Қандастар Ассамблея

NASA: АҚШ аумағына метеорит құлауы ықтимал

28.03.2013 2041
мериканың NASA ғарыш агенттігінің әкімшісі Чарльз Болден АҚШ аумағына астероидтың құлау қаупі төніп тұрғандығын мәлім етті, деп хабарлайды Утро.ру. «Жақын аптада астероидтың қаншалықты қауіпті және америкалықтарға нені күту керектігін нақты білетін боламыз. Дегенмен, қандай жағдай болмасын дұға тілей беру керек», - деді агенттік басшысы. Мамандар белгісіз астероидты 22 наурызда АҚШ-тың шығыс жағалауының үстінен жалынды шар түрінде байқаған. Бұның алдында 0,9 метрлік астероидқа «манхэттен» есімі берілген болатын. Оның ұшу траекториясына қарағанда, метеорит шынымен-ақ АҚШ-қа үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Алайда ғалымдар аспан денесінің құлауы екіталай екендігін алға тартып, америкалықтарды сабырға шақыруда. Себебі ірі көлемді астероидтар Жермен 1 мың жылда 1 рет соқтығысады екен. ҚазАқпарат.

мериканың NASA ғарыш агенттігінің әкімшісі Чарльз Болден АҚШ аумағына астероидтың құлау қаупі төніп тұрғандығын мәлім етті, деп хабарлайды Утро.ру.

«Жақын аптада астероидтың қаншалықты қауіпті және америкалықтарға нені күту керектігін нақты білетін боламыз. Дегенмен, қандай жағдай болмасын дұға тілей беру керек», - деді агенттік басшысы.

Мамандар белгісіз астероидты 22 наурызда АҚШ-тың шығыс жағалауының үстінен жалынды шар түрінде байқаған.

Бұның алдында 0,9 метрлік астероидқа «манхэттен» есімі берілген болатын. Оның ұшу траекториясына қарағанда, метеорит шынымен-ақ АҚШ-қа үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Алайда ғалымдар аспан денесінің құлауы екіталай екендігін алға тартып, америкалықтарды сабырға шақыруда. Себебі ірі көлемді астероидтар Жермен 1 мың жылда 1 рет соқтығысады екен.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар