Қандастар Ассамблея

Жетістіктері

01.04.2013 5203
  «Ордабасы» командасы – 2011 жылғы  ел кубогінің 2012 жылғы суперкубок жеңімпазы. Бұл клуб тарихында бұрын-соңды болмаған елеулі оқиғалардың бірі. Былтыр облыс спортының тарихына  жағымды  жаңалық енді! Ел Тәуелсіздігінің 20  жылдығына орай, шымкенттің «Ордабасы» футбол командасы өз жанкүйерлеріне  тамаша сый жасады. Қазақстан кубогі жарыс жолында ордабасылықтар  ақтық сында Қостанайдың «Тобылымен» кездесіп, оңтүстікқазақстандықтар  20 жыл бойы арман еткен  ел кубогін жеңіп алды.  Алтын голдың авторы -  футболдан Қазақстан ұлттық құрама мүшесі Мұхтар Мұхтаров.  « Ордабасы» командасы ХХ чемпионатта  32 ойын өткізген болса,  ойыншылар арасынан ең көп   ойынға  қатысқан №12 Артем Касьянов болды. Матчта  доп соққандардың қатарында  командада көш бастаған  ең талантты шабуылдаушы №18- Дәуренбек Тәжімбетов. Оның еншісінде – 11 гол болса, Артем Касьянов -  7 голдың авторы атанды. Команда капитаны  шабуылшы   Қайрат Әшірбековтың   шеберлігінің арқасында  ордабасылықтар шешуші  сәттерде  талай жеңістің  тәтті дәмін татты.  Өзге командалармен  оқ бойы озық тұрып, 2011 жылы «Ордабасы»  клубының  футболшылары  премьер лига командалары арасында  үздік алтылыққа енді. Бұған ең алдымен,  команданы әрдайым  жеңіске  бастаған  бас бапкер Виктор Пасульконың ерен еңбегі бар. Астана арена стадионында ел чемпионы Қарағандының «Шахтер» командасы мен ел кубогының иегері Шымкенттің «Ордабасы» командасы кездесіп жерлестеріміз тағы да тамаша жеңіске қол жеткізді.Ойынның   минутында команда капитаны Қайрат Аширбеков Касяньовтың берген пасын голға айналдырды.  Суперкубокты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тапсырды. Еліміз  Еуропа футбол Одағына  кіргелі қазақ  футболы әлемдік аренада өзіндік  орнын алып,  жыл сайын дамып келеді. Республикамызда премьер-лига командалары арасында облысымыздың намысын қорғаған Шымкенттің  «Ордабасы»  командасы  енді Еуропа лигасында ойнайды.Сондықтанда  әрбір футболшының  өн бойында ұлтжандылық пен  жанкүйер қауымға жеңіс сыйлаймыз деген басты мақсат бар. Жетістіктері мен жеңілістері Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері: Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты ·         2001 — 5:0 («Екібастұз», Екібастұз) ·         2004 — 5:0 («Ақжайық», Орал) ·         2009 — 5:0 («Тараз», Тараз) Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты ·         2000 — 0:5 («Кайсар-Hurricane», Қызылорда) ·         2001 — 0:5 («Есіл-Богатырь», Петропавл) ·         2001 — 0:5 («Атырау», Атырау)   Дереккөзі: «Ордабасы» футбол клубы  

 

«Ордабасы» командасы – 2011 жылғы  ел кубогінің 2012 жылғы суперкубок жеңімпазы. Бұл клуб тарихында бұрын-соңды болмаған елеулі оқиғалардың бірі.
Былтыр облыс спортының тарихына  жағымды  жаңалық енді! Ел Тәуелсіздігінің 20  жылдығына орай, шымкенттің «Ордабасы» футбол командасы өз жанкүйерлеріне  тамаша сый жасады. Қазақстан кубогі жарыс жолында ордабасылықтар  ақтық сында Қостанайдың «Тобылымен» кездесіп, оңтүстікқазақстандықтар  20 жыл бойы арман еткен  ел кубогін жеңіп алды.  Алтын голдың авторы -  футболдан Қазақстан ұлттық құрама мүшесі Мұхтар Мұхтаров. 
« Ордабасы» командасы ХХ чемпионатта  32 ойын өткізген болса,  ойыншылар арасынан ең көп   ойынға  қатысқан №12 Артем Касьянов болды. Матчта  доп соққандардың қатарында  командада көш бастаған  ең талантты шабуылдаушы №18- Дәуренбек Тәжімбетов. Оның еншісінде – 11 гол болса, Артем Касьянов -  7 голдың авторы атанды. Команда капитаны  шабуылшы   Қайрат Әшірбековтың   шеберлігінің арқасында  ордабасылықтар шешуші  сәттерде  талай жеңістің  тәтті дәмін татты.  Өзге командалармен  оқ бойы озық тұрып, 2011 жылы «Ордабасы»  клубының  футболшылары  премьер лига командалары арасында  үздік алтылыққа енді. Бұған ең алдымен,  команданы әрдайым  жеңіске  бастаған  бас бапкер Виктор Пасульконың ерен еңбегі бар.
Астана арена стадионында ел чемпионы Қарағандының «Шахтер» командасы мен ел кубогының иегері Шымкенттің «Ордабасы» командасы кездесіп жерлестеріміз тағы да тамаша жеңіске қол жеткізді.Ойынның   минутында команда капитаны Қайрат Аширбеков Касяньовтың берген пасын голға айналдырды.  Суперкубокты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тапсырды.
Еліміз  Еуропа футбол Одағына  кіргелі қазақ  футболы әлемдік аренада өзіндік  орнын алып,  жыл сайын дамып келеді. Республикамызда премьер-лига командалары арасында облысымыздың намысын қорғаған Шымкенттің  «Ордабасы»  командасы  енді Еуропа лигасында ойнайды.Сондықтанда  әрбір футболшының  өн бойында ұлтжандылық пен  жанкүйер қауымға жеңіс сыйлаймыз деген басты мақсат бар.

Жетістіктері мен жеңілістері

Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері:

Ең үлкен жеңісі

Қазақстан чемпионаты

·         2001 — 5:0 («Екібастұз»Екібастұз)

·         2004 — 5:0 («Ақжайық»Орал)

·         2009 — 5:0 («Тараз»Тараз)

Ең үлкен жеңілістері

Қазақстан чемпионаты

·         2000 — 0:5 («Кайсар-Hurricane»Қызылорда)

·         2001 — 0:5 («Есіл-Богатырь»Петропавл)

·         2001 — 0:5 («Атырау»Атырау)

 

Дереккөзі: «Ордабасы» футбол клубы

 

Ұқсас материалдар