Қандастар Ассамблея

Қазақстанның үздік конькишілері Астананың мұз айдынында өнер көрсетеді

28.03.2013 1806
Астанада Қазақстан Республикасының ІІІ қысқы Спартакиадасы аясында конькимен жарысу спорты бастау алды.   «Алау» мұз айдыны сарайында өтіп жатқан жарысқа еліміздің үздік конькишілері қатысуда. Спортшылар республиканың 8 аймағынан келген. Олардың арасында Астанаға жақында ғана келген әлем чемпионы Денис Кузин бар. Таяуда ғана Сочиде ол 1000 метр қашықтыққа жүгіруден жеңімпаз атанып, еліміздің әнұранын әуелеткен болатын. Енді ол республикалық жарыста туған  жері Қостанай облысының намысын қорғайды. Д.Кузин бірінші күні-ақ 1500 м қашықтыққа жүгіруден Спартакиада чемпионы атанды. Мұз үстіндегі бәсеке 10.00-ден 15.00-ге дейін өтіп, 30 наурызға дейін жалғасады. 31 наурызда  «Алау» мұз айдыны сарайында  марафон өтеді.  ҚР ІІІ қысқы Спартакиадасында спорттың 18 түрінен бақ сыналады. Ол биылғы жылдың ақпан айында Қарағанды қаласында шайбалы хоккейден басталған болатын. Енді Өскемен қаласында 4 сәуірде фристайл жарысымен аяқталады.  astana.kz

Астанада Қазақстан Республикасының ІІІ қысқы Спартакиадасы аясында конькимен жарысу спорты бастау алды. 

 «Алау» мұз айдыны сарайында өтіп жатқан жарысқа еліміздің үздік конькишілері қатысуда. Спортшылар республиканың 8 аймағынан келген.

Олардың арасында Астанаға жақында ғана келген әлем чемпионы Денис Кузин бар. Таяуда ғана Сочиде ол 1000 метр қашықтыққа жүгіруден жеңімпаз атанып, еліміздің әнұранын әуелеткен болатын. Енді ол республикалық жарыста туған  жері Қостанай облысының намысын қорғайды. Д.Кузин бірінші күні-ақ 1500 м қашықтыққа жүгіруден Спартакиада чемпионы атанды.

Мұз үстіндегі бәсеке 10.00-ден 15.00-ге дейін өтіп, 30 наурызға дейін жалғасады. 31 наурызда  «Алау» мұз айдыны сарайында  марафон өтеді.

 ҚР ІІІ қысқы Спартакиадасында спорттың 18 түрінен бақ сыналады. Ол биылғы жылдың ақпан айында Қарағанды қаласында шайбалы хоккейден басталған болатын. Енді Өскемен қаласында 4 сәуірде фристайл жарысымен аяқталады. 

astana.kz

Ұқсас материалдар