Қандастар Ассамблея

Құрылуы

28.03.2013 2403
  Қызылорда облысындағы ірі және өнеркәсіпті өңір болып табылатын Шиелі ауданының іргесі сонау 1928-жылы көршілес Жаңақорғанмен бірігіп бір аудан ретінде қаланса,  кейінен жеке аудан ретінде дара шаңырақ көтерді. Аудан жұртшылығы сол уақыттардан бері облысымыздың экономикалық өсімі мен әл-ауқатын көтеруде айтарлықтай үлес қосып келеді. Дала академигі атанған екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтің есімі күріш өсіруден әлемдік рекордты жаңартумен танылса, оның үлгісі кейінгі жастарды адал бейнетке тәрбиелеудегі орнымен де ерекше. Қазақ ғылымының сардары Шахмардан Есенов, жыр дүлдүлі Нартай Бекежановтар да осы өңірдің тумалары. Әулиелі жер деп танылған аймақта ертеректе жабайы шие мол өскен көрінеді. Сондықтан да бастапқыда орыс генералы Скоблевтің тегімен аталған поселка кейіннен 1919-жылы жергілікті халықтың қалауымен Шиелі деп аталынды. Қазіргі аудан орталығы да осы қала типтес көрікті кент болып табылады. Елді мекендері жақын орналасып, халқы тығыз қоныстанған Шиелінің ертеден Орынбор мен Ташкент аралығындағы әйгілі сауда орталығының бірі екендігі тарихтан белгілі. Сауда өріс алған жерде халықтың мол шоғырланатындығы және де түрлі ұлттардың араластығы болатындығы анық. Әрине олардың тату-тәтті өмір сүріп, түсіністікте тіршілік етуі Заң шеңберінде реттелетіндігі белгілі. Ертеректе осы өңірдегі елдің пәтуәсін қызыл тілдің шешені –Досбол датқа, Бала би секілді ел ардақтылары атқарып, жөн-жоралғыны түзу ұстай білсе, Кеңес үкіметі орнағанан бастап бұл міндетті сот алқалары жүргізді деуге толық толық негіз бар. Олай болса, Шиелі аудандық сотының тарихын аудан құрылған жылдан бастағанымыз жөн секілді. Олай дейтініміз, аудандық сот туралы нақты деректер қолымызға түспегенімен сол жылдардан бастап Шиелі ауданында «халық соты» лауазымын атқарған азаматтар жөніндегі мәліметтер кезікті. Атап айтар болсақ, 1929-1932 жылдары Шиелі ауданында ел арасында Төлек сот аталынып кеткен Төлек Есенкелдіқызы халық соты қызметін атқарыпты. Ол мемлекет мүддесін қорғаумен қатар жеке адамдардың да құқығын сақтауда айтарлықтай қызмет атқарған, қара қылды қақ жарар билік айтқан кісі болған көрінеді. Ол кездері халық арасынан жаңаша білім алған сауатты адамдарды табу да оңай болмағаны анық, сондықтан қабілетті кісілер қызмет баспалдағында тез көтеріліп, елге адал қызметтерін арнай білген. Міне, Төлек сот сондай беделді кісілердің бірі. Ол 1920-жылдары ауылдарда «Лекбез» аталатын сауат ашу орындарын ашуға жетекші болумен бірге, сол қысқа курсты үздік бітіргендердің алғашқы легінде болған талантты жас. Колхоздастыру жұмыстарына да белсене араласқан Төлек Есенкелдіқызы Щиелі ауданында 1929-1932 жылдар аралығында халық соты кызметін де атқарады. Ол кісіден кейін Заң мүддесін қорғайтын сот саласында қызмет істеген көптеген азаматтар қоғамның дамуына өздерінің мол үлестерін қоса білді. Көмескі тартқан құжаттардан тапқанымыз мына төмендегіше жалғасар еді, 1939-жылы Ы.Өтепбергенов, 1942-жылы Жүсіпов, 1944-жылы Құрманғазина, 1951-жылы Балымбетов, 1955-жылы А.Байділдаев, Рахманқұловалар, 1957-жылы Өтемұратов, 1958-1962 жылдар аралығында Ахмет Таңатов деген азамат Шиелі аудандық сот төрағасы қызметін атқарыпты. Ал 1963-1968 жылдары Мақпалбай Ақпанбетов аудандық соттың аға судьясы болған екен. 1964-1966 жылдары Шарапат Өміртаев, 1966-1972 жылдары Жақсылық Аяпбергенов аудандық сотты басқарған. Дерек көздері 1969-1971 жылдар аралығында Шиелі ауданында осы салада Серікбол Қанафияновтың қызмет істегендігін көрсетеді. Ал 1973-1979 жылдары Өтеген Жарықбаев, 1979-1982 жылдары Тұңғышбай Оспанов аудандық сот саласына басшылық жасаса, 1982-1984 жылдары Зина Жаңбыршаева, 1984-1985 жыл аралықтарында Кеңес Сұлтанов сот төрағалары болған. Дереккөзі: Шиелі аудандық соты  

 

Қызылорда облысындағы ірі және өнеркәсіпті өңір болып табылатын Шиелі ауданының іргесі сонау 1928-жылы көршілес Жаңақорғанмен бірігіп бір аудан ретінде қаланса,  кейінен жеке аудан ретінде дара шаңырақ көтерді. Аудан жұртшылығы сол уақыттардан бері облысымыздың экономикалық өсімі мен әл-ауқатын көтеруде айтарлықтай үлес қосып келеді. Дала академигі атанған екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтің есімі күріш өсіруден әлемдік рекордты жаңартумен танылса, оның үлгісі кейінгі жастарды адал бейнетке тәрбиелеудегі орнымен де ерекше. Қазақ ғылымының сардары Шахмардан Есенов, жыр дүлдүлі Нартай Бекежановтар да осы өңірдің тумалары.

Әулиелі жер деп танылған аймақта ертеректе жабайы шие мол өскен көрінеді. Сондықтан да бастапқыда орыс генералы Скоблевтің тегімен аталған поселка кейіннен 1919-жылы жергілікті халықтың қалауымен Шиелі деп аталынды. Қазіргі аудан орталығы да осы қала типтес көрікті кент болып табылады.

Елді мекендері жақын орналасып, халқы тығыз қоныстанған Шиелінің ертеден Орынбор мен Ташкент аралығындағы әйгілі сауда орталығының бірі екендігі тарихтан белгілі. Сауда өріс алған жерде халықтың мол шоғырланатындығы және де түрлі ұлттардың араластығы болатындығы анық. Әрине олардың тату-тәтті өмір сүріп, түсіністікте тіршілік етуі Заң шеңберінде реттелетіндігі белгілі. Ертеректе осы өңірдегі елдің пәтуәсін қызыл тілдің шешені –Досбол датқа, Бала би секілді ел ардақтылары атқарып, жөн-жоралғыны түзу ұстай білсе, Кеңес үкіметі орнағанан бастап бұл міндетті сот алқалары жүргізді деуге толық толық негіз бар. Олай болса, Шиелі аудандық сотының тарихын аудан құрылған жылдан бастағанымыз жөн секілді. Олай дейтініміз, аудандық сот туралы нақты деректер қолымызға түспегенімен сол жылдардан бастап Шиелі ауданында «халық соты» лауазымын атқарған азаматтар жөніндегі мәліметтер кезікті. Атап айтар болсақ, 1929-1932 жылдары Шиелі ауданында ел арасында Төлек сот аталынып кеткен Төлек Есенкелдіқызы халық соты қызметін атқарыпты. Ол мемлекет мүддесін қорғаумен қатар жеке адамдардың да құқығын сақтауда айтарлықтай қызмет атқарған, қара қылды қақ жарар билік айтқан кісі болған көрінеді.

Ол кездері халық арасынан жаңаша білім алған сауатты адамдарды табу да оңай болмағаны анық, сондықтан қабілетті кісілер қызмет баспалдағында тез көтеріліп, елге адал қызметтерін арнай білген. Міне, Төлек сот сондай беделді кісілердің бірі. Ол 1920-жылдары ауылдарда «Лекбез» аталатын сауат ашу орындарын ашуға жетекші болумен бірге, сол қысқа курсты үздік бітіргендердің алғашқы легінде болған талантты жас. Колхоздастыру жұмыстарына да белсене араласқан Төлек Есенкелдіқызы Щиелі ауданында 1929-1932 жылдар аралығында халық соты кызметін де атқарады. Ол кісіден кейін Заң мүддесін қорғайтын сот саласында қызмет істеген көптеген азаматтар қоғамның дамуына өздерінің мол үлестерін қоса білді. Көмескі тартқан құжаттардан тапқанымыз мына төмендегіше жалғасар еді, 1939-жылы Ы.Өтепбергенов, 1942-жылы Жүсіпов, 1944-жылы Құрманғазина, 1951-жылы Балымбетов, 1955-жылы А.Байділдаев, Рахманқұловалар, 1957-жылы Өтемұратов, 1958-1962 жылдар аралығында Ахмет Таңатов деген азамат Шиелі аудандық сот төрағасы қызметін атқарыпты. Ал 1963-1968 жылдары Мақпалбай Ақпанбетов аудандық соттың аға судьясы болған екен. 1964-1966 жылдары Шарапат Өміртаев, 1966-1972 жылдары Жақсылық Аяпбергенов аудандық сотты басқарған. Дерек көздері 1969-1971 жылдар аралығында Шиелі ауданында осы салада Серікбол Қанафияновтың қызмет істегендігін көрсетеді. Ал 1973-1979 жылдары Өтеген Жарықбаев, 1979-1982 жылдары Тұңғышбай Оспанов аудандық сот саласына басшылық жасаса, 1982-1984 жылдары Зина Жаңбыршаева, 1984-1985 жыл аралықтарында Кеңес Сұлтанов сот төрағалары болған.

Дереккөзі: Шиелі аудандық соты