Қазақстан коммунистік партиясы

08.11.2012 42269
Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 жыл Қазақстан коммунистік партиясы (ҚКП) – Кеңестік кезеңде құрылған жетекші саяси ұйым. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін РСДЖ(б)П ОК-нің көмегімен, жергілікті большевиктік топтардың қатысуымен (басшылары – Ә.Жангелдин, П.Кобозев, т.б.) өлкедегі марксшіл үйірмелер мен ұйымдардың негізінде құрылған. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы мен азамат соғысы жылдары бірыңғай с.-д. ұйымдардың межеленіп бөлінуі орын алып, РК(б)П құрамына ұйымдық түрде енген большевиктік ұйымдар құрылды. 1917 ж. қараша-желтоқсанда Петропавлда, Ақмолада, Әулиеатада, Оралда, Өскеменде, 1918 ж. қаңтарда Семейде, сол жылы наурызда Верныйда, Көкшетауда большевиктік ұйымдар қалыптасты. 1918 маусымда құрылған Түркістан Компартиясының құрамына Сырдария, Жетісу, Торғай және Орал облыстары партия ұйымдарының бір бөлігі енді. 1920 ж. 30 сәуірде РК(б)П респ. большевиктік ұйымның құрылуын дайындауға тиіс Қазақстандағы бірыңғай партиялық орган ретінде Қырғыз (қазақ) обл. бюросын құрды. Оның басшылары С.С. Пестковский (1920 ж. мамыр – маусым), И.А. Акулов (1920 ж. қыркүйек – 1921 ж. қазан), М. Мырзағалиев (1921 ж. қаңтар-мамыр) болды. Қазақстанда партия ұйымдарын РК(б)П-ның бірыңғай обл. ұйымына біріктіріп, нығайту кезеңі басталды. 1921 ж. 11 – 18 маусымда респ. бірінші партия конференциясы өтті. Конференция өлкедегі экономиканың аса маңызды мәселелерін, ұлт мәселесін талқылап, партия және кеңес құрылысының кезекті міндеттерін, обл. партия ұйымын нығайтудың, РК(б)П-ге жұмысшыларды тартудың жолдары мен шараларын белгілеп, обл. партия к-тін сайлады. Қырғыз (қазақ) обл. к-тіне 14 адам кірді, оны төралқа (кейін бюро) басқарды. К-ттің қызметін бақылау үшін 1922 ж. сәуір – 1924 ж. қазан аралығында РК(б)П ОК-нің өкілетті органы жұмыс істеді. Партия ұйымының құрамына Ақмола, Ақтөбе, Бөкей ордасындағы, Қостанай, Орынбор, Семей, Орал губернияларының және Адай уезінің партия мүшелері енді; РК(б)П мүшелері мен кандидаттарының жалпы саны 26 мыңнан асты. РК(б)П Қырғыз (қазақ) обл. к-тінің хатшысы қызметінде М.Мырзағалиев (1921, маусым), М.М. Костеловская (1921, шілде), Г.А. Коростелев (1921, тамыз – 1924, қыркүйек), В.И. Нанейшвили (1924, қыркүйек – 1925, тамыз) жұмыс істеді. К-т ұйымы жер-су реформасын, жаңа экон. саясатты жүргізуге және басқа әлеум.-экон. өзгерістерге басшылық етті. 1921 – 34 ж. Қазақстанның партия ұйымында партия қатарының “тазалығын” қадағалауға және жергілікті партия ұйымдары мен олардың к-ттерін бақылауға тиісті бақылау комиссиялары құрылды. РК(б)П ОК-нің 1925 ж. 19 ақпандағы шешіміне сәйкес Қазақ обл. ұйымы өлкелік ұйым, ал оның басшы органы БК(б)П Қазақ өлкелік к-ті болып өзгертіліп, 1937 жылға дейін осы негізде қызмет етті. Партияның басшылығымен Қазақстанда индустрияландыру, а. ш-н ұжымдастыру, өнеркәсіп өндірісін дамыту, мәдени-ағарту, идеол. үгіт-насихат жұмыстары, т.б. шаралар жүргізілді. Осы жылдары Қазақ өлкелік к-тінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекин (1925, тамыз – 1933, қаңтар) және Л.И. Мирзоян (1933, қаңтар – 1937, сәуір) болды. РК(б)П өлкелік 5-Бүкілқазақстандық конференция (1925, 1 – 7 желтоқсан) өлкелік партия ұйымдарын сайлады, қазақ жерлерінің Кеңес мемлекетіне бірігуін мақұлдады. Осы кезеңде партия ұйымының құрылымы бірнеше рет өзгеріске ұшырады – губерниялық к-ттер таратылып, партияның өлкелік к-ттері, ауд. және обл. к-ттері құрылды. Партия ұйымын идеялық және ұйымдық жағынан нығайту мақсатында партияға лениндік (1925) және қазан (1927) шақырулары, партия қатарын “негізгі тазарту” (1929 – 30) және партиялық құжаттарды ауыстыру (1926 – 35) өткізілді. Осы іс-шаралар барысында 50 мыңға жуық партия мүшесі “әшкереленді”, партия қатарынан шығарылып, саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Партия ұйымының саны 101486 адамнан (1933) 51881 адамға (1937 ж. 1 қаңтар) дейін қысқарды. БК(б)П ОК 1937 ж. 23 сәуірдегі қаулысында БК(б)П Қазақстан өлкелік ұйымын Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясы, ал Қазақстан өлкелік партия к-тін Қазақстан Компартиясының ОК етіп қайта құрды. Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметін 1991 жылға дейінгі аралықта Л.И. Мирзоян (1937, сәуір – 1938, мамыр), Н.А. Скворцов (1938, мамыр – 1945, тамыз), Г.А. Борков (1945, мамыр – 1946, маусым), Ж.Шаяхметов (1946, маусым – 1954, ақпан), П.К. Пономаренко (1954, ақпан – 1955, тамыз), Л.И. Брежнев (1955, тамыз – 1956, наурыз), И.Д. Яковлев (1956, наурыз – 1957, қаңтар), Н.И. Беляев (1957, желтоқсан – 1960, қаңтар), Д.А. Қонаев (1960, қаңтар – 1962, желтоқсан), И.Юсупов (1962, желтоқсан – 1964, желтоқсан), Д.А. Қонаев (1964, желтоқсан – 1986, желтоқсан), Г.В. Колбин (1986, желтоқсан – 1989, маусым), Н.Ә. Назарбаев (1989, маусым – 1991, мамыр) атқарды. Екінші дүниежүз. соғыс жылдары (1941 – 45) ҚКП-нан 82 мың адам Кеңес әскерінің қатарында болды. ҚКП-ның мүшелігіне 128559 адам алынып, әскери іс-қимылдарға жұмылдырылды, халық ш-н соғыс жағдайына сәйкес ұйымдастыруға қатысты. ҚКП тың және тыңайған жерлерді, жер қойнауының байлығын игеру, ірі өнеркәсіп орындарын, т. ж-дар, автожолдар салу істерін басқарды, халық ш-н дамытудың бесжылдық жоспарларын жүзеге асыруда жетекшілік рөл атқарды, идеол. мәселелерді өз қолына алды. Партия қатарының саны 1937 – 91 ж. аралығында 51 мыңнан 842,5 мыңға дейін өсті. 1985 ж. ҚКП-нда 322 жергілікті аумақтық – обл., қ-лық және ауд. ұйымдар болды. Халық ш-ның түрлі салаларындағы өндірісте 22730 бастауыш, 22444 цехтық ұйымдар және 24926 партиялық топтар жұмыс істеді. ҚКП Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құрамдас бөлігі болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ҚКП 1991 ж. 7 қыркүйекте кезектен тыс өткізілген соңғы съезінде өзін-өзі таратты. Партияны Қазақстан Соц. партиясы деп атау туралы шешіммен келіспеген делегаттар партияның 1991 ж. қазандағы 19 съезінде партия атын қайта жаңғыртты. Съезде ҚКП-ның жарғысы мен бағдарламасы қабылданып, тең төрағалары болып Д.Кішібеков пен Л.Корольков сайланды. 1994 ж. 22 қазанда өткен 22 съезде партияның 1-хатшысы болып Б.Төлепбаев сайланды. 1996 жылғы сәуір айынан бастап партияның 1-хатшысы – С.Әбділдин. ҚКП 1994 ж. 28 ақпанда ҚР Әділет мин-нде тіркелген, 1997 ж. 17 ақпанда қайта тіркеуден өткен. Партия республикада бостандық пен әлеум. әділетті қоғам құруға, парламенттік басқару үлгісін жүзеге асыруға ықпал ету үшін күреседі. Жоғары органы – съезд, басшы атқарушы органы – ОК, жұмысшы органы – ОК бюросы, бақылаушы органы – ОБК. Партияның әлеум. негізін қызметкерлер, жұмысшылар, шаруалар, зейнеткерлер, т.б. құрайды. 1993 – 99 ж. аралығында ҚКП-ның баспасөз органы – “Рабочая жизнь” апталығы мен “Коммунист” газеті шығып тұрды, 2000 ж. қарашадан бастап “Правда Казахстана” газеті шығады. Қазақстанның 11 обл. және Астана мен Алматы қ-ларында өкілдіктері жұмыс істейді. Екінші сайланған Парламент Мәжілісіне ҚКП-дан партиялық тізім бойынша екі депутат сайланды. Бір мандатты сайлау округінен сайланған бірнеше парламент депутаты ҚКП-ның және депутаттық топтың құрамына енген. ҚР-ның 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңына сәйкес, ҚКП 2003 ж. 20 наурызда ҚР Әділет мин-нде қайта тіркеуден өтті. Партияның 60 мыңнан астам мүшесі бар. В. Осипов, А. Қалибасұлы Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012 жыл

Қазақстан коммунистік партиясы (ҚКП) – Кеңестік кезеңде құрылған жетекші саяси ұйым. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін РСДЖ(б)П ОК-нің көмегімен, жергілікті большевиктік топтардың қатысуымен (басшылары – Ә.Жангелдин, П.Кобозев, т.б.) өлкедегі марксшіл үйірмелер мен ұйымдардың негізінде құрылған. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы мен азамат соғысы жылдары бірыңғай с.-д. ұйымдардың межеленіп бөлінуі орын алып, РК(б)П құрамына ұйымдық түрде енген большевиктік ұйымдар құрылды. 1917 ж. қараша-желтоқсанда Петропавлда, Ақмолада, Әулиеатада, Оралда, Өскеменде, 1918 ж. қаңтарда Семейде, сол жылы наурызда Верныйда, Көкшетауда большевиктік ұйымдар қалыптасты. 1918 маусымда құрылған Түркістан Компартиясының құрамына Сырдария, Жетісу, Торғай және Орал облыстары партия ұйымдарының бір бөлігі енді. 1920 ж. 30 сәуірде РК(б)П респ. большевиктік ұйымның құрылуын дайындауға тиіс Қазақстандағы бірыңғай партиялық орган ретінде Қырғыз (қазақ) обл. бюросын құрды. Оның басшылары С.С. Пестковский (1920 ж. мамыр – маусым), И.А. Акулов (1920 ж. қыркүйек – 1921 ж. қазан), М. Мырзағалиев (1921 ж. қаңтар-мамыр) болды. Қазақстанда партия ұйымдарын РК(б)П-ның бірыңғай обл. ұйымына біріктіріп, нығайту кезеңі басталды. 1921 ж. 11 – 18 маусымда респ. бірінші партия конференциясы өтті. Конференция өлкедегі экономиканың аса маңызды мәселелерін, ұлт мәселесін талқылап, партия және кеңес құрылысының кезекті міндеттерін, обл. партия ұйымын нығайтудың, РК(б)П-ге жұмысшыларды тартудың жолдары мен шараларын белгілеп, обл. партия к-тін сайлады. Қырғыз (қазақ) обл. к-тіне 14 адам кірді, оны төралқа (кейін бюро) басқарды. К-ттің қызметін бақылау үшін 1922 ж. сәуір – 1924 ж. қазан аралығында РК(б)П ОК-нің өкілетті органы жұмыс істеді. Партия ұйымының құрамына Ақмола, Ақтөбе, Бөкей ордасындағы, Қостанай, Орынбор, Семей, Орал губернияларының және Адай уезінің партия мүшелері енді; РК(б)П мүшелері мен кандидаттарының жалпы саны 26 мыңнан асты. РК(б)П Қырғыз (қазақ) обл. к-тінің хатшысы қызметінде М.Мырзағалиев (1921, маусым), М.М. Костеловская (1921, шілде), Г.А. Коростелев (1921, тамыз – 1924, қыркүйек), В.И. Нанейшвили (1924, қыркүйек – 1925, тамыз) жұмыс істеді. К-т ұйымы жер-су реформасын, жаңа экон. саясатты жүргізуге және басқа әлеум.-экон. өзгерістерге басшылық етті. 1921 – 34 ж. Қазақстанның партия ұйымында партия қатарының “тазалығын” қадағалауға және жергілікті партия ұйымдары мен олардың к-ттерін бақылауға тиісті бақылау комиссиялары құрылды. РК(б)П ОК-нің 1925 ж. 19 ақпандағы шешіміне сәйкес Қазақ обл. ұйымы өлкелік ұйым, ал оның басшы органы БК(б)П Қазақ өлкелік к-ті болып өзгертіліп, 1937 жылға дейін осы негізде қызмет етті. Партияның басшылығымен Қазақстанда индустрияландыру, а. ш-н ұжымдастыру, өнеркәсіп өндірісін дамыту, мәдени-ағарту, идеол. үгіт-насихат жұмыстары, т.б. шаралар жүргізілді. Осы жылдары Қазақ өлкелік к-тінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекин (1925, тамыз – 1933, қаңтар) және Л.И. Мирзоян (1933, қаңтар – 1937, сәуір) болды. РК(б)П өлкелік 5-Бүкілқазақстандық конференция (1925, 1 – 7 желтоқсан) өлкелік партия ұйымдарын сайлады, қазақ жерлерінің Кеңес мемлекетіне бірігуін мақұлдады. Осы кезеңде партия ұйымының құрылымы бірнеше рет өзгеріске ұшырады – губерниялық к-ттер таратылып, партияның өлкелік к-ттері, ауд. және обл. к-ттері құрылды. Партия ұйымын идеялық және ұйымдық жағынан нығайту мақсатында партияға лениндік (1925) және қазан (1927) шақырулары, партия қатарын “негізгі тазарту” (1929 – 30) және партиялық құжаттарды ауыстыру (1926 – 35) өткізілді. Осы іс-шаралар барысында 50 мыңға жуық партия мүшесі “әшкереленді”, партия қатарынан шығарылып, саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Партия ұйымының саны 101486 адамнан (1933) 51881 адамға (1937 ж. 1 қаңтар) дейін қысқарды. БК(б)П ОК 1937 ж. 23 сәуірдегі қаулысында БК(б)П Қазақстан өлкелік ұйымын Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясы, ал Қазақстан өлкелік партия к-тін Қазақстан Компартиясының ОК етіп қайта құрды. Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметін 1991 жылға дейінгі аралықта Л.И. Мирзоян (1937, сәуір – 1938, мамыр), Н.А. Скворцов (1938, мамыр – 1945, тамыз), Г.А. Борков (1945, мамыр – 1946, маусым), Ж.Шаяхметов (1946, маусым – 1954, ақпан), П.К. Пономаренко (1954, ақпан – 1955, тамыз), Л.И. Брежнев (1955, тамыз – 1956, наурыз), И.Д. Яковлев (1956, наурыз – 1957, қаңтар), Н.И. Беляев (1957, желтоқсан – 1960, қаңтар), Д.А. Қонаев (1960, қаңтар – 1962, желтоқсан), И.Юсупов (1962, желтоқсан – 1964, желтоқсан), Д.А. Қонаев (1964, желтоқсан – 1986, желтоқсан), Г.В. Колбин (1986, желтоқсан – 1989, маусым), Н.Ә. Назарбаев (1989, маусым – 1991, мамыр) атқарды. Екінші дүниежүз. соғыс жылдары (1941 – 45) ҚКП-нан 82 мың адам Кеңес әскерінің қатарында болды. ҚКП-ның мүшелігіне 128559 адам алынып, әскери іс-қимылдарға жұмылдырылды, халық ш-н соғыс жағдайына сәйкес ұйымдастыруға қатысты. ҚКП тың және тыңайған жерлерді, жер қойнауының байлығын игеру, ірі өнеркәсіп орындарын, т. ж-дар, автожолдар салу істерін басқарды, халық ш-н дамытудың бесжылдық жоспарларын жүзеге асыруда жетекшілік рөл атқарды, идеол. мәселелерді өз қолына алды. Партия қатарының саны 1937 – 91 ж. аралығында 51 мыңнан 842,5 мыңға дейін өсті. 1985 ж. ҚКП-нда 322 жергілікті аумақтық – обл., қ-лық және ауд. ұйымдар болды. Халық ш-ның түрлі салаларындағы өндірісте 22730 бастауыш, 22444 цехтық ұйымдар және 24926 партиялық топтар жұмыс істеді. ҚКП Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құрамдас бөлігі болды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ҚКП 1991 ж. 7 қыркүйекте кезектен тыс өткізілген соңғы съезінде өзін-өзі таратты. Партияны Қазақстан Соц. партиясы деп атау туралы шешіммен келіспеген делегаттар партияның 1991 ж. қазандағы 19 съезінде партия атын қайта жаңғыртты. Съезде ҚКП-ның жарғысы мен бағдарламасы қабылданып, тең төрағалары болып Д.Кішібеков пен Л.Корольков сайланды. 1994 ж. 22 қазанда өткен 22 съезде партияның 1-хатшысы болып Б.Төлепбаев сайланды. 1996 жылғы сәуір айынан бастап партияның 1-хатшысы – С.Әбділдин. ҚКП 1994 ж. 28 ақпанда ҚР Әділет мин-нде тіркелген, 1997 ж. 17 ақпанда қайта тіркеуден өткен. Партия республикада бостандық пен әлеум. әділетті қоғам құруға, парламенттік басқару үлгісін жүзеге асыруға ықпал ету үшін күреседі. Жоғары органы – съезд, басшы атқарушы органы – ОК, жұмысшы органы – ОК бюросы, бақылаушы органы – ОБК. Партияның әлеум. негізін қызметкерлер, жұмысшылар, шаруалар, зейнеткерлер, т.б. құрайды. 1993 – 99 ж. аралығында ҚКП-ның баспасөз органы – “Рабочая жизнь” апталығы мен “Коммунист” газеті шығып тұрды, 2000 ж. қарашадан бастап “Правда Казахстана” газеті шығады. Қазақстанның 11 обл. және Астана мен Алматы қ-ларында өкілдіктері жұмыс істейді. Екінші сайланған Парламент Мәжілісіне ҚКП-дан партиялық тізім бойынша екі депутат сайланды. Бір мандатты сайлау округінен сайланған бірнеше парламент депутаты ҚКП-ның және депутаттық топтың құрамына енген. ҚР-ның 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңына сәйкес, ҚКП 2003 ж. 20 наурызда ҚР Әділет мин-нде қайта тіркеуден өтті. Партияның 60 мыңнан астам мүшесі бар.

В. Осипов, А. Қалибасұлы

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Ұқсас материалдар