Қандастар Ассамблея

Бакиевтің ұлы 25 жылға сотталды

28.03.2013 1858
Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бәкиевтің ұлы Максим Бәкиев сырттай 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қырғызстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. «2013 жылдың 26 наурызында Бішкек қаласы Бірінші май аудандық сотының үкімімен Даму, инвестициялар мен инновациялар жөніндегі орталық агенттіктің бұрынғы басшысы М.Бәкиев Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 30 бабы (қылмысқа араласу), 303 бабы (сыбайлас жемқорлық) және 306 бабы (келісімшарт жасау, Қырғызстанның мүддесіне қайшы мемлекеттік сатып алулар жүргізу) бойынша және Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 59 бабына сәйкес 25 жылға бас бостандығынан айырылды, оның мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін белгілі бір лауазымды иелену құқығынан айырылды, жазасын күшейтілген режмидегі түзету колониясында өтейді», - делінген хабарламада. Қырғызстан Бас прокуратурасы соттың шешімін ескере отырып, оны Қырғызстанға экстрадициялау жұмыстарын жалғастыруға ниетті.   

Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бәкиевтің ұлы Максим Бәкиев сырттай 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қырғызстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«2013 жылдың 26 наурызында Бішкек қаласы Бірінші май аудандық сотының үкімімен Даму, инвестициялар мен инновациялар жөніндегі орталық агенттіктің бұрынғы басшысы М.Бәкиев Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 30 бабы (қылмысқа араласу), 303 бабы (сыбайлас жемқорлық) және 306 бабы (келісімшарт жасау, Қырғызстанның мүддесіне қайшы мемлекеттік сатып алулар жүргізу) бойынша және Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 59 бабына сәйкес 25 жылға бас бостандығынан айырылды, оның мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін белгілі бір лауазымды иелену құқығынан айырылды, жазасын күшейтілген режмидегі түзету колониясында өтейді», - делінген хабарламада.

Қырғызстан Бас прокуратурасы соттың шешімін ескере отырып, оны Қырғызстанға экстрадициялау жұмыстарын жалғастыруға ниетті. 

 

Ұқсас материалдар