Қандастар Ассамблея

Жетістіктер

01.04.2013 1971
  Алпысыншы жылдары біздің командадағы Виктор Корольков, Олег Игнатьев, Евгений Юркевич, Виктор Абгольц, Владимир Асылбаев, Вадим Храповицкий, Валерий Павлов, Юрий Мелкумов сынды шебер футболшылар жанкүйерледің сүйіктісі болды. Команда тарихындағы айтулы оқиғаның бірі ретінде Қарағандыға 1965 жылы ел чемпионы мәскеулік «Торпедоның" КСРО Кубогы сынының 1/16 финалдық ойынына келуін айтуға болады. Сол кезде «Шахтер» стадионында көрермен саны бойынша рекорд жасалды: «кеншілер» 1:0 есебімен жеңген бұл матчты 35 мың жанкүйер тамашалаған болатын. Екі маусым өткеннен кейін біздің футболшылар күміс медальға қол жеткізіп, жоғары топқа өту мүмкіндігіне қолы сәл жетпей қалды. Сексенінші жылдары «Шахтер» бұрынғы капитан, спорт шебері Серік Әшірбековтің жетекшілігімен екінші лигадағы аймақтық турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл жылдары «Шахтердің" стадионы аузы-мұрнынан шыға толып отыратын: жұртты турнир кестесіндегі жоғары орын мен матч соңында өткізілетін лоторея билеттері емес, кестелі ойын, дегбірді алған дода, соңына дейін не боларын біліп болмайтын тартыс қызықтыратын. «Шахтердің" қазіргі құрамында да талантты ойыншылар жеткілікті. Соның бірі 2003 жылғы чемпионаттың ең ұздік сұрмергені болған шабуылшы Андрей Финонченко. Өткенге оралар болсақ, команда тарихының ең жарқын беттерін келімсек жұлдыздар емес, Қарағанды футболының түлектері жазды. Әр жылдары «Қайраттың" құрамында қарағандылықтар Виктор Абгольц, Владимир Асылбаев, Сергей Ледовских, Юрий Гриджан табысты өнер көрсетті. Ал Мәскеудің «Торпедо» және Днепропетровскінің «Днепр» командаларының сапында Анатолий Зарапин және қазіргі уақытта Фрнацияда тұратын Эдуард Сон КСРО чемпиондары атанды. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалдық турниріне Сергей Стукашов пен Игорь Солощенко қатысты. КСРО және Қазақстан чемпионаттарында ең көп ойын өткізген Сергей Мищенко — 628 (!). Сексенінші жылдары екінші лигада 182 гол соққан Николай Игамбердиев те ғаламат табысқа қол жеткізді. Соңғы жылдары «Шахтер» Қарағанды футбол мектебінің түлектеріне үлкен сенім артады. Бұл саясат өзінің жемісін беріп те жатыр. Қазақстан чемпионаттары мен Кубок жолындағы жарыстарда «Шахтер» сәтті өнер көрсете бастады. 2007 жылы олар ел біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алса, араға бір маусым салып, осы табысын қайталады. 1995 жылғы жетістікті қосқанда «кеншілер» Қазақстанның үш дүркін қола жүлдегері атанды. Дереккөзі: «Шахтер» футбол клубы

 

Алпысыншы жылдары біздің командадағы Виктор Корольков, Олег Игнатьев, Евгений Юркевич, Виктор Абгольц, Владимир Асылбаев, Вадим Храповицкий, Валерий Павлов, Юрий Мелкумов сынды шебер футболшылар жанкүйерледің сүйіктісі болды.

Команда тарихындағы айтулы оқиғаның бірі ретінде Қарағандыға 1965 жылы ел чемпионы мәскеулік «Торпедоның" КСРО Кубогы сынының 1/16 финалдық ойынына келуін айтуға болады. Сол кезде «Шахтер» стадионында көрермен саны бойынша рекорд жасалды: «кеншілер» 1:0 есебімен жеңген бұл матчты 35 мың жанкүйер тамашалаған болатын.


Екі маусым өткеннен кейін біздің футболшылар күміс медальға қол жеткізіп, жоғары топқа өту мүмкіндігіне қолы сәл жетпей қалды. Сексенінші жылдары «Шахтер» бұрынғы капитан, спорт шебері Серік Әшірбековтің жетекшілігімен екінші лигадағы аймақтық турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл жылдары «Шахтердің" стадионы аузы-мұрнынан шыға толып отыратын: жұртты турнир кестесіндегі жоғары орын мен матч соңында өткізілетін лоторея билеттері емес, кестелі ойын, дегбірді алған дода, соңына дейін не боларын біліп болмайтын тартыс қызықтыратын.

«Шахтердің" қазіргі құрамында да талантты ойыншылар жеткілікті. Соның бірі 2003 жылғы чемпионаттың ең ұздік сұрмергені болған шабуылшы Андрей Финонченко. Өткенге оралар болсақ, команда тарихының ең жарқын беттерін келімсек жұлдыздар емес, Қарағанды футболының түлектері жазды. Әр жылдары «Қайраттың" құрамында қарағандылықтар Виктор Абгольц, Владимир Асылбаев, Сергей Ледовских, Юрий Гриджан табысты өнер көрсетті. Ал Мәскеудің «Торпедо» және Днепропетровскінің «Днепр» командаларының сапында Анатолий Зарапин және қазіргі уақытта Фрнацияда тұратын Эдуард Сон КСРО чемпиондары атанды. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалдық турниріне Сергей Стукашов пен Игорь Солощенко қатысты. КСРО және Қазақстан чемпионаттарында ең көп ойын өткізген Сергей Мищенко — 628 (!). Сексенінші жылдары екінші лигада 182 гол соққан Николай Игамбердиев те ғаламат табысқа қол жеткізді.

Соңғы жылдары «Шахтер» Қарағанды футбол мектебінің түлектеріне үлкен сенім артады. Бұл саясат өзінің жемісін беріп те жатыр. Қазақстан чемпионаттары мен Кубок жолындағы жарыстарда «Шахтер» сәтті өнер көрсете бастады. 2007 жылы олар ел біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алса, араға бір маусым салып, осы табысын қайталады. 1995 жылғы жетістікті қосқанда «кеншілер» Қазақстанның үш дүркін қола жүлдегері атанды.

Дереккөзі: «Шахтер» футбол клубы

Ұқсас материалдар