Қандастар Ассамблея

Ресейдің Саратов облысы Наурыз мейрамына шақырады

29.03.2013 2519
30 наурыз күні БҚО-мен көршілес Саратов облысы Озинки ауданында Наурыз мейрамы кеңінен атап өтілмек. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов бастаған БҚО делегациясы қатысады. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Озинкидің орталық алаңында болатын Наурыз мейрамына Саратов облысының аудандары мен қалаларынан делегациялар келмек. Ұлттық киім киген әжелер шашу шашып, Қыдыр ата батасын береді. Театрландырылған көрініс қойылады. Жиналған жұртты әз Наурызбен Саратов облысының губернаторы Валерий Радаев пен Серік Шәпкенов құттықтайтын болады. Әр аудан тіккен киіз үйлердің және ұлттық тағамдардың байқауы, өнер сайысы мереке шырайын аша түспек.  Күрестен, армрестлингтен, кір тасын көтеруден мықтылар сынға түсетін болады.   Орталық алаңдағы концертте Саратовтың шығармашылық ұжымдарымен қатар Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармонияның әртістері де өнер көрсетеді. ҚазАқпарат. 

30 наурыз күні БҚО-мен көршілес Саратов облысы Озинки ауданында Наурыз мейрамы кеңінен атап өтілмек. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов бастаған БҚО делегациясы қатысады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Озинкидің орталық алаңында болатын Наурыз мейрамына Саратов облысының аудандары мен қалаларынан делегациялар келмек. Ұлттық киім киген әжелер шашу шашып, Қыдыр ата батасын береді. Театрландырылған көрініс қойылады. Жиналған жұртты әз Наурызбен Саратов облысының губернаторы Валерий Радаев пен Серік Шәпкенов құттықтайтын болады. Әр аудан тіккен киіз үйлердің және ұлттық тағамдардың байқауы, өнер сайысы мереке шырайын аша түспек.  Күрестен, армрестлингтен, кір тасын көтеруден мықтылар сынға түсетін болады.  

Орталық алаңдағы концертте Саратовтың шығармашылық ұжымдарымен қатар Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармонияның әртістері де өнер көрсетеді.

ҚазАқпарат

Ұқсас материалдар