Қандастар Ассамблея

Мас жігіт электр сымдарымен өрмелеген

02.04.2013 2223
Қытайдың Линьфын қаласында ер адам электр сымдарымен өрмелеп, тұрғындардың зәресін алды, деп хабарлайды 24kz. Жоғары кернеулі сымдарда асылып, бір бағанадан екіншісіне қозғалған батыл жігітке тұрғындар таңдана қарады. Оқиға орнына құтқарушылар мен полицейлер де дереу жетіп, сақтандыру төсенішін орнатты. Қауіпсіздік мақсатында күллі шаһарда жарық сөндіріліп, оқиға орнындағы сымдар тоқтан ажыратылған. Кейіннен жердегі төсенішке құлаған тұрғынның мас екендігі анықталды. Бағына қарай, батыл жігіттің денсаулығына еш зақым келген жоқ. Алайда дәрігерлер оның қан құрамында алькогольдің өте жоғары деңгейде болғандығын растады.  

Қытайдың Линьфын қаласында ер адам электр сымдарымен өрмелеп, тұрғындардың зәресін алды, деп хабарлайды 24kz.

Жоғары кернеулі сымдарда асылып, бір бағанадан екіншісіне қозғалған батыл жігітке тұрғындар таңдана қарады. Оқиға орнына құтқарушылар мен полицейлер де дереу жетіп, сақтандыру төсенішін орнатты. Қауіпсіздік мақсатында күллі шаһарда жарық сөндіріліп, оқиға орнындағы сымдар тоқтан ажыратылған. Кейіннен жердегі төсенішке құлаған тұрғынның мас екендігі анықталды. Бағына қарай, батыл жігіттің денсаулығына еш зақым келген жоқ. Алайда дәрігерлер оның қан құрамында алькогольдің өте жоғары деңгейде болғандығын растады.

 

Ұқсас материалдар