Бішкектің бір көшесіне Шоқан Уәлихановтың аты берілмек

02.04.2013 2211
Бішкек қаласындағы Шу даңғылы мен М.Горький көшесіне дейінгі аралықта жатқан Шолпан-Ата көшесін шығыстанушы, зерттеуші ғалым Шоқан Уәлихановтың есімімен атамақ. Бұл туралы қырғыздың «24kg.org» ақпарат арнасы мәлімдейді. Сондай-ақ, көше атауын өзгертуді ұйымдастыру мен хабарландыру жұмыстарының шығындарына 48 мың сом (бір мың доллардың шамасы) қаржы жұмсауды қажет ететін көрінеді. Қырғыз депутаттарының айтуынша, сонымен қатар қала картасын өзгерту де өзекті мәселенің біріне айналып келеді екен.  Егер ұсыныс жүзеге асатын болса, жоғарыда аталған шығындар жергілікті басқару органының бюджетінен бөлінбек.  BAQ.KZ

Бішкек қаласындағы Шу даңғылы мен М.Горький көшесіне дейінгі аралықта жатқан Шолпан-Ата көшесін шығыстанушы, зерттеуші ғалым Шоқан Уәлихановтың есімімен атамақ. Бұл туралы қырғыздың «24kg.org» ақпарат арнасы мәлімдейді.

Сондай-ақ, көше атауын өзгертуді ұйымдастыру мен хабарландыру жұмыстарының шығындарына 48 мың сом (бір мың доллардың шамасы) қаржы жұмсауды қажет ететін көрінеді. Қырғыз депутаттарының айтуынша, сонымен қатар қала картасын өзгерту де өзекті мәселенің біріне айналып келеді екен. 
Егер ұсыныс жүзеге асатын болса, жоғарыда аталған шығындар жергілікті басқару органының бюджетінен бөлінбек. 

BAQ.KZ

Ұқсас материалдар