Орбұлақ шайқасы

08.11.2012 4871
Соңғы редакциялау: 24 қазан 2012 жыл ОРЛҰЛАҚ ШАЙҚАСЫ – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиға. Бұл соғыс 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір сұлтан мен жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында өтті. Ол жайлы мәліметті алғаш айтқан – тарихшы И.Э. Фишер. Осы шайқас жайында орыс тарихшылары А.И. Левшин, И.Я. Златкин, А.П. Чулошников, Гуревич, В.А. Моисеев, қазақ ғалымдары М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров, С.Сейфуллин жазғанымен, бірақ олардың бірде-бірі ұрыс өткен жерді нақтылап айтпайды. Тау қойнауында өткен шайқас туралы тұңғыш деректі жазып қалдырушы – Тобыл әскербасшысы Р.С. Куракин, ал оған бұл соғыс жайындағы мәліметті жеткізушілер Тобылда қызмет еткен, Ресейдің Жоңғарияға барған елшілері Г.Ильин мен К.Кучелев (Кучембердейке). Олардың 1644 жылғы хабарламасында: “Біз барғанда қонтайшы ұлысында болған жоқ… 50 мың әскермен Қазақ ордасының Жәңгір сұлтанымен, Жалаңтөспен және Алатау қырғыздарымен соғысуға кеткен екен”, – деп жазылған. Есім ханның ұлы Жәңгір шығыстан төнген жойқын қатерді көзімен көріп, қазақ руларын біріктіруге, басқыншыларға бірлесе тойтарыс беруге ұмтылды. Бұхара әміршісі, алшын (Кіші жүз) батыры Жалаңтөс баһадүрге хабарласып, көмек сұрады. Бірақ халха билеушісі Алтын ханның ұлы Омбы – Ерденемен, хошот билеушілері Үшүрті (Сесенхан) қонтайшымен және Шокур, Солжан тайпаларымен одақ құрған Батыр қонтайшы Жәңгірдің қазақтарды біріктіру жоспарын жүзеге асырмау мақсатында 50 мың қолмен жедел жорыққа шықты. Жолшыбай жоңғар шеріктері Алай және Тоқмақ қырғыздарының аумағын, бірсыпыра қазақ ауылдарын шапқыншылыққа ұшыратып, 10 мың адамды тұтқындағаны туралы хан ордасы – Түркістанға хабар жетті. Жәңгір шұғыл әрі батыл шешім қабылдап, қазақ жеріне ішкерілеген жоңғарлардың жолын кесу үшін білтелі мылтықпен қаруланған 600 сарбазбен қарсы аттанды. Әлемдік соғыс өнерінің жылнамасына енуге лайық О. ш-нда Жәңгір мылтықпен қаруланған 300 адамды тау ішіндегі тар өзекке ор қазып бекінуге, ал екінші жартысын жоңғарлар тар өзектегі орға жеткенше таудың арғы бетіне жасырына тұруға бұйырады. Оның ойлағаны айнымай келіп, Батыр қонтайшы қаймықпай қорғанған ор-бекініске шабуыл жасайды, сол сәтте Жәңгір жауға ту сыртынан лап қойып, білтелі мылтықтарынан оқ жаудырады. Осы кезде Самарқандтан алшын Жалаңтөс баһадүр 20 мың қолмен көмекке келіп, 10 мыңнан аса адамынан айырылып, күйрей жеңілген жоңғарлар кері шегінеді. Ұлы жеңіске арғын Ағынтай, Қомпай, найман Көксерек, Бөдес, шапырашты Қарасай, төртқара Жиембет жырау, қаңлы Сарбұқа, суан Елтінді, дулат Жақсығұл, қырғыз Көтен мен Табай, т.б. батырлар үлес қосқан. Бұл ұрыс қазақ қолбасыларының стратег. та, тактик. та қабілетті болғанын, жауды алдын-ала зерттеп, барлап барып соғысқанын көрсетеді. Соның арқасында аз күшпен өзінен әлдеқайда көп әскерге тойтарыс беріп қана қоймай, оның 10 мыңнан аса әскерін жойып жіберген. Бұл Еуразия кеңістігіндегі жас мемлекет – Қазақ хандығының тәуелсіздігіне төнген қауіп-қатерді бірнеше жылға кейін шегерген жеңіс еді. Отандық тарихнамада О. ш. өткен жер туралы бір-біріне қарама-қарсы пікірлер бар. Қазақ халқының орта ғ-лардағы тұрмысын зерттеп, тарихи шығармалар жазған қаламгер М.Мағауин “Қазақ тарихының әліппесі” атты еңбегінде ойрат-халха шабуылының хронол. өрбу тізбегін, геогр. орналасу ретін негізге ала отырып, О. ш. Қазақ хандығының құрамына кірген өңірде, қазіргі Қырғыз Республикасының шегінде өтті дейді. Ш.Уәлихановтың “Ыстықкөлге сапар күнделігінде” (1961, 243-б.) қырғыз жерінің қазіргі Алматы обл-ның Райымбек ауд-мен шектесер тұсындағы асудағы қолдан жасалған табиғи ескерткіш – Сантас үйіндісі туралы сипаттай келіп, оны қазақ-жоңғар соғысындағы елеулі бір оқиғамен, яғни қазақтардың жеңісімен байланыстырады. 1990 ж. жазушы Б.Нұржекеев О. ш-ның қазіргі Панфилов ауд-ның Белжайлау алабында өткендігі жөнінде дәлел ұсынды. 1993 ж. 3 шілдеде Алматы обл. Панфилов ауд-ндағы Белжайлау алабында ұлы жеңістің 350 жылдығына арналған той өткізілді. Ұрыс болған жердің атауы Орбұлақ, ал оқиға О. ш. деп аталып, гранит тастан белгі қойылды. Б. Нұржекеев, М. Ізімұлы Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том  

Соңғы редакциялау:

24 қазан 2012 жыл

ОРЛҰЛАҚ ШАЙҚАСЫ – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиға. Бұл соғыс 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір сұлтан мен жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында өтті. Ол жайлы мәліметті алғаш айтқан – тарихшы И.Э. Фишер. Осы шайқас жайында орыс тарихшылары А.И. Левшин, И.Я. Златкин, А.П. Чулошников, Гуревич, В.А. Моисеев, қазақ ғалымдары М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров, С.Сейфуллин жазғанымен, бірақ олардың бірде-бірі ұрыс өткен жерді нақтылап айтпайды. Тау қойнауында өткен шайқас туралы тұңғыш деректі жазып қалдырушы – Тобыл әскербасшысы Р.С. Куракин, ал оған бұл соғыс жайындағы мәліметті жеткізушілер Тобылда қызмет еткен, Ресейдің Жоңғарияға барған елшілері Г.Ильин мен К.Кучелев (Кучембердейке). Олардың 1644 жылғы хабарламасында: “Біз барғанда қонтайшы ұлысында болған жоқ… 50 мың әскермен Қазақ ордасының Жәңгір сұлтанымен, Жалаңтөспен және Алатау қырғыздарымен соғысуға кеткен екен”, – деп жазылған. Есім ханның ұлы Жәңгір шығыстан төнген жойқын қатерді көзімен көріп, қазақ руларын біріктіруге, басқыншыларға бірлесе тойтарыс беруге ұмтылды. Бұхара әміршісі, алшын (Кіші жүз) батыры Жалаңтөс баһадүрге хабарласып, көмек сұрады. Бірақ халха билеушісі Алтын ханның ұлы Омбы – Ерденемен, хошот билеушілері Үшүрті (Сесенхан) қонтайшымен және Шокур, Солжан тайпаларымен одақ құрған Батыр қонтайшы Жәңгірдің қазақтарды біріктіру жоспарын жүзеге асырмау мақсатында 50 мың қолмен жедел жорыққа шықты. Жолшыбай жоңғар шеріктері Алай және Тоқмақ қырғыздарының аумағын, бірсыпыра қазақ ауылдарын шапқыншылыққа ұшыратып, 10 мың адамды тұтқындағаны туралы хан ордасы – Түркістанға хабар жетті. Жәңгір шұғыл әрі батыл шешім қабылдап, қазақ жеріне ішкерілеген жоңғарлардың жолын кесу үшін білтелі мылтықпен қаруланған 600 сарбазбен қарсы аттанды. Әлемдік соғыс өнерінің жылнамасына енуге лайық О. ш-нда Жәңгір мылтықпен қаруланған 300 адамды тау ішіндегі тар өзекке ор қазып бекінуге, ал екінші жартысын жоңғарлар тар өзектегі орға жеткенше таудың арғы бетіне жасырына тұруға бұйырады. Оның ойлағаны айнымай келіп, Батыр қонтайшы қаймықпай қорғанған ор-бекініске шабуыл жасайды, сол сәтте Жәңгір жауға ту сыртынан лап қойып, білтелі мылтықтарынан оқ жаудырады. Осы кезде Самарқандтан алшын Жалаңтөс баһадүр 20 мың қолмен көмекке келіп, 10 мыңнан аса адамынан айырылып, күйрей жеңілген жоңғарлар кері шегінеді. Ұлы жеңіске арғын Ағынтай, Қомпай, найман Көксерек, Бөдес, шапырашты Қарасай, төртқара Жиембет жырау, қаңлы Сарбұқа, суан Елтінді, дулат Жақсығұл, қырғыз Көтен мен Табай, т.б. батырлар үлес қосқан. Бұл ұрыс қазақ қолбасыларының стратег. та, тактик. та қабілетті болғанын, жауды алдын-ала зерттеп, барлап барып соғысқанын көрсетеді. Соның арқасында аз күшпен өзінен әлдеқайда көп әскерге тойтарыс беріп қана қоймай, оның 10 мыңнан аса әскерін жойып жіберген. Бұл Еуразия кеңістігіндегі жас мемлекет – Қазақ хандығының тәуелсіздігіне төнген қауіп-қатерді бірнеше жылға кейін шегерген жеңіс еді. Отандық тарихнамада О. ш. өткен жер туралы бір-біріне қарама-қарсы пікірлер бар. Қазақ халқының орта ғ-лардағы тұрмысын зерттеп, тарихи шығармалар жазған қаламгер М.Мағауин “Қазақ тарихының әліппесі” атты еңбегінде ойрат-халха шабуылының хронол. өрбу тізбегін, геогр. орналасу ретін негізге ала отырып, О. ш. Қазақ хандығының құрамына кірген өңірде, қазіргі Қырғыз Республикасының шегінде өтті дейді. Ш.Уәлихановтың “Ыстықкөлге сапар күнделігінде” (1961, 243-б.) қырғыз жерінің қазіргі Алматы обл-ның Райымбек ауд-мен шектесер тұсындағы асудағы қолдан жасалған табиғи ескерткіш – Сантас үйіндісі туралы сипаттай келіп, оны қазақ-жоңғар соғысындағы елеулі бір оқиғамен, яғни қазақтардың жеңісімен байланыстырады. 1990 ж. жазушы Б.Нұржекеев О. ш-ның қазіргі Панфилов ауд-ның Белжайлау алабында өткендігі жөнінде дәлел ұсынды. 1993 ж. 3 шілдеде Алматы обл. Панфилов ауд-ндағы Белжайлау алабында ұлы жеңістің 350 жылдығына арналған той өткізілді. Ұрыс болған жердің атауы Орбұлақ, ал оқиға О. ш. деп аталып, гранит тастан белгі қойылды.

Б. Нұржекеев, М. Ізімұлы

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том