Қандастар Ассамблея

Жаңа ұшаққа Хиуаз Доспанованың есімі берілді

02.04.2013 2173
Ұлттық әуе компаниясы 1 сәуірден бастап Атырау-Мәскеу бағытына ұшатын жаңа рейс болатындығын хабарлады. Былтыр сатып алынған «Embraer 190» ұшағына қазақтың даңқты қыздарының бірі, «Халық Қаһарманы», ұшқыш Хиуаз Доспанованың есімі берілді. Аптасына үш мәрте қатынайтын әуе көлігі қазақстандықтарға жолды біршама қысқартып, Мәскеу арқылы Еуропа мен Америкаға жылдам жетуіне ыңғайлы болмақ. Ең арзан билеттердің бару-қайту құны қазірге 47 мың теңге. Бұл бағыт Ұлттық компанияның Ресейдің осымен оныншы қаласына қатынайтын тұрақты рейсі болмақ. Сонымен қатар компанияның болашақта сатып алатын жаңа ұшақтарына да қазақтың қаһарман қыздарының есімдері берілмек. Ерболат ӘМІРОВ, Хиуаз Доспанованың ұлы: - Бізге, анамыздың туыстары үшін, бірге жұмыс істеген шәкірттері үшін бұл үлкен абырой.Тек қана Хиуаз ұшағы емес, жақында Дина Нұрпейісованың, Әмина Өмірзақованың ұшағы т.б атақты әйелдеріміздің есімдері ұшақтарға қойылады. Сондықтан бұл бізге үлкен мәртебе.  24 kz 

Ұлттық әуе компаниясы 1 сәуірден бастап Атырау-Мәскеу бағытына ұшатын жаңа рейс болатындығын хабарлады. Былтыр сатып алынған «Embraer 190» ұшағына қазақтың даңқты қыздарының бірі, «Халық Қаһарманы», ұшқыш Хиуаз Доспанованың есімі берілді.

Аптасына үш мәрте қатынайтын әуе көлігі қазақстандықтарға жолды біршама қысқартып, Мәскеу арқылы Еуропа мен Америкаға жылдам жетуіне ыңғайлы болмақ. Ең арзан билеттердің бару-қайту құны қазірге 47 мың теңге. Бұл бағыт Ұлттық компанияның Ресейдің осымен оныншы қаласына қатынайтын тұрақты рейсі болмақ. Сонымен қатар компанияның болашақта сатып алатын жаңа ұшақтарына да қазақтың қаһарман қыздарының есімдері берілмек.

Ерболат ӘМІРОВ, Хиуаз Доспанованың ұлы:

- Бізге, анамыздың туыстары үшін, бірге жұмыс істеген шәкірттері үшін бұл үлкен абырой.Тек қана Хиуаз ұшағы емес, жақында Дина Нұрпейісованың, Әмина Өмірзақованың ұшағы т.б атақты әйелдеріміздің есімдері ұшақтарға қойылады. Сондықтан бұл бізге үлкен мәртебе. 


24 kz 

Ұқсас материалдар