Қандастар Ассамблея

Жосалы кенті

28.03.2013 4910
  Жосалы кентінің атауы бұрын 1903-05 жылдары «Қосқорған» деп аталған. «Қосқорған» мекенінің орны «Қараторғайдан» әрі, бұрынғы Каленин учаскесінің тұсында. Дарияның арғы бетінде және батысында 2-3 шақырым жерде ескі қаланың орны бар. Міне, осы қатар жатқан екі қаланы Қосқорған деп аталған болуы керек. Жосалы кентінің оңтүстігіне қарай 20 шақырым жердегі үлкен төбеде «Жоса» тасы болған. Сондықтан 1905 жылы салынған теміржол стансасы осы Жосалы төбесінің атымен «Жосалы стансасы» деп аталған. Қарсақбай мыс қорыту комбинатына алғашқы апарылған қажетті-техникалар Жосалы стансасына дейін темір жол арқылы жеткізіліп, одан кейін көлікпен, автомашинамен тасылған. Ұлы Октябрь социалистік ревалюциясына дейін Қармақшы Сырдария губерниясының Қазалы уезіне қараған. Орынбор-Ташкент темір жолының салынуына байланысты 1905 жылдың өзінде Жосалы темір жол станциясы жұмысшылары арасында революциялық комитеттер мен большевиктік топтар құрылған. Жосалы кенті – Қармақшы ауданының орталығы, Қызылорда қаласынан солтүстік – батысқа қарай 147 км жерде, Қараөзек өзенінің Сырдарияға құяр тұсында қамыс, құрақ аралас әр түрлі шөлдік белдемінде орналасқан. Жосалы – 1906 жылы темір жол стансасы ретінде іргесі қаланған. 1939 жылдан қала типтес қыстақ, Қармақшы ауданының орталығы болды. Округтік партия комитетінің әкімшілік – территориялық жағынан Қызылорда, Қазалы уездеріне аудандастыру туралы 1928 жылғы сәуірдегі қаулысы бойынша сол жылы Қармақшы өз алдына жеке аудан болды. 1925-26 жылдары Жосалыда механикалық зауыт, 350 орындық автобаза салынған. 1980 жылы «Қорқыт Ата» мемориалдық кешені салынды. 1932 жылдың 12 сәуір күні аудан айнасы «Екпінді» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Қазіргі таңда Жосалы кентінің аумағы 17367 шаршы метр Халқының саны 20 180 адамды құрайды. Кент орталығында 51 мемлекеттік, 2 қазыналық мекемелер мен кәсіпорындар, 5 акционерлік қоғам, 22 жауапкершілігі шектелген және 4 толық серіктестіктер бар. Оларға құрылыс, көлік, сауда, тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары біріктірілген. Бұдан басқа 2 ұн ақтайтын, 4 күріш өндіретін цехтар мен кәсіпорындар жұмыс істейді. Ауданның орталығында 8 мектепке дейінгі мекеме, 7 жалпы білім беретін мектеп, 1 спорт мектебі, 1 кәсіптік мектеп, 1 оқушылар үйі, 1 әуез мектебі, 1 мешіт, мәдениет үйі, жыраулар үйі, 4 кітапхана, 2 аурухана, 2 дәрігерлік амбулатория, 2 медпункт халыққа қызмет етеді. Тұрғындарды көрші елді мекендермен, облыс орталығымен автомобиль жән теміржолдармен қатынасады. Дереккөзі: Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми веб-сайты

 

Жосалы кентінің атауы бұрын 1903-05 жылдары «Қосқорған» деп аталған. «Қосқорған» мекенінің орны «Қараторғайдан» әрі, бұрынғы Каленин учаскесінің тұсында. Дарияның арғы бетінде және батысында 2-3 шақырым жерде ескі қаланың орны бар. Міне, осы қатар жатқан екі қаланы Қосқорған деп аталған болуы керек.

Жосалы кентінің оңтүстігіне қарай 20 шақырым жердегі үлкен төбеде «Жоса» тасы болған. Сондықтан 1905 жылы салынған теміржол стансасы осы Жосалы төбесінің атымен «Жосалы стансасы» деп аталған.

Қарсақбай мыс қорыту комбинатына алғашқы апарылған қажетті-техникалар Жосалы стансасына дейін темір жол арқылы жеткізіліп, одан кейін көлікпен, автомашинамен тасылған. Ұлы Октябрь социалистік ревалюциясына дейін Қармақшы Сырдария губерниясының Қазалы уезіне қараған. Орынбор-Ташкент темір жолының салынуына байланысты 1905 жылдың өзінде Жосалы темір жол станциясы жұмысшылары арасында революциялық комитеттер мен большевиктік топтар құрылған.

Жосалы кенті – Қармақшы ауданының орталығы, Қызылорда қаласынан солтүстік – батысқа қарай 147 км жерде, Қараөзек өзенінің Сырдарияға құяр тұсында қамыс, құрақ аралас әр түрлі шөлдік белдемінде орналасқан. Жосалы – 1906 жылы темір жол стансасы ретінде іргесі қаланған. 1939 жылдан қала типтес қыстақ, Қармақшы ауданының орталығы болды.

Округтік партия комитетінің әкімшілік – территориялық жағынан Қызылорда, Қазалы уездеріне аудандастыру туралы 1928 жылғы сәуірдегі қаулысы бойынша сол жылы Қармақшы өз алдына жеке аудан болды.

1925-26 жылдары Жосалыда механикалық зауыт, 350 орындық автобаза салынған. 1980 жылы «Қорқыт Ата» мемориалдық кешені салынды. 1932 жылдың 12 сәуір күні аудан айнасы «Екпінді» газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Қазіргі таңда Жосалы кентінің аумағы 17367 шаршы метр

Халқының саны 20 180 адамды құрайды.

Кент орталығында 51 мемлекеттік, 2 қазыналық мекемелер мен кәсіпорындар, 5 акционерлік қоғам, 22 жауапкершілігі шектелген және 4 толық серіктестіктер бар. Оларға құрылыс, көлік, сауда, тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары біріктірілген. Бұдан басқа 2 ұн ақтайтын, 4 күріш өндіретін цехтар мен кәсіпорындар жұмыс істейді. Ауданның орталығында 8 мектепке дейінгі мекеме, 7 жалпы білім беретін мектеп, 1 спорт мектебі, 1 кәсіптік мектеп, 1 оқушылар үйі, 1 әуез мектебі, 1 мешіт, мәдениет үйі, жыраулар үйі, 4 кітапхана, 2 аурухана, 2 дәрігерлік амбулатория, 2 медпункт халыққа қызмет етеді. Тұрғындарды көрші елді мекендермен, облыс орталығымен автомобиль жән теміржолдармен қатынасады.

Дереккөзі: Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми веб-сайты