілігі дәлелдейді. Есіл өзенінің және оның сағаларының жайылмаларынан табылған көне адамдар қоныстары мезолит және неолит кезеңіне жатады. Мәселен, Иман-Борлық өзенінің оң жағалауында, Айыртау ауданындағы Никольское селосының оңтүстік-шығысында табылған «Ботай» қонысы осыны айғақтайды. Бұл ескерткіш энеолит дәуіріне жатады. Оның аумағы 15 мың шаршы метр болады. Жердің беткі қабатында бүкіл «Ботай» аумағы қоныстанған 80 ойпат – қоныстардың орны жақсы сақталған. Тікбұрышты шаруашылық мақсаттағы құрылыстар негізінен қоныстың шеттерінде, өзен жағалауына таман орнаастырылды. Жергілікті ғалымдар мәдени қабатты қопарған кезде саз балшықтан, тастан және сүйектен жасалған көптеген заттар табылды. Қазбалардың алғашқы сараптардың нәтижелері бұл қоныста шаруашылық қызметтің тұрақты жүргізіліп келгенін анықтауға мүмкіндік береді. Ғалымдар бұл жерде планетамызда тұңғыш рет жылқының қолға үйретілгенін дәлелдейді. Есіл жағасында қола дәуірінің ондаған қоныстары мен қорымдары қазылып алынды. Бұл дәуірде Батыс Сібірдің, Шығыс, Орталық және Солтүстік Қазақстанның кең байтақ далаларында Андронов мәдениетіне жататын тайпалар тұрған. Олар еуропалық антропологиялық тектің өкілдері болды. Біздің дәуірімізге дейінгі ІХ-VІІ ғасырлада Қазақстанның далаларына жаңа экономикалық тұрмысқа бейімделген малшы көшпенділер тайпалары қоныстана бастады. Бір жарым-екі ғасыр бойы шаруашылықтың екі түрі қолданылды, алайда аридизацияға ауысып өзгерген климат жағдайы көшпелі мал шаруашылығының басымдығына жағдай жасады. Мал юасының құрамына орай көне тұрғындардың тұрмыс-салты да соған сәйкес өзгерді. Қоғамдық қатынастарда өзгерістер орын алды. Қазақстан аумағында ерте түркі мемлекеттерінің пайда болуына алғышарттар жасалды.

Солтүстікқазақстандықтар даңқты жауынгерлерінің басқыншылардан басым түскен даңқты жеңістерін, халықтың жақсы тұрмысы жолындағы күресін, адамзат санасы мен рухының сансыз жеңістерін тоғыстырған тарихын мақтан етеді. Олар үшін туған өлкенің өткен күні шабыттың қайнар көзі, отаншылдық мектебі, бүкіл ұлттың тағдырына айтарлықтай ықпал еткен ұланғайыр оқиғалардың шежіресі болып табылады.

Солтүстік Қазақстан жерінде адамдар есте жоқ ескі кезеңдерден бері тірлік кешіп келеді. Археологиялық зерттеулер осы өңірде адамның палеолит дәуірінде-ақ өмір сүргенін айғақтайды. Бұл жерлерде адамдардың ерте замандарда ғұмыр сүргенін мемлекеттің қорғауына алынған 468 археологиялық ескерткіштердің көпшілігі дәлелдейді.

Есіл өзенінің және оның сағаларының жайылмаларынан табылған көне адамдар қоныстары мезолит және неолит кезеңіне жатады.

Мәселен, Иман-Борлық өзенінің оң жағалауында, Айыртау ауданындағы Никольское селосының оңтүстік-шығысында табылған «Ботай» қонысы осыны айғақтайды. Бұл ескерткіш энеолит дәуіріне жатады. Оның аумағы 15 мың шаршы метр болады. Жердің беткі қабатында бүкіл «Ботай» аумағы қоныстанған 80 ойпат – қоныстардың орны жақсы сақталған. Тікбұрышты шаруашылық мақсаттағы құрылыстар негізінен қоныстың шеттерінде, өзен жағалауына таман орнаастырылды. Жергілікті ғалымдар мәдени қабатты қопарған кезде саз балшықтан, тастан және сүйектен жасалған көптеген заттар табылды. Қазбалардың алғашқы сараптардың нәтижелері бұл қоныста шаруашылық қызметтің тұрақты жүргізіліп келгенін анықтауға мүмкіндік береді. Ғалымдар бұл жерде планетамызда тұңғыш рет жылқының қолға үйретілгенін дәлелдейді.

Есіл жағасында қола дәуірінің ондаған қоныстары мен қорымдары қазылып алынды. Бұл дәуірде Батыс Сібірдің, Шығыс, Орталық және Солтүстік Қазақстанның кең байтақ далаларында Андронов мәдениетіне жататын тайпалар тұрған. Олар еуропалық антропологиялық тектің өкілдері болды.

Біздің дәуірімізге дейінгі ІХ-VІІ ғасырлада Қазақстанның далаларына жаңа экономикалық тұрмысқа бейімделген малшы көшпенділер тайпалары қоныстана бастады. Бір жарым-екі ғасыр бойы шаруашылықтың екі түрі қолданылды, алайда аридизацияға ауысып өзгерген климат жағдайы көшпелі мал шаруашылығының басымдығына жағдай жасады. Мал юасының құрамына орай көне тұрғындардың тұрмыс-салты да соған сәйкес өзгерді. Қоғамдық қатынастарда өзгерістер орын алды. Қазақстан аумағында ерте түркі мемлекеттерінің пайда болуына алғышарттар жасалды.

Ұқсас материалдар